- •5.1 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңдар
- •5.2 Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •5.4 Электр қауіпсіздігі
- •5.5.1 Бұрғылау мұнарасын және бұрғылық қондырғыларды монтаждау-бөлшектеу
- •5.5.2 Бұрғылау қондырғыларын және құрал – саймандарын пайдалану
- •5.6 Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
5 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
5.1 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңдар
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» заңының 4 – бабына сәйкес келесідей қағидаттар белгіленеді:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу.
Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария нұсқаулары жұмыс орындарында және қауіпсіздік әдістерді қолдануға, сонымен бірге нақты кәсіпкерлік жұмыстарды жүргізуге жұмысшыларға арналған негізгі әдістемесі болып табылады.
Әр мамандықтағы жұмысшыларға арналған қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария нұсқаулары цехтың техникалық-әкімшілік қызметкерлері-мен құрастырылып, келісіп, техника қауіпсіздігі бөлімшесімен және кәсіп-орындағы Бас инженерімен бекітіледі.
Жұмыс орнында нұсқама жүргізілгеннен кейін, қауіпсіздік техникасы нұсқауы жұмысшыға беріледі.
Қауіпсіздік техникасы бөлімі еңбек қорғау бойынша өте күрделі жұмыстарды жүргізеді. Еңбек гигиенасы мен мәдениеті, рационалды жарықтандыру, желдету, құрылғылардың дұрыс орналасуы, электр қауіпсіздігі, қоршау техникасы, діріл және шумен күресу, өрт қауіпсіздігі және тағы да басқа еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, бұл бөліммен қадағалануы тиіс.
5.2 Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:
өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатынталаптар;
өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар;
өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістерге және жабдықтарға қойылатын талаптар;
өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптар;
сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптар.
Санитариялық қағидалар жер асты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қолданылмайды.
Өндірістік объектілердегі технологиялық үдерістер мен жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
технологиялық үдерістер мен жабдықтарды әзірлеу және пайдалану кезінде мыналар көзделеді:
1) бастапқы және соңғы өнімде зиянды заттар қоспаларының болуын шектеу, соңғы өнімдерді шаңданбайтын түрлерде шығару;
2) жұмыс істейтін адамдардың зиянды өндірістік факторлармен жанасуын болдырмайтын өндірістік технологияларды қолдану;
3) жабдықтың конструкциясына жұмыс аймағына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түсуінің (таралуының) алдын алатын шешімдер мен қорғаныш құралдарын қолдану;
4) жіті бағытталған әсері бар заттармен жұмыс аймағының ластану жағдайына автоматты бақылау, дабыл және технологиялық үдерісті басқару жүйелерін орнату;
5) тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;
6) технологиялық және желдету шығарындыларын уақтылы жою, зарарсыздандыру, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және көму;
7) зиянды заттар мен факторлардан ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары;
8) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін бақылау;
9) нормативтік-техникалық құжаттамаға қауіпсіздік талаптарын енгізу.
Технологиялық үдерістер мен жабдықтарды әзірлеу барысында химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген химиялық заттар пайдаланылады.
Ылғал бөлу көзі болып табылатын өндірістік жабдық тұмшаланады және төгуге арналған автоматты құрылғымен жабдықталады.
Инфра және ультрадыбыс, шу, жалпы және жергілікті діріл, иондаушы және иондамайтын сәулелену көзі болып табылатын жабдық үшін санитариялық талаптармен белгіленген талаптардың сақталуы көзделуі тиіс.
Технологиялық үдерістерге өндірісті пайдаланудың барлық кезеңдерінің ұзақтығын: іске қосуды реттеу (жоспарлы жөндеуден соң іске қосу), тұрақты пайдалану (пайдалану жылдары бойынша) есептеулер ұсынылады.
Өндірістік үй-жайларда жұмыс орындарындағы, объектінің және тұрғын үй аумағындағы шудың, дірілдің, инфрадыбыстың рұқсат етілген деңгейлері санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Жаңа және қайта жаңартылатын өндірістік объектілерде олардың орындалуы аумақта санитариялық талаптарда белгіленген нормалардан аспайтын шудың деңгейін қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.
Жұмыс орындарындағы көлік-технологиялық және технологиялық дірілдің рұқсат етілген деңгейлері санитариялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың деңгейлері санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Табиғи және жасанды жарықтандыру. Еңбек шарттары - еңбек үрдісінде адамның денсаулығы мен жұмыс қабілеттігіне әсерін тигізетін өндірістік орта факторларының кешені. Қолайлы еңбек шарттарын қамтамасыз етуде жарықтандыру маңызды орын алады. Жарықтандырудың жеткіліксіздігі жұмыстардың жүруін қиындатады, еңбек өнімділігінің және көздің жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі, келеңсіз жағдайларға және ауруларға себепші болады. Өндірістегі табиғи және жасанды жарықтандыру қолданыстағы СНиПа «Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жоспарлау нормасына» сәйкес болу керек: өнімді дайындау бөлмелерінде – 200 лк, қоймада – 50 лк, сауда бөлмесінде – 400 лк; өнімді дайындау және сату бөлмелерінде табиғи жарықтандыру коэффициенті жанынан жарықтандырса – 0,4 – 0,5 %, жоғарыдан – 2%.
СЭС ғимараттын жарықтандыру үшін келесі тәсілдері бар: табиғи, жасанды және аралас.
Табиғи жарықтандыру адамдардың үнемі болатын ғимараттарда қолданылуы керек. Табиғи жарықтандыру қабырғалық, төбелік, аралас (төбелік және қабырғалық) болып бөлінеді.
СЭС сараптамасы жылдың жарық мезгілінде, қалыпты жағдайда зақымдану едәуір төмендейтінін көрсетеді. Көшенің жарығы жол апаттарының санын 20-30 %-ға азайтады. Табиғи жарықтандыру жетіспеген жағдайда аралас (табиғи және жасанды) жарықтандыруды қолдануға болады. Бұл гигиеналық тұрғыдан дұрыс. Жарықтандыру СНиГ РК W2.04 сәйкес болуы керек. Жалпы жарықтандыру дәрежесі цех бойынша бір жалпы жарықтандырудан 200мк су болмауы, ал тетік бөлшектерді қыздыру пештерінде 200 мк аз емес, ТББ аймағында қабатты жарықтандыру жүйесінде 200 мк аз болмауы керек.
Жұмыс бөлмесін жалпы жарықтандыру үшін қуаты 65 Вт лампаларды қолдану қажет.
Электрэнергияның берулік кенеттен өшіп қалуы жағдайында цехты авариялық жарықтандырумен аз дегенде 5% қамтамасыз етеді. Бұл жұмысшылардың негізгі жалға шығуы үшін жұмыс орындарын жұмысты күрт тоқтату мүмкін емес, технологиялық бөлімдерді (газ, пештерінде, бақылаушы ауаны алу құрылғылар циан тұздарымен, қышқылдарымен т.б., жұмыс істеу жағдайда қолданылады.
Құрал – жабдықтардың жергілікті жарықтандыру қауіпсіз. Жергілікті жарықтандыру шамдарын қоректендіру үшін 42 В кернеуді қолданамыз.
Жергілікті жарықтандыру кронштейн конструкциясы барлық талаптар бойынша бекітілуін қосымша амалдарсыз шамдардың бекітуін мүмкіндік береді. Шамдарға электр желісін жеткізу кранштейн ішінде жүргізіледі. Ашық желіге рұқсат етілмейді. Кранштейн шармері мен тараптар конструкциясы желілердің бұрылуын және оларға өңдеу кезінде пайдаланылатын сұйықтардың май түсуін болдырмайды.
Жергілікті жарықтандыру шамдарында қолданылады. Ортаның қалыпты шартын өндіріс ішінде орналасқан әртүрлі длдік жұмыстарынжарықтандыруға пайдаланылатын 2×40 сериялы шамдар қолданылады. Пи – 64 типті тасымалы қос шам агрегаттардағы жұмыс аймағы Пр-260 В. Қауіпті жарылғыштар бөлмесінде уақытша жұмыс кезінде пайдаланылады. Жергілікті жарықтандыру шамдарын қоректендіруді төмендеткіш трансформаторсыз пештің басты электр желілерінен тарамдау көмегімен іске асады. Бұл кезде аппараттың басты желілерінің номиналды тогы 25 А аспаса, онда жарықтандыру міндетті емес.
42 В немесе одан да төмен кернеумен қоректендіруші шамдар транс-форматорлар номиналды токта қорғау аппараттарының жоғарғы кернеуінен қорғалған.
СЭС ғимараттардағы метрологиялық жағдай немесе микроклимат дегеніміз ол адам ағзасына температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай – ақ сырттағы температураның әсер етуімен анықталатын ғимараттағы ішкі ортаның климаты. Микроклимат параметрлері, әрқайсысы өз алдында түрлі үйлесімдер мен ағзадағы физиологиялық процестердің жүруіне, адамның көңіл күйіне, жұмыс істеу қабілетіне (ЖІҚ) үлкен әсерін тигізеді. Бұл – адам ағзасындағы үздіксіз жүретін биологиялық процестердің жылу бөліну немесе Q жылу пайда болудың үнемі жүріп отырумен түсіндіріледі. Оның саны – ағзадағы биохимиялық процестер мен атқарылатын жұмыстың ауырлығына байланысты.
СЭС ғимараттарындағы ауа температурасы атмосфералық ауа температурасын және қоршаған беттердің температурасына тәуелді,ал соңғысы жыл мерзімі мен өндіріс технологиясының түріне байланысты.Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оңтайлы параметрлері суық және жылы жыл кезеңдерінде әртүрлі категориялы жұмыстарды орындауға қолданбалы 10- кестеде келтірілген шамаларға сәйкес болуы тиіс.
Технологиялық процестер едәуір жылу бөлумен сипатталатын көптеген металлургия өндірістерінде, машинажасау және өнеркәсіптің әртүрлі салаларының бірқатар өндірістерінде ауа температурасы жоғары болады.
Организмге және нормаға микроклиматтың өлшемдері, өндірістік микроклиматтың нормасы келесідей бағыттарда жүргізіледі.. Құрастыру жасаған кезде жүйелердің бірлескен кабельдерін төсеу, жалпы коллекторларда немесе эстакадаларда санитарлы және өрт қауіпсіздігіне қарсы талаптарды қауіпсіздік ережелерін сақтаған кезде орындау қажет.
10 – кесте - СЭС бөлмелердің жұмыс орындарындағы микроклимат көрсеткіштерінің оңтайлы шамалар
Жыл мезгілі |
Энергия шығыны бойынша жұмыс категория- сы, Вт |
Ауа температурасы, 0С |
Беттердің темпера- турасы, 0С |
Ауаның салысырма-лы ылғал-дылығы,% |
Ауаның қозғалыс жылдам-дығы, м/с артық емес |
Суық |
Iа139дейін Iб 140-174 Iiа 175-232 Iiб 233-290 III 290 аса |
22-34 21-23 19-21 17-19 16-18 |
21-25 20-24 18-22 16-20 15-19 |
60-40 60-40 60-40 60-40 60-40 |
0,1 0,1 0,2 0,2 0,3 |
Жылы |
Iа139дейін Iб 140-174 Iiа 175-232 Iiб 233-290 III 290 аса |
23-25 22-24 20-22 19-21 18-20 |
22-26 21-25 19-23 18-22 17-21 |
60-40 60-40 60-40 60-40 60-40 |
0,1 0,1 0,2 0,2 0,3 |
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:
Ауа температурасы;
Ауаның қатысты ылғалдығы;
Ауа қозғалысының жылдамдығы;
Жылулық сәулеленудің интенсивтілігі.
Микроклиматтың оптималды көрсеткіші, барлық жұмыс орнына таралады, тұрақты және тұрақты емес жұмыс орындары үшін жіберілген көр-сеткіштер дифференциалды орнатылады. Жұмыс орнындағы температураның қатысты ылғалдылығының және ауа қозғалысының жылдамдық мәндерінің көрсеткіштері.
Тұрақты жұмыс орындарында температура, салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалыс жылдамдылығы тиімді және мүмкін параметрлерінде СН и П РК талаптарына сәйкес келуі керек.
Жылу тралмапараның практикасы мақсатында қоршаулы құрылғылар температурасы 45 оС аспауы керек. Ауа мен пештің бет қабатының температурасының шекті ерекшелігі 30 – 40 оС аспауы тиіс. 0,14 – 0,35 кВт/м2 қарқынды жылу ағыны кезінде ауа қозғалысының жылдамдығын қалыпты жағдайдан 0,2 м/с – ке, ал 35 – 2,80 кВт/м2 дәрежесі кезінде төбеден су себуді қарастыру қажет.
Пештерді және басқа агрегаттарды жөндеу кезінде ауаның температурасы тыныс шығару мүшелері міндетті түрде қорғаумен 40 оС аспауы қажет. Жылу ағыны әсерінен қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу кезінде инфрақызыл сәулелену дәрежесіне тәуелді уақытты шектеу қажет.
Егер қондырғыдағы жұмыс ауаны бүлдіретін зат бөлетін болса, онда оларды жергілікті сору желдеткішімен жабдықтайды. Мұндай жағдайда инструкциялық пештің үстін қырлық перделі шатыр орнатады, шатырға ентін ауа қозғалысының жылдамдығы 1,5 м/с кем емес, жергілікті сору құрылғысы металл емес материалдан (асбес, тексталит, т.б.) жасалған.
Бұл жобада табиғи цехтың желдеткіші механикалық желдеткіш пайдаланылады. АО2 – 11-2, n = 3000 айн/мин W= 300-1 түпкі желдеткіш таңдап алынады.
5.3 Өрт қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңына сәйкес өрт қауіпсіздігі деп адамдардың, мүліктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі аталады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жатады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Өрттің алдын алу шаралары:
құрылыстық-жобалау;
техникалық;
ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өндірісте цементациялық ісамал жағдайында ауа мен газ араласып жарылыс туындауы мүмкін. Ең қауіптісі ол сутек болып табылады, себебі сутек тығыздығы өте аз және ол пеш тоғыспасымен қақпақшасының астында көптеп жиналады. Тағы да ең қауіптісі диссоцияцияланған аммиак болып табылады (оның құрамында сутек пен көміртек қышқылы көп болады).
Жарылыстың пайда болу салдарынан келесі құрал-жабдықтарда жұмыс істеуге тиым салынады:
газдық цементация кезінде муфельдік пешке муфель секциясының толық жалғанбауы;
құм қалқаншасынан ағып куету кезінде, қадағалаушы аспабтар жоқ болса;
муфель ернемек қымтағын қыздырған кезде ол еңейіп бүлініп кетсе;
муфельді қыздыру кезінде, оның қыздырып жалғанған жерінде шытынаулар пайда болса.
Шахталы цементациялық пештерде жұмыс істеген кезде пештің қымтақтығын, тамшылағышын, газжүргішін жиі тексеріп тұру қажет.
