Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМП - ЭТАЛОН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.49 Кб
Скачать

2.2.2. Сұрақ: Жоғары мектептегi оқытудың дамытушылық және тәрбиелеушiлiк принципiн тұжырымдаңыз.

Жауап:

2.2.3. Сұрақ: Оқытудың өздiгiнен дамуға көшу принципiне мысал келтіріңіз.

Жауап: Бұл принцип ЖОО оқыту процессінде оқытушының ақпараттық белгілі бір бөлігін таныстырып, қалған білімдер қорын студенттердің өз бетінше меңгеруіне жағдай туғызуын көздейді. Мысалы,

2.2.4. ЖОО-ғы оқытудың инновациялылығы принципiн ғылымның дамуымен байланыстырып дәлелдеңіз.

Жауап: Бұл принцип ғылымдағы инновацияны оқытуда кіргннізу болып табылады. Педагогикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру бірқатар жағдайлармен анықталады.

  1. Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық түрлендірулер білім берулер жүйесі, түрлер оқу бағытында оқу үрдерісін ұйымдастыру, әдіснамасымен технологиясын түбірімен жаңартуды қажет етеді.

  2. Білім беру мазмұнын ізгелендіру оқу пәндерн көлемін, құрамын өзгерту, жаңа пәндер енгізіп, оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын ізденістіруді қажет етеді.

  3. Оқытушылардың педагогикалық жаңалықтарды қабылдаумен меңгеруге қатысты сипатта өзгереді.

  4. Оқу орындарының нарықтық қатынастарға өтуін бәсекелестік деңгейін көтеруін талап етеді.

2.2.5. Сұрақ: Жоғары мектептегi оқытушының педагогикалық шеберлiгiнің элементтерін байланыстырып шешіңіз.

Жауап: Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: педагогтың іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық, кәсіптік білгірлік, педагогтық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.

Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық педагогтардың, тәрбиешілердің, мұғалімдердің тәрбиеленушілерге адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді.

Гуманистік бағыттылық жүйесі – педагогтардың ынтымақтастық, демократиялық бағыттағы ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.

Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі - кәсіптік білім. Педагогтың кәсіптік білгірлігі – біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден, сол пәнді оқып тани білетін тыңдаушыларға арналады.

Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік - педагогикалық шеберлік жүйелерінің маңызды түрі.

Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі – педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз – педагогтық іс-әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.

Педагогикалық техникалық іскерлік – осы салада білудің екі түрін құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі, екіншісі – педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.

3.2.1. Сұрақ: Жоғары мектептегi оқытудың әдiстерiн классификациялаңыз.

Жауап: ЖМ оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін ол әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс. Оқытушы қызметінің бір функциясы: әдістемелік жұмыстарды қамтиды. Бұл жұмыстар бақылауға алыну үшін ЖОО оқу-әдістемелік кеңесі, факультеттің О.Ә.К. және кафедра ОӘБ байланысты жұмыс жүргізеді.

Ғылыми жұмыс – мақала, монография т.с.с жатады.

Әдістемелік еңбектерге төмендегі кітаптар жатады:

  1. Оқулық – пән стандартын толық қамтитын және болашақ маманның кәсіби қалыптасуын, ақпарттар мен тапсырмалардан тұрады. Олар белгілі бір принциптерге сүйеніп құрастырылады. Олар: білім мазмұнының кешенділігі; білімнің тұтастығы; білімнің жүйелілігі мен бірізділігі; теориянын практикамен байланысы

  2. Оқу құралы – оқулықта қамтылған тақырыптардың біріне арналып жазылатын теориялық білім.

  3. Оқу әдістемелік құрал – бұл еңбек белгілі тақырып төңрегінде теориялық білімдермен қатар олардың қолдануына байланысты практикалық нұсқаларын қоса беруді көздейді

  4. Әдіснамалық құрал – таза практикалық қолданысқа ұсынылатын іс-әрекеттер ақпараты беріледі.

  5. Әдістемелік нұсқау – белгілі бір пән бойынша құрастырылатын еңбектерді түсіндіруде талаптар мен ережелер, шарттар мен ерекшеліктер қамтылады.