Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМП - ЭТАЛОН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.49 Кб
Скачать

2.1.1. Сұрақ: Жоғары мектептегi оқытуды ұйымдастырудың негiзгi формаларын ерекшелеп көрсетіңіз.

Жауап: Оқыту формасы деп іс-әрекеттің бағдарлау сипатын атайды. Оның негізі жетекшісі әдіс болып табылады. Оқыту формалары нақты (сабақ, факультативті сабақтар, курстық жұмыстар, консультация, бақылау формалары, т.с.с.) және жалпы болады.

Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары 3 түрге жіктеледі.

  1. Теориялық формаларына: лекция, семинар сабақтары, арнайы семинар, СӨЖ, СҒЗЖ, СОӨЖ, курстық және дипломдық жұмыстары, оқу экскурсиялары, консультация.

  2. Практикалық формаларына: зертханалық сабақ, практикумдар, өндірістік және дипломдық практикалар.

  3. Бақылау формаларына: коллоквиум, емтихан, сынақ

Сабақ – оқытудың ұжымдық формасы, онда білім алугылаардың тұрақты саны, сабақтың белгілі көлемі, баршаа ортақ оқу бағдарламасымен жұмыс жасайтын қатаң регламенттеуі болуы міндетті.

2.1.2. Сұрақ: Жоғары мектеп оқытушысының жеке басына қойылатын талаптарды қоғамның бүгінгі сұранысымен байланыстырып дәлелдеңіз.

Жауап: Педагогтың сыртқы мәдени бейнесіне қойылатын талаптар:

1. Сыртқы сымбат – кескіні:

а) Бойын тік ұстау

ә) Стол маңына отырғанда еркін отыра білу, қолды стол үстіне қоя білу

б) Қисаймай, түзу жинақты отыру

2. Киім киісі:

а) Таза, ықшам.

ә) Қарапайым, қонымды.

б) Киім түсі жас көлеміне, қызмет бабына лайықты.

в) Шаш қою – жұртшылықтың талғам сезіміне лайықты.

3. Бет-келбет пішіні: ( мимика)

а) Бет-пішіні - сабырлы кейіпті білдіру, жасандылық жоқ .

ә) Кісіге мейірімді, көңілді пейілмен қарау, жайдарлы кейіп таныту.

б) Өзіне сенімді, қошаметшіл.

в) Қарым-қатынаста кішіпейіл.

4. Қол-аяқ, дене қимылы: ( пантомимика)

а) Дене қимылы табиғи ұнамды қозғалыста.

ә) Жүрісі жеңіл, ықшамды.

б) Ерекше абыржу байқалмайды.

в) Сабырлы, байыптылықпен қозғалып жүріп-тұра алады.

Педагогтық шеберліктің басты бір белгісі – оның сөз байлығынан, сөйлеу мәдениетінен байқалады.

2.1.3. Сұрақ: Бүгiнгi педагогика ғылымының методологиялық негiздеріне алынатын ілімдер мен теорияларды топтастырыңыз.

Жауап: Методология ұғымы әдіс тоериясы жайлы ілім деген мағынаны білдіреді. Ғылым әдіснамасы зерттеу жұмысын жүргізуде әдістерді таңдау және оларды орналастырудың принциптері жөніндегі ілім.

Ғылымда методологияның төрт деңгейi анықталған:

  1. Танымның жалпы принципi - философиялық методология.

  2. Жалпығылымдық методология (барынша көп ғылыми пәндерге ықпал ететiн жалпығылымдық концепцияның мазмұны - жүйелiлiк ыңғай, кибернетикалық ыңғай және т.б.).

  3. Нақты-ғылымдық методология (нақтылы бiр зерттеп отырған пәнде қолданылатын зерттеудiң тәсiлдерi принциптерiнiң жиынтығы).

  4. Берiлген нақтылы зерттеудiң методологиясы - эмпирикалық мәлiметтердi алуды және оның бастапқы күйiн бiлудi қамтамасыз ететiн әрекеттер жиынтығы мен зерттеудiң техникасы мен әдiстемесi.

Методологияның жалпығылымдық деңгейiнiң құрылымы мынадай:

-жалпығылымдық проблема;

-жалпығылымдық түсiнiк пен категория;

-жалпығылымдық әдiстер мен танып бiлудiң ыңғайлары;

-жалпығылымдық танымдық әрекеттер;

-жалпығылымдық гипотеза мен теориялар;

-жалпығылымдық принциптер мен заңдар;

-құбылыстың жалпығылымдық сипаты.

Бұл құрылымдар педагогика ғылымының методологиясында яғни дербес-ғылымдық деңгейде көрiнiс табады.

Методологияның өзiнiң қызметiнде бiрнеше функцияларды жүзеге асырады. Олар:

  1. Таным процесiн ынталандыру.

  2. Ғылыми бiлiмнiң құрылымын анықтау және ұйымдастыру.

  3. Ғылым нәтижесiнiң дүниетанымдық интерпретациясы.