Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМП - ЭТАЛОН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.49 Кб
Скачать

1.1.1. Сұрақ: Жоғары мектеп педагогикасы пәнiнің мақсаты мен мiндеттерiн айқындап сипаттаңыз.

Жауап: ЖМП ЖОО болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың оқу тәрбие үрдесін ұйымдастырудың заңдылықтары мен қағидаларын айқындау.

ЖМ педагогикасы ғылым ретіндегі төмендегідей міндеттерді қарастырады:

  1. Білім беру және білім жұйелерін басқару саласындағы заңдылықтарды ашу. Педагогикада заңдылықтар деп арнайы жасалған немесе объективті қалыптасқан жағдайлар мен қол жеткен нәтижелер арасындағы байланыстарды атайды. Нәтижелер ретінде тұлғаның білімділігі, тәрбиелілігі және дамығандығы қарастырылады.

  2. Педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін зерттеу және жалпылау. Бұл міндет, бір жағынан, озық педагогикалық тәжірибені теориялық негіздеу және ғылыми негізде түсіндіру, инновациялық авторлық тұжырымдамаларда бұқаралық педагогикалық тәжірибеге енгізуге болатын идеяларды анықтау, екінші жағынан, педагогикалық қателерді зерттеу және білім беру үрдісінде негативті құбылыстардың туындауының себептерін анықтау.

  3. Тәрбие мен оқытудың жаңа әдістерін, құралдарын, түрлерін, жүйелерін жасау, білім беру құрылымдарын басқару. Бұл міндеттің шешілуі көп жағдайда шектес ғылыми салалардағы жағалықтарды зерттеуге сүйенеді, сонымен бірге білім саласындағы қазіргі әлеуметтік тапсырыстың ерекшелігін дұрыс түсінумен анықталады.

  4. Білім беруді болжау. Білім беру инфрақұрылымының болдамданып тұрған дамуының теориялық модельдері білімберу саясаты мен экономикасын басқару үшін және педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру үшін қажет.

  5. Зерттеулер нәтижелерін тәжірибеге енгізу. Осы міндетті шешудің бір жолы ғылыми-тәжірибелік орталықтар, зертханалар, бірлестіктер болып табылады. Бұл міндеттің тиімді шешілуі көп жағдайда педагог-практивтерлі зерттеуді дайындап жүргізуге және жаңа педагогикалық өнімді жасауға тарту арқылы жүзеге асады.

  6. Инновациялық үрдістердің теориялық және әдіснамалық негіздерін жасау, теория мен тәжірибенің рационалды байланысын күшейту, зерттеушілік және тәжірибелік әрекеттің өзара әсерлесуін нығайту.

1.1.2. Сұрақ: Жоғары мектептегі «оқыту процесі» ұғымының мәнін ашыңыз.

Жауап: Оқыту процесі дегеніміз білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы болып табылады.

Оқыту – студенттер бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің мақсатты түрде өзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында психикалық үрдістер дамиды және олардың көмегімен студенттер білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады.

Оқыту процесі біртұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігінің бірі болып саналады.

Оқыту процесі білім берумен қатар тәрбиелік функцияны да қатар іске асырады. Бұл процесс студенттердің бойында дүниетанымдық, еңбекқорлық, эстетикалық, этикалық ұғым түсініктерді, сондай-ақ жеке тұлғаға тән салауатты өмір салты, дене тәрбиесі секілді қасиеттерді қалыптастырады.

Оқыту процесінің білім беру, тәрбиелік және дамытушы функцияларының бірлігі.

«Процесс» ұғымы қашанда «барысы» деген ұғымның мәнінде қолданылады, яғни бір нәрсенің өтуі, жылжуы деген түсінікті, заңды түрде алмасатын сәттерді түсіндіріледі. Ең кең тараған түрде оқыту процесі төмендегі мақсат, мазмұны, түрлері мен әдістері, нәтижелі бақылаудан тұрады.