Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.7 Кб
Скачать

Биосфераның дамуының әр түрлі кезеңдерінде биоалуантүрліліктің пайда болуы.

12-сұрақ

Архей эрасы және оның сипаттамасы.

Архей эрасы - прекембрийдің үш бөлімшесінің ортаңғысы (осыдан 4-2,5 млрд ж. бұрын). Қазіргі кезде архей ресми түрде эон болып табылады. «Архей» терминін 1872 ж. америкалық геолог Джеймс Дана ұсынған. Жержылнамалық шкалаға сәйкес, архей эоны төрт эраға жіктеледі, олар:

  • еоархей (4500-3600 млн жыл бұрын),

  • палеоархей (3600-3200 млн жыл бұрын),

  • мезоархей (3200-2800 млн жыл бұрын)

  • неоархей эралары (2800-2500 млн жыл бұрын) деп аталады

Архей эрасы және архей тобы ұғымдарының қысқаша аталуы. Грек тілінде archаіos деген сөз ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архей – Жердің геологиялық даму тарихындағы ең ежелгі эра болып табылады. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасына қатысты тау жыныстары осыдан шамамен 3,6 – 4 млрд. жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына ауысу уақыты шамамен 2,6 – 2,8 млрд. жыл бұрын өткен. Архейде қалыптасқан тау жыныстары негізінен метаморфтық өзгерістерге ұшыраған тау жыныстарынан: гнейстен, кристалды тақтатастан, сирек жағдайда амфиболиттен, мәрмәрдан және кварциттен тұрады. Органикалық қалдықтар кездеспейді, бірақ олардың құрамында графиттің ұшырасып қалуы архей эрасында да тіршілік нышаны болғандығын білдіреді. Архейде түзілген тау жыныстары көптеген көне геологиялық құрылымдардың негізін қалайды. Олардың арасында маңызды кендер кездеседі.

«Экологиялық мониторинг»

10-сұрақ

Мұнай және мұнай қалдықтары.Олардың экологиялық мәні.

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.Мұнай өндіру барысында мұнайдан шығатын қалдықтар болады.Бұл қалдықтардың түрлері :құрамында сынабы бар шламдар,мұнаймен ластанған топырақтар,мұнай шламы,өңделген техникалық майлар.

11-сұрақ

Қалдықтар мәселесі.Технологиялық үдерістің экологиялық критерийлері.

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан  басты экологиялық проблемалардың бірі — қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс мәселесі. Қазіргі уақытта мұндай қалдықтардың 97 пайызы алдын ала сұрыпталмай, санитарлық стандарттар талаптарына сай емес, бейімделмеген қоқыс алаңдарына шығарылады. Қалдықтарды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады: бөлек жинау, тасымалдау, сұрыптау және заласыздандыру  немесе қайта өңдеу. Осындай сұрыптау және қайта өңдеу сатыларын құру  және ұйымдастыру жағдайында қалдықтарды басқарудың барлық тізбегі жұмыс істей бастайды деп ойдаймын.

12-сұрақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]