Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.7 Кб
Скачать

Биосфераның әр түрлі орталарында элементтердің биогеохимиялық айналымы.

Биогеохимия айналымы–биосферадағы заттар мен энергия ауысуының белгілі бір тәртіппен қайталанып тұруы. Табиғаттағы геосфераның барлық түрлерінде химтялық элементтер мен олардың қосылыстары үздіксіз биогеохимиялық айналымға түседі.

  • Ол күн сәулесінің энергиясы және организмдердің тіршілік процесі арқылы жүзеге асады;

  • химиялық элементтердің бір геологиялық құрылымнан екіншісіне ауысуын, шоғырлануының көбейіп-азаюын тудырады;

  • тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуға жағдай жасайды.

Химиялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледі де, сосын тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді-кішілі тұйық жолды В.И.Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі негізгі типке бөлуге болады: 1) газ тәрізді заттардың атмосферадағы немесе гидросферадағы айналымы 2) жер қыртысындағы шөгінділер. Барлық биогеохимиялық айналымдар тіршіліктің қазіргі таңдағы негізін құрайды. Олар бір-бірімен байланысты және оның әрқайсысы биосфера эволюциясында өзіне тән рөл атқарады. Әр заттың айналым ұзақтығы әр түрлі болады.

«Биосфераның құрылымы және эволюциясы»

10-сұрақ

Биосфераның эволюциясы.Жердің химиялық және биологиялық эволюциясының негізгі кезеңдері.Эралар және периодтар.Хронологиялық кесте.

Биосфера эволюциясы — Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық процесс.Тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі.Эволюциялық ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл процесс ұзақ уақытты қамтыған деген пікірлер айтылып келсе, соңғы жылдардағы микропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т.б. зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі; толық тотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі. Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі күрделене түседі деген тұжырымдар жасауға болады.

Қазіргі уақытта жер қыртысының даму тарихы ең жасынан бастап төмендегі эралар бойынша  бөлінеді:

Кайнозойлық (жаңа тіршілік эрасы)

Мезозойлық (орташа тіршілік эрасы)

Палеозойлық (ежелгі тіршілік эрасы)

Протерозойлық (өте ежелгі, көне тіршілік эрасы)

Археозойлық (алғашқы тіршілік эрасы)

Хронологиялық кесте

Эралар (топтар).

Периодтар (жүйелер).

Ұзақтық уақыт, млн. жыл.

Органикалық дүниенің өзгешелік (ерекшелік) кескіні.

Кайнозой kz

Төрттік (антропо-гендік) Q

1

Период басында адамның пайда болуы, қазіргі өсімдік пен жан-жануарлардың дамуы.

неоген

N

25-30

Сүйекті балықтардың, сүтпен қоректенушілердің, құстардың қарқынды өркендеуі. Жабықты ұрықтардың өркендеуі.

Палеоген Pg

30-35

----------------------------------

Мезозой мz

Борлы (бор) Cr

55-60

Ірі қалталы құстардың өркендеуі. Сүтпен қоректенушілердің дамуы.

Юралық (юра) J

25-35

Ұшатын құстармен кесірткелердің пайда болуы.(археоптерикс). Жалаңаш тұқымдылардың, жіңішке жапырақтылардың өркендеуі.

Триасты (триас) T

30-35

Бірінші сүтпен қоректенетін қалталы және сүйекті балықтардың пайда болуы. Жалаңашты тұқымдылардың (пальма, қылқанды ж.б) дамуы.

ПермьP

25-30

Бауырымен сүйеніп жүруші айуандар. Жалаңаш тұқымдылардың пайда болуы. Тас көмірлі флораның азаюы.

Палеозой рz

Таскөмірлі (Карбон)-С

50-55

Ағаш тәрізді өсімдіктердің молдылығы(папоротниктер). Қосмекенділердің дамуы.Құрт құмырсқалар, жәндіктердің пайда болуы.

Девонды (Девон)-Д

45-50

Сауытты балықтардың өркендеуі. Жер бетінде бірінші төртаяқтылар (стегецефалдар) ескі атам заманғы папоротниктердің пайда болуы.

Силурлы (силур)-S

40-45

Сауытты балықтардың пайда болуы. Акулалар мен еңкіштер омыртқасыздар мен су балдырларының дамуы.

Ордовикті (Ордовик) -О

70-80

Жер бетінде бірінші жануарлардың пайда болуы. Омыртқасыздар мен су балдырларының одан әрі дамуы.

Кембрийлік (Кембрий)-Сm

70-90

Омыртқасыздан трилобиттер және археоциаты. Субалдырлары және қарапайым жер үстінде өсетін өсімдіктер – псилофиттер. Омыртқалылар әлі жоқ.

Протерозойлы

(Кембрийге дейін) Pt

 

600-800

Омыртқасыздардың алдықтарының жаман сирек сақталған қалдықтары. Субалдырлары, споралар.

Археозойлы (Архей) А

 

1000-жоғары

Организмдердің ешқандай қалдықтарының болмауы.

11-сұрақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]