- •В.И.Вернадский биосфера туралы ілімі.Биосфераның химиялық құрамы және шекаралары.
- •Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің биосфера да,тірі ағзаларда таралу заңдылықтары.Тірі ағзада элеметтердің жіктелуі.
- •Биосфераның әр түрлі орталарында элементтердің биогеохимиялық айналымы.
- •«Биосфераның құрылымы және эволюциясы»
- •Биосфераның эволюциясы.Жердің химиялық және биологиялық эволюциясының негізгі кезеңдері.Эралар және периодтар.Хронологиялық кесте.
- •Биосфераның дамуының әр түрлі кезеңдерінде биоалуантүрліліктің пайда болуы.
- •Архей эрасы және оның сипаттамасы.
- •«Экологиялық мониторинг»
- •Мұнай және мұнай қалдықтары.Олардың экологиялық мәні.
- •Қалдықтар мәселесі.Технологиялық үдерістің экологиялық критерийлері.
- •Қазақстан Республикасының топырақ мониторингісінің экологиялық мәселелері.
«Биогеохимия және экотоксикология» пәні
10-сұрақ
В.И.Вернадский биосфера туралы ілімі.Биосфераның химиялық құрамы және шекаралары.
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі -бұл өткен кезеңде,қазір және болақшақта дамитын,өзін-өзі реттейтін жүйе ретіндегі ғаламшарды зерттеуге бағытталған мүлде жаңа көзқарас болып есептелетін біртұтас іргелі ілім.Бұл ғалымның түсіндіруіне сәйкес биосфера тірі затты ,биогенді затты,өлі затты,биоөлі затты,сондай-ақ радиоактивті затты,ғарыштық затты және шашыранды атомдарды қамтиды.Бұл аталған заттардың барлығы геологиялық тұрғыдан өзара байланысты болады.В.И.Вернадский ілімінің негізгі мәні Жер ғаламшарының келбетін өзгертудегі «тірі заттың» ерекше рөлін мойындауда болды. Заманның геологиялық кезеңі ішіндегі оның атқарған қызметінің жиынтығы өте ауқымды болды.
В. И. Вернадский биосферадағы тіршілік үрдістерін жан-жақты зерттей келе биохимиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар», екінші тобы биогенді, үшіншісі – биокосты, сирек кездесетін элементтер деп бірнеше категорияларға бөлді.Биогенді заттарға сутек, оттек, көміртек, азот, фосфор және күкірт жататынын В. И. Верданский анықтап берді. Ол геохимик және минералог еді. Биогенді элементтердің атомы тірі ағзалардың денесінде күрделі биоорганикалық қосылыстарды жасап, көмірсулар, жоғары молекулалы заттар,яғни белоктар, нуклеин қышқылдары, дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышықылы (РНҚ), липиттерді синтездейді. Бұл химиялық қосылыстар биосферадағы тірі организмдердің негізгі құрамы тіршілік тірегі.
11-сұрақ
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің биосфера да,тірі ағзаларда таралу заңдылықтары.Тірі ағзада элеметтердің жіктелуі.
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы.Бұл заңды 1869 жылы Д.И.Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі. Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді. Менделеевтің периодтық заңы қазіргі заманға дейінгі химияғылымының дамуына үлкен әсер етіп, оның біртұтас ғылым болып қалыптасуында басты рөл атқарды. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесіне сүйене отырып, ғалымдар атом құрылысы және химиялық байланыс теорияларын жасады; жер қыртысы мен ғарыштық нысандар зерттеледі. Бұл заның барлық жаратылыстану, техника, технология саласындағы ғылымдар үшін философиялық мәні зор.
Тірі ағза денесі массасының негізгі бөлігін жер қыртысында кең таралған химиялық элементтерт құрайды. Бірақ бұл заңдылық әрқашан орындала бермейді. Мысалы,жер қыртысындағы кремний элементінің массалық үлесі 27,6% болғанымен, оның ағзадағы мөлшері едәуір аз болады. Сол сияқты,жер қыртысындағы алюминий элементінің массалдық үлесі 7,45% болғанымен,оның тірі ағзалардағы массалық үлесі 10%. Кейбір элемменттердің қоршаған ортамен салыстырғанда тірі ағзалар денесінде пропорционалды таралмауы сол элемент қосылыстарының суда нашар еритін қасиеттеріне байланысты екені анықтылған.
12-сұрақ
