- •1.Арнайы психология пәні, міндеті,әдістері:
- •2.Функция жеткіліксіздігі жайындағы психикалық дамудың динамикасы: пдт туралы 5 билетте
- •3.Психикалық дамудың жалпы және жеке заңдылықтары:
- •4.Л.С.Выготскийдің психикалық функцияны компенсациялау теориясы:
- •5.Дизонтогенез:маңызы, механизмі,түрлері, аумағы. В.В.Лебединский бойынша психикалық даму бұзылыстарының түрлері:
- •6.“Кемістік құрылымы” құрылымы түсінігі. Әртүрлі кеместіктер кезіндегі біріншілік және екіншілік бұзылыстар.
- •7.Ақыл ойы кем балалар. Анықтамасы.Баланың интелектуалды даму бұзылыстарының себептері.
- •8.Ақыл – ой кем балалардың психологиялық сипаттамасы:
- •10.Ақыл – ойы кем балалардың өзін – өзі бағалау ерекшелігі:
- •11.Психикалық дамуы тежелуі.Анықтамасы.Себептері.
- •12. Психикалық дамуы тежелген балалардың топтастырылуы.
- •14.Пдт кезіндегі таным әрекеттерінің ерекшеліктері:
- •15.Есту бұзылысының себептері. Есту қабілеті бұзылған балалардың топтастырылуы.
- •16.Естімейтін балалардың сөздік – логикалық ойлауының және сөздік есте сақтауынынң ерекшеліктері:
- •17. Естімейтін балалардың сөйлеу тілінің ерекшелігі.
- •19.Көру кемістігі бар балалардың таным әрекетінің ерекшелігі:
- •20.Көру кемістігі кезіндегі тұлға дамуының ерекшелігі:
- •21.Балалардың церебральді сал ауруы:
- •22.Бцса кезіндегі балалардың психикалық дамуы.
- •23.Көрмейтін естімейтін балалар. Анықтамасы. Себептері.
- •24. Арнайы психологиядағы “ бейімдеу”, “ толықтыру”, “ түзету ” түсініктері.
- •25. Балалардағы кемістіктің даму психодиагностикасы.
- •26.Арнайы білім беретін мекемелердегі психологиялық қызмет.
- •27.Күрделі кемістігі бар балалар және олардың топтастырылуы.
- •28. Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру және дамуының психолого – педагогикалық негіздері.
- •29.М.Ш.Б бар отбасы арнайы психологияның объектісі және субъектісі
- •30.Арнайы психологияны іс–тәжірибеде қолданудың басты бағыттары.
- •2. Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференцация.
- •3. Арнайы педагогика және гуманисттік білім беру үрдісі. М.Монтессори,р.Штайнер педагогикасы.
- •4.Философия және арнайы педагогика. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
- •5. Арнайы білім берудің әлеуметтік – мәдени негізі.
- •6.Арнайы білім берудің экономикалық негізі
- •7.Арнайы білім берудің құқықтық негізі.
- •8. Арнайы білім берудің клиникалық негізі
- •9.Арнайы білім берудің лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері.
- •10. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның бірінші кезеңі.
- •11. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның екінші кезеңі.
- •12.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның үшінші кезеңі.
- •13.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның төртінші кезеңі.
- •14.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның бесінші кезеңі.
- •15. Арнайы білім берудің қажеттілігі және мазмұны.
- •17.Арнайы білім берудің технологиясы және әдістері
- •21. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепте білім беру
- •24.Ақыл ойы кемістігі бар тұлғаларға білім беру
- •30.Дамуында ауытқуы бар балаларды ерте анықтау жүйесі және ерте кешенді көмек көрсету
- •1.Дыбыстарды бұзып айтатын балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс
- •2.Дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыс
- •5.Арнайы мектепте тілге оқытудың пәні және міндеті
- •6.Арнайы мектепте оқуға үйретудің әдістемесі
- •7.Арнайы мектепте жазуға үйретудің әдістемесі
- •8.Арнайы мектепте ауызекі сөйлеуін дамыту әдісемесі – 9 билетте
- •9.Арнайы мектепте байланыстырып сөйлеуін дамыту әдістемесі
- •10.Арнайы мектепте балаларды математикаға оқытудың пәні және міндеті
- •15. Арнайы мектепте ұзындық өлшемдерін оқыту әдістемесі
- •17. Арнайы мектепте еңбекке тәрбиелеу
- •18. Арнайы мектепте дене тәрбиесі
- •20. Арнайы мектепте географияны оқыту әдістемесінің пәні және міндеті – 19 билетте
- •21. Арнайы мектепте география сабағын өткізуге мұғалімнің даярлығы
- •22. Арнайы мектепте тарих сабағында картамен жұмыс әдістемесі
- •23 Арнайы мектепте тарихты оқыту әдістемесінің пәні және міндеті.
- •24 Арнайы мектепте тарих сабағында тарихи даталарды оқытуды ұйымдастыру жұмыстары
- •25.Арнайы мектепте география сабағында оқулықпен жұмыс әдістемесі Бұл картиналар балаларга нақты образды елестетулер қалыптасады.
- •26. Арнайы мектепте сөздік оқыту әдісі – білім негізі
- •27. Арнайы мектепте көрнекілік және практикалық оқыту әдістері
6.“Кемістік құрылымы” құрылымы түсінігі. Әртүрлі кеместіктер кезіндегі біріншілік және екіншілік бұзылыстар.
Біріншілік және екіншілік ұғым туралы түсінікті Л.С.Выготский еңгізген. Біріншілік кемістік патогенді факторлардың әсерлерінің салдарынан қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, бас миының жоғарғы бөліктері және т.б.) органикалық зақымдалуы немесе жетілмеуі салдарынан пайда болады. Екіншілік кемістік – біріншілік кемістіктердің салдарынан туындайтын, психикалық жеткіліксіздік және әлеуметтік тәртіптің бұзылуымен сипатталады (естімейтіндерде сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырларда қабылдаудың және кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы және т.б.).Психикалық процестердің дамуының бұзылуының жүйелік негізделуін кеңестік психологияда 1920 жж Л.С.Выготский қарастырған.
Психикалық функцияның компенсациясы –бұл дамымай қалған немесе психикалық функциялардың бұзылуын қалыптастыру.
Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады. 2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген.
7.Ақыл ойы кем балалар. Анықтамасы.Баланың интелектуалды даму бұзылыстарының себептері.
Ақыл-ойы кемдік(олигофрения) дегеніміз-орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы. Олигофрения – грек тілінен аударғанда, ақылы аз деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХІХ ғ. басында неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бұл терминмен этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртүрлі, негізгі ерекшеліктері– тотальдық психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды. Клиникалық көріністерін сипаттайтын негізгі белгілер:1. Психикалық жетіспеушіліктің түзелмеуі. 2. Интеллектуалдық құрылымның кемістігі, дәйексіз ойлаудың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы.
Деменция – егер ақыл-ойы кемдік 2-3 жасқа дейінгі кезеңде әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, ал одан кейін пайда болған ой-өріс кемістігі ұғымына деменция кіреді. Ми қызметінің бұзылуы біраз уақыт қалыпты жұмыс істегеннен кейін пайда болады. Деменция себептері түрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит,
энцефалит, менингоэнцефалит). Деменцияда ми жұмысының бұзылуы прогрессивтік сипат алады. Емдеу және педагогикалық көмек көрсету арқылы науқас баланың психологиялық жағдайын тұрақты күйге келтіруге болады. Ол үшін жоғары педагогикалық тәжірибе керек.
Ақыл-ой кемістігінің дәрежелері:
1.Дебиль(миақы)-ақыл-ой кемістігінің жеңіл,әрі кең таралған түрі.Олар 75-80% құрайды.IQ-50-70
2.Имбециль(миғұла)-анағұрлым төмен дәреже.Олар 10%.IQ-35-49
3.Идиотия(нақұрыстық)-қабылдау қызметінің мүлдем жетілмеуі.IQ-25-39.
Баланың интеллектуалды даму бұзылысының себептері.
1. Эндогендік факторлардың әсерінен пайда болады. Олигофрения тұқымқуалау патологиясымен байланысты.
2. Экзогендік факторларға байланысты. (улану, жұқпалы аурулар,бас сүйегінің зақымдануы, құрсақтағы немесе туғаннан кейінгі кезеңдегі мидың зақымдануы. Ультракүлгін сәулелер, рентген т.б.) Орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болатын генетикалық әсерлер:
- әртүрлі хромосомдық кемістіктермен байланысты олигофрения, оның ішінде, (хромосомдар санының өзгеруі, мозайка түріндегі өзгеру, формасының өзгеруі.3. Экзимопатия – туа біткен әртүрлі ферменттердің жеткіліксіз дамуы әсерінен ағзадағы зат алмасуының бұзылуы. Ферменттердің жеткіліксіз болуы ағзада әртүрлі қажетсіз заттардың жиналуын туғызады. Бұл өз кезегінде баланың миына зиян тигізеді. Мысалы, жүрек-қантамыр аурулары, сүйек, жүйке, тері, бұлшық ет, есту, көру органдарының кемістігі.4. Интоксикация– газбен, химиялық заттармен, никотин, героин, кӛп мӛлшердегі дәрі-дәрмектер қолданудан улану. Жұқпалы аурулар, тұмау, қызамық, т.б. Ағзадағы зат алмасуының бұзылуынан жинақталған заттармен,болашақ ана ағзасына әртүрлі паразиттерді жұқтыру (токсоплазмоз), радиация. Ананың эндокриндік аурулары(диабет,қалқанша бездің ұлғаюы, ішкі органдардың созылмалы аурулары,ана мен баланың резус факторының сәйкес келмеуі, ананың мерез ауруы кӛп жағдайларда баланың спирохета ауруына әкеп соғады, Құрсақтағы баланың соғылу, құлау нәтижесінде алған жарақаттары, сондай-ақ, кемақылдылық туу кезіндегі қолданылатын қысқаштардың баланың басын шамадан тыс қысуы арқылы болуы да мүмкін. Асфиксия және т.б. келеңсіз жағдайлар кемақылдыққа әкелуі мүмкін. Сондай-ақ экзогендік формаларға баланың 1,5-2 жасында ОЖЖ зақымдануы, менингит, энцефалит, соматикалық аурулар, бас-ми жарақаттары, экзогендік және эндогендік факторлардың қабаттасуынан болған олигофренияға микроцефалия, гидроцефалия, кретинизм т.б. жатады.
