- •1.Арнайы психология пәні, міндеті,әдістері:
- •2.Функция жеткіліксіздігі жайындағы психикалық дамудың динамикасы: пдт туралы 5 билетте
- •3.Психикалық дамудың жалпы және жеке заңдылықтары:
- •4.Л.С.Выготскийдің психикалық функцияны компенсациялау теориясы:
- •5.Дизонтогенез:маңызы, механизмі,түрлері, аумағы. В.В.Лебединский бойынша психикалық даму бұзылыстарының түрлері:
- •6.“Кемістік құрылымы” құрылымы түсінігі. Әртүрлі кеместіктер кезіндегі біріншілік және екіншілік бұзылыстар.
- •7.Ақыл ойы кем балалар. Анықтамасы.Баланың интелектуалды даму бұзылыстарының себептері.
- •8.Ақыл – ой кем балалардың психологиялық сипаттамасы:
- •10.Ақыл – ойы кем балалардың өзін – өзі бағалау ерекшелігі:
- •11.Психикалық дамуы тежелуі.Анықтамасы.Себептері.
- •12. Психикалық дамуы тежелген балалардың топтастырылуы.
- •14.Пдт кезіндегі таным әрекеттерінің ерекшеліктері:
- •15.Есту бұзылысының себептері. Есту қабілеті бұзылған балалардың топтастырылуы.
- •16.Естімейтін балалардың сөздік – логикалық ойлауының және сөздік есте сақтауынынң ерекшеліктері:
- •17. Естімейтін балалардың сөйлеу тілінің ерекшелігі.
- •19.Көру кемістігі бар балалардың таным әрекетінің ерекшелігі:
- •20.Көру кемістігі кезіндегі тұлға дамуының ерекшелігі:
- •21.Балалардың церебральді сал ауруы:
- •22.Бцса кезіндегі балалардың психикалық дамуы.
- •23.Көрмейтін естімейтін балалар. Анықтамасы. Себептері.
- •24. Арнайы психологиядағы “ бейімдеу”, “ толықтыру”, “ түзету ” түсініктері.
- •25. Балалардағы кемістіктің даму психодиагностикасы.
- •26.Арнайы білім беретін мекемелердегі психологиялық қызмет.
- •27.Күрделі кемістігі бар балалар және олардың топтастырылуы.
- •28. Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру және дамуының психолого – педагогикалық негіздері.
- •29.М.Ш.Б бар отбасы арнайы психологияның объектісі және субъектісі
- •30.Арнайы психологияны іс–тәжірибеде қолданудың басты бағыттары.
- •2. Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференцация.
- •3. Арнайы педагогика және гуманисттік білім беру үрдісі. М.Монтессори,р.Штайнер педагогикасы.
- •4.Философия және арнайы педагогика. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
- •5. Арнайы білім берудің әлеуметтік – мәдени негізі.
- •6.Арнайы білім берудің экономикалық негізі
- •7.Арнайы білім берудің құқықтық негізі.
- •8. Арнайы білім берудің клиникалық негізі
- •9.Арнайы білім берудің лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері.
- •10. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның бірінші кезеңі.
- •11. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның екінші кезеңі.
- •12.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның үшінші кезеңі.
- •13.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның төртінші кезеңі.
- •14.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның бесінші кезеңі.
- •15. Арнайы білім берудің қажеттілігі және мазмұны.
- •17.Арнайы білім берудің технологиясы және әдістері
- •21. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепте білім беру
- •24.Ақыл ойы кемістігі бар тұлғаларға білім беру
- •30.Дамуында ауытқуы бар балаларды ерте анықтау жүйесі және ерте кешенді көмек көрсету
- •1.Дыбыстарды бұзып айтатын балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс
- •2.Дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыс
- •5.Арнайы мектепте тілге оқытудың пәні және міндеті
- •6.Арнайы мектепте оқуға үйретудің әдістемесі
- •7.Арнайы мектепте жазуға үйретудің әдістемесі
- •8.Арнайы мектепте ауызекі сөйлеуін дамыту әдісемесі – 9 билетте
- •9.Арнайы мектепте байланыстырып сөйлеуін дамыту әдістемесі
- •10.Арнайы мектепте балаларды математикаға оқытудың пәні және міндеті
- •15. Арнайы мектепте ұзындық өлшемдерін оқыту әдістемесі
- •17. Арнайы мектепте еңбекке тәрбиелеу
- •18. Арнайы мектепте дене тәрбиесі
- •20. Арнайы мектепте географияны оқыту әдістемесінің пәні және міндеті – 19 билетте
- •21. Арнайы мектепте география сабағын өткізуге мұғалімнің даярлығы
- •22. Арнайы мектепте тарих сабағында картамен жұмыс әдістемесі
- •23 Арнайы мектепте тарихты оқыту әдістемесінің пәні және міндеті.
- •24 Арнайы мектепте тарих сабағында тарихи даталарды оқытуды ұйымдастыру жұмыстары
- •25.Арнайы мектепте география сабағында оқулықпен жұмыс әдістемесі Бұл картиналар балаларга нақты образды елестетулер қалыптасады.
- •26. Арнайы мектепте сөздік оқыту әдісі – білім негізі
- •27. Арнайы мектепте көрнекілік және практикалық оқыту әдістері
26.Арнайы білім беретін мекемелердегі психологиялық қызмет.
Психологтың жұмыс бағыттары:1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
