Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319.17 Кб
Скачать

Арнайы психология 1-блок

1.Арнайы психология пәні, міндеті,әдістері:

Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.

Арнайы психологияның пәні – ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психологиялық дамуы.

Арнайы психологияның негізгі міндеттері:

1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.

2. Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.

3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау.

4. Дамудағы кемістіктерге байланысты өзіндік ерекшеліктерді анықтау.

Психологиялық зерттеу әдістері.

1.Баланың құжаттарын тексеру. Құжаттарды тексерудің міндеті анамнездік мәліметтер жинақтау, кеміс дамудың себептері жайлы мәлімет алу.Балаға берілетін педагогикалық мінездеме.

2.Баланың іс- әрекет нәтижелерін зерттеу. Соңғы алынған нәтижеге талдау жасай отырып, баланың жұмысының ерекшеліктерін ұғынуға болады, оның қиялы, көру арқылы алатын мағлұматтарының қалыптасуы, ұсақ моторикасының дамуы, оқу әрекетінің қалыптасуы дәрежесі т.б. туралы мәлімет алуға болады.

3.Бақылау - зерттеу барысында нақты деректерді жинақтау үшін қажетті педагогикалық құбылысты назарға алу. Бақылау әдісін жүзеге асыру үшін алдын ала жоспар дайындау қажет және бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталуы тиіс. Бақылаудың міндеті деректерді жинақтау мен жүйелеу және ғылыми тұрғыдан педагогикалық талдау. Арнайы білім беру ұйымдарында зерттеуші сабақ пен сабақтан тыс уақытында мұғалім мен оқушылардың әрекеттерін бақылайды. Білім-тәрбие жұмыс толыққанды зерттеу үшін әртүрлі (жағымды, жағымсыз) деректерді жинаған тиімді. Хаттау үшін дәстүрлі стенограммадан басқа да әдістерді пайдалануға болады, олар: фотосуреттер, бейнетаспаға түсіру, магнитофонға, диктофонға жазу т.б.

4.Әңгіме әдісі – арнайы құрылған бағдарлама бойынша жеке қарым-қатынас процесіндегі психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтық әдісі. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әңгіме 2 түрлі бағытталған болады:

А)Ата-анамен әңгімелесу

Б)Баламен сөйлесу.

5.Эксперимент әдісі – зерттелейін деп отырған психикалық құбылыстардың айқын көрінуін қамтамасыз ететін, арнайы құрылған жағдайда мәлімет жинауды көздейді. Эксперимент жүргізуде балаға интеллектуалды немесе іс –әрекет моделіне сәйкес белгілі бір тапсырмалар жүйесі, нұсқаулар беріледі. Эксперимент әдісі баланың теріс және оң мүмкіндіктерін көрсетеді, баланың оқу қабілетін анықтайды.

Оқу экспериментінің 4 кезеңін ажыратады:

1.Баланы эксперимент ситуациясына енгізу;

2.Тапсырманың мазмұнын түсіндіру, нұсқау беру;

3.Тапсырманың орындалу барысында, баланың іс әрекетін бақылау және көмек беру;

4.Бала әрекетінің нәтижесін бағалау.

2.Функция жеткіліксіздігі жайындағы психикалық дамудың динамикасы: пдт туралы 5 билетте