Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.44 Mб
Скачать

2 Үш санның қосындысын шығаратын программа құру

3-Радиусы  R – тең  шеңбер  берілген. Шеңбердің  ұзындығын есептеу программасы

4 Ұшбұрыштың ауданын есептейтін программа құрыңыз. Герон формуласы бойынша

5 Берілген сандың квадраты мен кубын есептейтін программа құрыңыз

6-Берілген 3 саннан ең үлкенін табу программасын құру.

7-Қазақстан Республикасының  25 жылдық  тәуелсіздігіне орай  патриоттық ән сайсына 20  оқушы қатысты.  Олардың  бестен  бір бөлігі   жүлделі орындарға ие болды.Неше оқушы жүлделі орын алды ?

8-Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?Жауабы: 8 балық

9- Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш. Жауабы: 34+х=2(11+х)

Шартты оператор.

Осы оператордың көмегімен қандай да бір шарттардың орындалуына қарай операторлардың орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік туады. Шартты оператор былай жазылады:

If шарт then 1-әрекет else 2-әрекет;

Мұндағы if(егер), then(онда) және else(әйтпесе) – қызметші сөздер, ал 1-әрекет немесе 2-әрекет – операторлардың орындалу нәтижесін білдіретін операторлар. Мұнда шарт ақиқат болса 1-әрекет, жалған болса 2-әрекет орындалады. Шарт логикалық әрекетке жатады. Бұл жерде өрнектер мәні(оның ішінде логикалық та) салыстырылады, ол үшін Boolean типті мәнді қайтаратын функциялар шақырылады және ол мәндерді логикалық амалдармен қоса қолдана алады.

   Амал

таңбасы

Амалдың

атауы

Логикалық амалдарды мына :    and (логикалық ЖӘНЕ)    or (логикалық НЕМЕСЕ)    xor (жоққа шығарушы НЕМЕСЕ) байланыстырушы амалдармен бірге пайдалануға болады. Мәліметтердің кейбір типтері үшін қосымша амалдар бар. Мыс, жиын үшін in операторы – мәннің сол жиынға тиістілігін тексереді. K жиыны берілсін :

K := [1, 4, 7, 10, 13, 16] ; мұнда 1 in K өрнегі ақиқат (true мәніне ие), ал 8 in K өрнегі жалған (false мәніне ие), өйткені 1 К жиынына тиісті, ал 8 мәні К-да жатпайды.

   =   

   тең   

   <>   

   тең емес   

   >   

   үлкен  

   <   

   кіші  

   >=   

үлкен не тең   

   <=   

  кіші не тең   

   not   

логикалық ЕМЕС – теріске шығару

ЖӘНЕ логикалық амалының орындалу нәтижесі екі операнд бірдей ақиқат болғанда ғана true –ге тең. НЕМЕСЕ логикалық амалының орындалу нәтижесі әйтеуір бір операнд ақиқат болғанда true мәнге ие болады. Егер операндтар бір-біріне тең болмаса, онда жоққа шығарушы НЕМЕСЕ амалының нәтижесі ақиқат болады.

Цикл операторлары әрекеттердің бір ғана ізбен бірнеше рет қайталануын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Delphi-де бұл мақсатты орындайтын үш оператор бар. Олар:

  • циклдің «жай» операторы

  • циклдің шартты операторы

  • қайталаудың шартты операторы.

Қайталаудың шартты операторы алдымен цикл денесін орындайды, сонан соң барып шарттың орындалуын тексереді. Бұл оператор былай жазылады:

Repeat

Цикл денесі

Until шарт;

Циклдің бұл түрі оның ең болмағанда бір рет орындалуын ұйымдастырады. Мұнда цикл шарт ақиқатқа айналғанша орындалуын жалғастырады және цикл денесі логикалық begin/end жақшасына алынбай жазылады. Цикл денесінің бас-аяғы repeat және until түйінді сөздерімен анықталады.

Цикл операторларымен қоса арнайы командалар да қолданылады, олар:

  • циклді үзу командасы

  • циклді жалғастыру командасы

Бірінші команда цикл денесі операторларының орындалуы кезінде оны аяқтау қажет болғанда пайдаланылады және ол былай жазылады: Break;

Осы команда орындалғанда басқару цикл операторынан кейінгі бірінші операторға беріледі.

Continue; командасы цикл денесіндегі басқа операторларды аттап өтіп бірден циклдің орындалуын жалғастыруға мүмкіндік жасайды.

Бағдарламаның орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік беретін тағы бір оператор бар, ол көшу операторы: goto белгі;

Мұнда белгі ретінде кезкелген жарамды идентификатор немесе 0 мен 9999 аралығынан алынған сандар пайдаланылады. Белгіні алдынала айнымалыларды сипаттау бөлімінде var көмегімен емес, label түйінді сөзі арқылы сипаттау керек:

Label белгі; немесе label белгілер тізімі;

Бағдарлама бойынша көшу жоғары және төмен қарай да орындала береді. Мұнда белгі көшу жүргізілетін оператордан қос нүкте(:) арқылы ажыратылады. Көшу операторының қолданылу мысалын қарастырайық:

var X, Y: Integer;    label A, B;    begin     A: X:=5 ;        . . .     бағдарлама операторлары     goto B;        . . .     B: Y:=25;     goto A;    end;

Осы мысалдағы бағдарламаны аяқтауға тиіс end операторы ешқашан орындалмайды, мұнда бағдарлама көшу операторларының жұмысы нәтижесінде шексіз қайталана береді. Сондықтан goto операторын программистер көп қолданбауға тырысады. Бағдарламада оның орнына шартты не циклдік операторларды пайдалану әлдеқайда тиімді.

Goto операторын тек бірнеше қабаттасқан циклдерден шығу кезінде қолданған дұрыс, әйтпесе одан шығу үшін бірнеше рет break командаларын қолдануға тура келеді.

Құрама оператор – begin және end операторларының арасында орналасқан, бір бірімен нүктелі үтір арқылы ажыратылған операторлар тобы. Сонымен құрама операторды келесі түрде көрсетуге болады:

Begin

оператор1;

оператор2;

…;

end;

Delphi – де бір біріне қойылған операторлар саны шектелмеген.

 

Қатынау операторы – белгілі бір объектілердің құрама бөлшектеріне жеңіл, әрі тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оператор келесі түрде анықталады:

with объект do іс-әрекет;

Калькулятор програмасын кұру.

Форма бетіне Edit1, Edit2, Edit3, Label1, Label2, Label3, RadioGroup1, Button1 компоненттерін орнаттым.Label компоненттерінің Caption қасиетін өзгертім: Label1 (операнд), Label2 (операнд), Label3 (нәтиже), Button1 (есептеу), RadioGroup1 (Операция).Edit1, Edit2, Edit3 компоненттерінің Text қасиетіндегі мәтінді өшірдім.RadioGroup1компонентінің Items қасиетінің көмегімен +, -, *, / амалдарын орындайтын символдар тізбегін қостым.

Есепті есептеу

Жыл мезгілдері программасын жасау