- •Мазмұны
- •I. Delphi тілі.Айнымалылар,тұрақтылар және олардың типтері 5
- •II. Шартты оператор 12
- •III. Цикл операторы 18
- •IV. Бір жолды және көп жолды редакторлар 26
- •Delphi тілі. Айнымалылар, тұрақтылар және олардың типтері
- •2 Үш санның қосындысын шығаратын программа құру
- •4 Ұшбұрыштың ауданын есептейтін программа құрыңыз. Герон формуласы бойынша
- •5 Берілген сандың квадраты мен кубын есептейтін программа құрыңыз
- •Шартты оператор.
- •Цикл Операторы
- •3,6,12,24,... Сандар тізбегінің бірінші 15 санының қосындысын таптым
- •15 Элементтен тұратын бір өлшемді массивтің тақ сандарын шығарыңыз?
- •Бір жолды және көп жолды редакторлар
- •Әдебиеттер тізімі
Delphi тілі. Айнымалылар, тұрақтылар және олардың типтері
Delphi тіліндегі барлық мәліметтер оны қолданғанға дейін сипатталуы тиіс. Компилятор солай болғанда ғана мәліметтердің бағдарламада сипатталуына сәйкес қолданылғандығын бақылап, қатенің алдын алады. Delphi тілінде кезкелген шама тұрақты немесе айнымалы мәнге ие. Оның аты(идентификаторы) латын әріптерінің тізбегінен, цифрлар мен астын сызу таңбасынан тұрады, олар тек цифрдан басталмауы тиіс. Мұнда символдар регистрінің ролі болмайды.
Бағдарламада мәліметтерді сипаттау орны логикалық блок – begin/end – тен тыс орналасады. Модульде implementation түйінді сөзінің алдында сипаттау блогы жазылады:
var
Form1: TForm1;
Міне осы жерде, келесі жолдан бастап айнымалы мен тұрақтыларды жариялаған қолайлы. Айнымалылар былай сипатталады:
Var айнымалы_аты: айнымалы_типі;
Мұнда var – түйінді сөз. Атау ретінде кезкелген бұдан бұрын сипатталмаған және тілдің түйінді немесе қосалқы сөздері болып табылмайтын идентификаторды алуға болады.
Бір типті бірнеше айнымалыларды сипаттау қажет болғанда, оны былай жазады:
Var A,B,C: Integer;
Егер бірнеше сипаттауды бірінен соң бірін жазғанда, бір ғана var түйінді сөзін қолдануға болады:
var A,B: integer;
C,D: String;
Тұрақты шамаларды, басқаша константа деп атайды. Бағдарламада, әдетте, сандар мен жолдарды тікелей де пайдалануға болады: 3.1415 немесе ‘Бұл ПИ санының мәні'. Алайда тұрақтыларды идентификаторға меншіктеген ыңғайлы, ол үшін const түйінді сөзі қолданылып, былай жазылады:
Const pi=3.1415;
BelgiPi:String=’Бұл Пи санының мәні’;
Айтпақшы, Pi тұрақтысы Delphi – де берілген, сондықтан оны қолданғанда 3.1415 санын тұрақтыға меншіктесе болғаны.
Енді Delphi – де қолданылатын мәліметтер типін қарастырайық. Оларға – жолдар мен сандар жатады. Жол деп бірлік тырнақшаға алынып жазылған символдар тізбегін айтады. Мыс, 'бұл мәтіндік жол' деген сияқты. Егер мәтінде тырнақша белгісі болған жағдайда, онда оны екі мәрте жазу қажет, мыс: ‘бұл’’- бірлік тырнақша белгісі’.
Жол бос болуы да мүмкін, онда ол былай белгіленеді: ‘’.
Жол, көп таралған жолдық тип – String –пен сипатталады. Осы типті жол көлемі 2Гб-қа дейінгі символдардан тұра алады. Жолды шекті мөлшермен шектеу қажет болғанда, онда символдар санын String-тен кейін тік жақшаға алып жазады, мыс: String[50].
Жеке символдар типі Char түрінде сипатталып, бірлік тырнақшаға алынып жазылады: ‘ү’ . Ал мынадай экранда бейнелеуге болмайтын, мыс, жол соңын білдіретін символды(#13), жолды тасымалдау символын(#10), олардың алдында # таңбасы бар сандық коды(ANSI) түрінде жазады, мыс: #0. Delphi-де нөл – терминделген жолға жатады. Мұндай жолдардағы символдар есебі нөлден басталып, коды нөл болатын (#0) символымен аяқталады. Бұл жолдардың типі – Pchar.
Сандар бүтін және бөлшек сандар болып бөлінеді. Мына кестеде бүтін сандардың стандартты типтері мен олардың тиісінше қабылдай алатын мәндерінің аралығы көрсетілген:
-
Integer
-2147483648 .. +2147483647
Cardinal
0 .. 4294967295
Shortint
-128 .. +127
Smallint
-32768 .. +32767
Int64
-263 .. +263-1
Byte
0 .. +255
Word
0 .. +65535
Бүтін сандар типінің бағдарламада қолдануға ыңғайлысы – ол Integer. Ал оның басқа типтері мәліметтер компьютер жадынан барынша аз орын алуы үшін қолданылады. Бөлшек садардың ондық нүктемен ажыратылған бөлшек бөлігі бар. Оларды соңында сол жақ бөлігін 10-ның неше дәрежесіне көбейту керектігін көрсететін саны бар е(немесе Е) символымен жазуға болады.
Төменгі кестеде бөлшек сандардың стандартты типтері мен олардың қабылдай алатын мәндерінің аралығы берілген:
-
Real
5*10-324 .. 1.7*10308
Real48
2.9*10-39 .. 1.7*1038
Singl
1.5*10-45 .. 3.4*1038
Double
5*10-324 .. 1.7*10308
Extended
3.6*10-4951 .. 1.1*104932-1
Comp
-263 .. +263-1
Currency
922337203685477.5807
Бағдарламада қолдануға барынша ыңғайлы тип – Real. Оған шамалас типке Double жатады, бірақ оның алда өзгеруі де мүмкін. Currency(финанстық) типінен басқа бөлшек сандар жуықтап есептеледі.
Мәліметтердің ендігі бір типіне логикалық Boolean типі жатады. Ол True(ақиқат) және False(жалған) деген екі мәнді ғана қабылдайды. Мұнда True > False болады.
«Hello World!» деген сөзді шығаратын программа құру
ShowMessage('Hello, World!' );
