Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_modul_ped_psikh_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
345.6 Кб
Скачать

1.Білім беруді нормативті-құқықтық қамтамасыз ету, психологияны оқытудың мақсаты мен принциптері Оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты, негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады [1, 24-бет].Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстар [2, 104-бет]. Психологияны оқыту заңдылықтарыоқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық. Психологияны оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Психологияны оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық. Психологияны оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Психология бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы. Психологияны оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық Сондықтан да, психология оқытушысы бірігіп істеген іс-әрекеттің (оның және студенттің) нәтижесі заңдылықтардың әртүрлі типтеріне байланысты екенін анық түсінген жөн. Заңдылықтар психологияны оқыту принциптерін анықтайды. Оқыту принциптері әрдайым оқытуда тұрған оқу үдерісінің обьективті заңдылықтары мен мақсаттарын бейнелейді.

2.Оқу пәні ретінде психологияның мазмұны Студенттердің кез келген ғылымды оқуы бір ғана мақсатқа бағынады, бұл өмірлік құбылыстарға, практикалық міндеттерге ғылыми тұрғыдан келуге үйрену, яғни жан-жақты игерілген білім тұрғысынан қарастыру. Психологияға қатысты алынатын болса, демек бұл студенттің оны адам психологиясына ғылыми бағдарлану мақсатында оқу, яғни нақты адамдардың әрекет үстінде, қылықтарында оның көрінуін түсіну және түсіндіре алу үшін, осының негізінде олармен күнделікті тәжіріибеде дұрыс өзара әрекеттесуге үйрену үшін оқу. Бұл мақсат жалы әрі кез келген ғылымды оқуға қатысты болғанымен, ол тек студент іс-әрекетіне ғана қатысты: тек студент қана оны игеруге талпынуы қажет. Ал оқытушының іс-әрекенті студент іс-әрекетінен өзгеше мақсатты көздейді. Студенттің мақсаты – ғылымды игеру болса, оқытушының мақсаты оны студенттің бойына сіңіру. Осы мақсаттар түбінде бірігеді. Бірақ мәселені қойған кезде олар әр түрлі: студент оқытушыдан «білімді алуды», ал оқытушы қажетті білімді «беруді» және оларды қолдануға үйретуге көздейді. Психологияны оқуда кез келген студент болашақ мамандығына қарамастан адам әрекетімен қылықтарын талдауға, тұлғаның мінез ерекшеліктерін және қабілетін, темпераментін және басқа да тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, қоғамдағы, ұжымдағы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды және т.б. ашуда психологиялық ойлануды үйренуі қажет. Демек, студенттің психологияны игеру мен оқытушының психологияны оқыту мақсаты осы процестің нәтижесінде студентте басқа адамдармен шынай өзара әрекет кезінде ғылыми психологиялық білімді тәжірибеде басшылыққа ала білу іскерлігін қалыптастыруда бір бірімен ұштасады. Бұл өз кезегінде жоғары да айтылған мақсат студентте психологиялық ойлау іскерлігін қалыптастыруды көздейді.

3.Оқу әрекеті , білім беру және оқытудың психологиялық негіздері

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

— оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

— оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

— оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

— оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

— Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді;

Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

— Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

— Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

4.Психология курсындағы оқу міндеттерінің таксаномиясы

Білім берудің тиімділігін арттыру жағдайында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін оқу үрдісінде құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмалары жүйесін қолдану маңызды. Ал әрбір пән бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетінің күрделі де ұзақ үрдісі болып табылады. Тапсырмалар мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетін дәнекерлеуші құрал ретінде және мұғалімнің білім мен іс-әрекетті меңгерту үдерісін басқаруда, сол білім мен білікті оқушының меңгеруінде, яғни оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыруда көрініс табады. Білім мен білікті меңгеру сапасы мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп ұйымдастырылған іс-әрекетіне және тапсырмалар жүйесін дұрыс құрастырып, оқу-танымдық іс-әрекетіне сәтті енуімен байланысты.

Оқу тапсырмалары сабақтың белгіленген мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жетудің негізгі құралы ретінде көп қызмет атқарады. Оқу тапсырмаларының қызметі сабақтың мақсатына қарай пайдалану кезеңдеріне тәуелді болады. Әрине пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен де ажыратылады. Шын мәнінде оқу үрдісі тек білімді меңгерумен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауымен де ерекшеленеді. Сонымен, егер де оқу тапсырмалары болмаса, онда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері де жүзеге аспайды, яғни оқыту үдерісі де болмайды деген сөз.

И.Я.Лернер, оқушылар жаңа оқу материалын оқуда білім беру мазмұнын меңгерудің үш деңгейінен өтеді деп есептейді: 1) қабылдау және еске сақтау; 2) репродуктивті; 3) шығармашылық. Бұл деңгейлердің әрқайсысын меңгеру үшін оқу тапсырмаларының арнайы түрлері қажет. И.Я.Лернер тапсырмалар түрін анықтауда оларды орындауға қажетті «іс-әрекет түрі» белгісін пайдаланған. Тапсырмалар орындалатын іс-әрекеттер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) білімді меңгеруге бағытталған рецептивті сипаттағы тапсырмалар; 2) білімді үлгі бойынша немесе таныс жағдайда пайдалануға бағытталған репродуктивті сипаттағы тапсырмалар; 3) білімді таныс емес жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.

Оқу тапсырмасын – оқушылардың әртүрлі оқу іс-әрекетін орындауға және оқу материалдарын меңгерту үрдісін ұйымдастыруға бағытталған оқу құралы деп қарастыруымыз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]