Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать
  1. Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері

Атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктің тармақтарын жүзеге асыратын субьектілер болып табылады. Бұл органддарсыз мемлекеттік қызметті басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Жалпы атқарушы билік органдарын екіге бөлуге болады. Олар: республикалық жəне жергілікті. Ал атқарушы билік органдарына үкімет, республика минстрліктерінің жəне басқа республикалық атқарушы билік органдары жатады . Əкімшілік құқығындағы əкімшілік құқық қатынастардың негізі бұл əкімшілік құқық бұзушылық пен əкімшілік жауаптылық мəселелері. Əкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- құқыққа қарсы, кінəлі жеке адамның немесе заңды тұлғаның əрекеті немесе əрекетсіздігі. Əкімшілік құқық бұзушылық мəселелерін əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейді. Ол бойынша 16 жасқа толған жеке адам əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32 бабына сəйкес əкімшілік жауапкершілікке тартылады.

  1. Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері

Əкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- құқыққа қарсы, кінəлі жеке адамның немесе заңды тұлғаның əрекеті немесе əрекетсіздігі. Əкімшілік құқық бұзушылық мəселелерін əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейді. Ол бойынша 16 жасқа толған жеке адам əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32 бабына сəйкес əкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ осы кодекстің 11- бабына сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең жəне тегіне, əлеуметтік лауазымдық жəне мүліктік жағдайына , нəсілі мен ұлтына, сеніміне, жұмысына, тіліне, дінге көзқарасына жəне істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатынасына, сондай-ақ, кез—келген өзге де мəн жағдайларға қарамастан əкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

Əкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінəлілігі, əкімшіліктік жазалану. Əкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: обьекті, субьекті, обьективтік жəне субьективтік жақтардан тұрады.

  1. Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері

Əкімшілік жауаптылық— өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның əкімшілік құқықтық нормаларда қаралған,құқық бұзушылық жасағаны үшін кінəлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолданатын шара. Жалпы негізде əкімшілікке жауаптылыққа тартылу:

1.Ақыл- есі дұрыс, осы кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен жеке адам. 2.Заңды тұлға тартылады. Ал əкімшілік

жауаптылықты болдырмайтын мəн- жайларға мыналар жатады: қажетті қорғану, аса қажеттілік, негізгі тəуекел, т.б.

Əкімшілік құқық бұзушылық жасау

барысында қолданатын мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы— бұл əкімшілік жаза (44-бап).

Əкімшілік жаза дегеніміз— заңмен уəкілеттік берілген судья, органдар əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы. Əкімшілік жазаның мақсаты Ə.Қ.Б. туралы кодекстің 44- бабының 1-23-4 тармақтарында айқындалған. Сондай- ақ, осы Қ.Р.

Ə.Қ.Б. туралы кодекстің 45- бабына сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай əкімшілік жазалардың түрлері қолданылады

  1. Азаматтық құқық түсінігі, азаматтық құқықтық қатынастар жəне азаматтық заңдар туралы түсінігі Азаматтық құқық дегеніміз— бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, товар ақша қ,атынастарын жəне өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы. Азаматтық қатынастарды реттеу азаматтық норма арқылы жүзеге асады. Мұндай нормаға Қ.Р-ның азаматтық кодексі жатады.

Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне: Қазақстан Республикасының конституциясы, азаматтық кодекс (жалпы жəне ерекше бөлім (1999 ж. 1шілде) жəне т.б азаматтық нормалары бар, басқа да заңдар мен осы заңдарға сəйкес қабылданған өзге де нормативтік актілер жатады. Азаматтық құқық қатынастарын реттеу азаматтық құқықтың субъектілері мен объектілері арқылы жүзеге асады. Азаматтық құқықты реттеу барысы арнайы тəсілдерге сəйкес жүзеге асады. Мұндай тəсілдерге заң теңдігі, екіншіден жеке жəне заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндетті өз ниеттеріне сəйкес жүзеге асыруы жəне ол бойынша субьектілердің теңдігі мен заң алдында заңға ғана сəйкес қорғалуы жатады. Жалпы азаматтық құқық диспозитивтік нормаларға негізделген.