Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать
  1. Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары

Келесі мемлекеттік басқару нысаны бұл- жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйін жауапты жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар мəслихаттар əкімшілікаумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді жəне мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, іске асыруға қажетті шараларды белгілейді жəне олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мəслихаттарды тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге халық сайлайды. Мəслихат депутаты болып 20 жасқа толған азамат сайлана алады. Сонымен қатар мəслихат мəселелерімен жергілікті атқарушы орган мəселелері конституцияның 87-88-89 баптарында бекітіліп көрсетілген. Жергілікті өзін-өзі

басқарумемлекеттегі белгілі бір əкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының жəне оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан

Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару” туралы 8бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына жəне құрылу тəртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мəселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық жəне қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы жəне басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тəртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін жəне олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мəселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тəртібі, кірістердің қосымша көздері, əкімдермен, мəслихаттармен өзара қатынас тəсілдері бойынша да əр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі əрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Əлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.

  1. Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар

Əкімшілік құқық қатынастары дегеніміз— əкімшілік- құқықтық нормалармен реттелінген атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар қолданылып жүрген заңнамаға (кодекске) немесе заңға тəуелді əкімшілік құқықтық нормаларға сəйкес атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен жəне олардың жұмыс істеушілерімен байланыста пайда болады, өзгереді жəне тоқтатылады.

Əкімшілік құқық қатынастарын үш түрге бөліп қарастыруға болады. Олар : тік (субардинациялық құқықтық қатынастар), көлбеу (үйлестіру) қатынастары, үшінші атқарушы билік органдарымен жəне атқарушы билік жүйесіне кірмейтін оларға бағынышты емес қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастар (азаматтар, мемлекеттік емес кəсіпорындар, мекемелер, т.б.)

Əкімшілік құқық қатынастары мазмұны жағынан материалдық жəне процессуалдық болып екіге бөлінеді.

Əкімшілік құқығы өзіне тиісті басқару барысындағы қатынастарды белгілі бір əдістерге сүйене отырып жүзеге асырады. Олар: өкім (əмір) түріндегі мемлекетік нұсқама арқылы реттеу əдісі, тиым салу, рұхсат ету əдісі.

Əкімшілік құқық қатынастарының құрылымы оған қатысушылармен байланысты құқық қатынастарының қатысушылары (тараптар) басқарудың субьектісі мен обьектісінен тұрады. Субьектіге басқарушы тарап ретіндегі мемлекетің еркі мен мүддесін білдіретін атқарушы билік органдары жəне оның лауазымды адамдары, басқа да құқықтық қатынасқа қатынасушылар. Əкімшілік құқығының обьектісіне құқықтық қатынасқа қатысушы (тарабы) жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер, басқару органдарының əкімшіліктері, шетел ұйымдары жəне т.б..

Сондай- ақ, əкімшіліқ құқықтық қатынастарды реттеу əкімшілік нормалар арқылы реттеледі. Əкімшілік құқық нормалары экономиканың барлық саласында ( атап айтсақ, өнеркəсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, қоршаған орта, сауда, халыққа қызмет көрсету, т.б.) қолданылады.

Мемлекетті басқару қызметінде əкімшілік құқық нормаларының алатын орны ерекше. Əкімшілік құқықтық нормаларына Қ.Р.- ның конституциясы, əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, басқа салалық кодекстер мен президенттің, үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының актілері, Қ.Р.- ның мемлекеттік қызмет туралы заңы жəне басқаруды реттеу барысындағы т.б. заңдар жатады. Осы əкімшілік нормаларының ішіндегі ең негізгісі— бұл Қ.Р.- ның əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. Бұл кодекс 2001 жылы 3 қаңтарда №155-ІІ Қ.Р.- сы заңымен қабылданды. Ал кейінгі жылдары бұл кодекске көптеген өзгертулер енгізілді. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы жəне ерекше бөлімдер. Жалпы бөлім əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар жəне олардың міндеттері мен принциптері, əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық мəселелерінен тұрады.

Ал ерекше бөлім жеке адамның құқықтарына қол сұғатын əкімшілік құқық бұзушылық жəне бұл құқық бұзушылықтардың түрлі қызмет түрлеріндегі құқықтық негізі, əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уəкілетті органдар, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу, əкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы сияқты мəселелер қарастырылады.

Атқарушы билік органдары мемлекеттік биліктің тармақтарын жүзеге асыратын субьектілер болып табылады. Бұл органддарсыз мемлекеттік қызметті басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Жалпы атқарушы билік органдарын екіге бөлуге болады. Олар: республикалық жəне жергілікті. Ал атқарушы билік органдарына үкімет, республика минстрліктерінің жəне басқа республикалық атқарушы билік органдары жатады . Бұл жерде бір айта кететін мəселе бұл Қ.Р. Президенті 1995 жылғы Конституция бойынша президент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, оның Конституцияның 40- бабының 3тармағына сəйкес мемлекеттік билік жүйелерінің келісіп жұмыс істеуінде жəне өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуде жəне басқа да минстрлерді қызметке тағайындау мен босату сияқты мəселелерде алатын рөлі зор.