- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
9. Президент өкілеттілігі
Басқару нысанының алғашқы сатысы— бұл президенттік басқарудан тұрады. Қазақстан Республикасыпрезиденті— мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Сондай-ақ, республика президенті халықпен мемлекеттік билік бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам жəне азамат құқықтарымен бостандықтарының нышаны əрі кепілі. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін жəне өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президентті конституциялық заңға сəйкес жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кəмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайлайды. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын , 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген əрі республикада соңғы 15-жыл бойы тұратын , республика азаматы ғана президент болып сайлана алады.
Жалпы президенттің конституциялық құқықтары мен бостандықтары жəне міндеттері осы конституцияның «Президент» деген ІІІ- бөлімінде толық баяндалған.
Келесі басқару нысанының бір түрі—бұл парламент. Қазақстан Республикасы парламенті— Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұрады.Олар: мəжіліс жəне сенат.
Мəжіліс— Республиканың əкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын, сайлаушылардың саны тең, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 107 депутаттардан тұрады. Мəжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Мəжілістің 98 депутатын тең жəне төте сайлау құқығы кезінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ мəжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мəжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде 2 ай бұрын өткізіледі. Жасы 25-ке толған адам мəжіліс депутаты бола алады. Парламент палаталарының бөлек отырысында мəселелерді əуелі мəжілісте, ал содан кейін сенатта қаралады. Мəжілістің қарауына мыналар жатады:
Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау жəне осы жобаларды қарау;
Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика президентіне Кеспублика премьерминистрін тағайындауға келісім беру.
Республика президентінің кезекті сайлауын хабарлау.
Конституциямен парламент мəжілісіне жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыру (Үкіметке сенімсіздік білдіруге қақылы жəне т.б.)
Сенат— əр облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан жəне Қ.Р. астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан тұрады. Сенатта қоғамның ұлььық мəдени жəне өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, сенаттың 15 депутатын Республика президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының жалпы саны 47. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл. Сайланған сенат депутаттарының жартысы əрбір 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сенат депутаты 30 жасқа толған, жоғары білімі бар, Республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азамат болуы керек. Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1. Қ.Р. Президентінің ұсынуымен Республиканың жоғарғы сотының төрағасын жəне жоғарғы сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау. 2. Республика Президентінің Республика ұлттық банкінің төрағасын, Бас прокурорын жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру.
Республиканың Бас прокурорын, жоғарғы соттың төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру.
Мəжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ол уақытша болмаған кезеңде Республика парламентінің конституциялық заңдары мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау.
Конституциямен Парламент сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
10.Заң шығарушы орган заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту жəне атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды,
т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген. заң шығарушы органдар мемлекеттік аппарат құрылымында орталық орынды алады. Бүл органдардың негізгі мақсаты заңдық қызмет болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің саяси өмірінде заң билігі органдарының ерекше рөлін көрсету үшін, жеке елдердің конституциялары «парламент мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатынына» ғана сілтемей, сонымен қатар «мемлекеттің жалғыз заңдық органы» ретінде қарастырылуын бекіткен (Жапонияның 1947 жылғы Конституциясының 41 бабы). Осы мақсатта басқа мемлекеттер парламентпен қабылданатын заңдарда қандай сипатты ережелердің болуын көрсетеді. Д. Локк «заң билігі қажетілік бойынша жоғарғы болуы жəне қалған биліктер белгілі бір дəрежеде оның қол астында жəне оған тəуелді болуы керек». Себебі заң шығарушы билік мемлекеттік пен қоғамдық өмірдің құқтық қайнар көздерін бекітеді жəне елдің сыртқы мен ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, демек атқарушы мен сот биліктері қызметінің нысандарын мен құқықтық ұйымдастырылуын анықтайды. Мемлекет механизмінде заң шығарушы органдардың басты жағдайына ие болуы салдарынан, онымен қабылданатын Заңдардың жоғарғы құқықтық күшіне иеленеді жəне құқық нормаларына жалпыға міндетті сипатта болады. Дегенмен, заң шығарушы органдардың жоғарғы орган ретінде қарастырылуы абсолютті сипатта емес. Оның қызметінің шектері құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, бостандық пен əділеттік идеяларымен шектелген. Оны қызмет ететін конституциялық заңдардың сəйкес болуын қамтамасыз ететін арнайы конституциялық органдар мен халық бақылайды.
Сонымен қатар заң шығару функцияларын шоғырландыра отырып,парламент бірқатар жағдайларда өзінің функцияларының біршамасын өзінің қол астындағы (өзі бақылайтын) органдарға тапсырады. Сөйтіп, АҚШ
Конгрессі, РФ Федералдық жиналысы, ҚР Парламенті,
Англия Парламенті, Францияның Ұлттық жиналысы мен Сенаты жоғарғы заң шығарушы органдар ретінде түрлі себептерге байланысты белгілі бір актілерді дайындап, қабылдауды өкіметке, жеке министрліктерге мен ведомстволарға тапсырады.
11. Үкімет дегеніміз не?
Келесі мемлекеттік басқару нысаны бұл— үкімет. Қазақстан Республикасы үкіметі— атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады жəне олардың қызметіне басшылық жасайды. Оған республиканың салалары бойынша құрылған министрліктері, үкіметтік органдары, комитеттер жəне агенттіктер қарайды. Жергілікті атқарушы органдар əкімшіліктер. Үкіметті қазақстан республикасының премьер министрі басқарады. Қ.Р.- ның Үкіметі мемлекеттің əлеуметтік- экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы жəне қызмет тəртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет алқалы орган болып табылады жəне өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мəжілісалдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тəртіппен құрады.
Үкімет мəртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша жəне Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық жəне қалалық əкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады жəне олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мəртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тəртiбi ҚР Конституциясына сəйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде жəне оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына жəне елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тəртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мəртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру жəне тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды жəне оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi. Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
ол мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық жəне тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды əзiрлеу;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды əзiрлеп, жүзеге асыру;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын əзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен жəне президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
