Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы

Халықаралық құқықтың негізгі принциптері жəне құқықтық нормалардың сипаты. Халықаралық құқық — халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы. Халықаралық жұртшылық құқықтың негізгі принциптері:

    1. Мемлекеттердің егеменді тендігі қағидасы:

Ол, халықаралық құқық көзі болып табылатын, екі маңызды қасиеттерді біріктіреді: егемендік пен басқа мемлекеттермен теңдікті. Бұл принцип бойынша мемлекеттер өзге мемлекеттермен терезесі тең, толық егемендікке тəн құқықтарды пайдаланады, басқа мемлекеттердің жеке басын құрметтеуге міндетті; мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен саяси тəуелсіздігіне қол сұқпаушылық , əрбір мемлекеттің саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жүйесін еркін таңдауына құқығы бар, əрбір мемлекет халықаралық міндеттемелерін толық жəне өз еркімен орындауы талап етіледі.

    1. Күш немесе қоқан-лоқы қолданбау қағидасы. Əрбір мемлекет халықаралық қатынастарда басқа елдің аумақтық тұтастығы мен саяси тəуелсіздігіне қарсы күш қолданудан немесе қоқан-лоқы көрсетуден аулақ болуы талап етіледі.

Мемлекеттер.

    1. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы. Бірде-бір мемлекет я мемлекеттер тобы өзге мемлекеттің ішкі,сыртқы істеріне тікелей немесе жанама араласуына тыйым салынады. Бірдебір мемлекет басқа мемлекетке бір мемлекеттің бағынышты қылуға бағытталған іс-шараларында ықпал етуге немесе көтермелеуге құқығы жоқ. ардың арасында туындаған дауларды тек қана бейбіт жолмен, шешуге міндетті.

    1. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.

    2. халықаралық ынтымақтастық қағидасы.

Мемлекеттер араларындағы саяси жəне экономикалық жүйелерінің айырмашылықтарына қарамастан, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін əлемдегі экономикалық прогреске жəрдемдесу үшін бір-бірімен ынтымақтасуы тиіс.

    1. Тең құқықтылық пен халықтардың өзін-өзі билеу қағидасы. Барлық халықтар өзінің саяси мəртебесін еркін анықтауға жəне өз мемлекеттерінің экономикалық жəне мəдени даму бағытын еркін таңдауға құқылы.

    2. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидасы. Мемлекеттер күштеп басқа мемлекеттердің аумағын немесе бөліктерін бөлшектеуден бас тартуы тиіс.Сондай-ақ əрбір мемлекет өзінің аумағын еркін билеуге құқылы.

9.Мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы қағидасы.

Мемлекеттер қандай болмасын аумақтық наразылықтардан бас тартуы тиіс жəне əлемде орнатылған аумақтық бөлініске келісуге міндетті.

10. Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы. онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі көрсетіледі.Өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын үйді қорғау құқығы, азаматтық жəне саяси құқықтар сиақты құқықтар жүйесін мызғымай сақталуын міндеттейді.

79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралыққұқықтық актілердің ұйғарымдарына сəйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралыққұқықтық қатынастардың қатысушылары.

Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

  1. Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тəуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

  2. Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тəрізді құрылымдар.

Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы — жеке тұлғалар.

Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды жəне сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.

Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.

Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі жəне заңды болып бөлінеді, жəне де осыған сəйкес алғащқы жəне туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады.

Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тəуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тəн мемлекеттік жəне ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тəуелсіз етеді жəне олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сəттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.

Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың — құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын жəне бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады. Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:

  1. Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;

  2. Ұжымдық құрылым болып табылады [мемлекет билік жəне басқару аппарат; күресуші халық ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар тұрақты əрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралыққұқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тəуелсіз жəне бір-біріне бағытынышты емес. Əрқайсысының өзінің халықаралық мəртебесі бар жəне халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].

  3. Халықаралық нормаларды əзірлеуде жəне қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар.

Келісімшарттың құқық-əрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері – сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы – халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.

Осы аталған үш элементтің болуы (халықаралық құқықтың нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы, ұжымдық құрылым түрінде болуы, халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы) қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады.