- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
Қылмыстық заңнама – қылмыстық құқық нормаларын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Ол тек қана “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен” тұрады. Онда қылмыстық жауапкершіліктің жəне жаза қолданудың шектерін айқындайтын нормалар белгіленген; қылмыстық іс жүргізу заңнамасы – қылмыстық сот ісін жүргізу тəртібін реттейтін құқықтық-нормативтік акт. “Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі” осы саладағы арнаулы жəне негізгі заң болып табылады. Ол сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін конституциялық нормаларға, сондай-ақ халықар. құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаларына негізделген.
Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
Осы Кодекстiң мiндеттерi: адамның жəне азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондайақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қандай қауiптi іс-əрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни қылмыстар немесе қылмыстық теріс қылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi 75. қылмыстық жауапкершіліктен жəне жазалаудан босату
Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінəліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінəсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған əрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондайақ əкімшілік тəртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның əрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы əрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нəтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
бірінші рет қылмыс жасаса;
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
жəбірленушімен татуласса, ол жəбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
жəбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сəтіне дейін есептелед
Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны əрі қарай орындау мақсатсыз жəне қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан əрі босатудан көрінеді.
барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, əскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тəртіптік əскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан əрі өтеуді қажет етпейді деп таныса жəне кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.
сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан əрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан босату мəн жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату. 76. кəмелетке толмағандардың жауапкершілігі Кəмелеттік жасқа толмағандар болып, əкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін əкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері — əкімшілік жаза немесе тəрбиелеу сипатындағы мəжбүрлеу шаралары. Кəмелеттік жасқа толмағанға əкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тəрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың əсері ескеріледі.
Кəмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін. жағдай ретінде ескеріледі. Егер кəмелеттік жасқа толмаған тұлға əкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уəкілді орган (лауазымды тұлға) оны əкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тəрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.
Тəрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:
заңды түсіндіру;
ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;
бос уақытын шектеу жəне оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.
Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып шектелген болып саналмайды. Өзге де тəрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Кəмелеттік жасқа толмаған тұлғаға əкімшілік жаза — əкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін—оны анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кəмелеттік жасқа толмаған тұлға əкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол əкімшілік жазаға тартылмаған болып саналад 77.экология құқығы ұғымы экологиялық құқық туралы түсінік
Экология құқығы деген ұғымды үш түрлі мағынада қарастыруға болады. Олар:
Құқық саласы ретінде.
Оқу пəні ретінде.
Ғылым саласы ретінде.
Экология құқығы – құқық жүйесінің жаңа бір саласы. Құқық теориясы бойынша біз білетіндей əрбір құқық саласының өзінің реттейтін қатынастар жүйесі болады. Экология құқығы адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің жəне оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара əрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастарды реттейді.
Экология құқығының мəні– экологиялық- құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарих тұрғысында қазіргі жəне болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында, табиғи субъектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Сондай- ақ экология құқығы өзіндік қатынастарды реттеуді ізгілік, халық билігі, заңдылық, жариялылық жəне азаматтардың тең құқылылығы сияқты принциптерге сүйене отырып жүзеге асырады. Экологиялық құқықтың тағы бір ерекшелігі – бұл экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу əдісі, арнайы экологиялық əдістерге сүйене отырып жүзеге асырады. Мұндай əдістерге мыналар жатады:
Экологиялық реттеу əдісі;
Экономикалық əдіс;
Халықаралық- құқықтық əдіс.
Экологиялық қатынастарға қатысушыларды біз құқықтың субъектісі ретінде қарастырамыз.
Экология құқығының субъектілеріне мыналар жатады: жеке жəне заңды тұлғалар. Заңды тұлғалар – бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Олар меншік нысанының заңды тұлғалары мемлекеттік кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын жəне орта бизнестің мемлекеттік емес, жекеше кəсіпорындары, шетелдік кəсіпорындар, бірлескен кəсіпорындар жəне тағы басқа. Жеке тұлғалар – ҚР- ның азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар. Олар əрине, əлеуметті табиғат пайдаланушылар.
