- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
6.Құқықтық мемлекет
Мемлекет өзіне тəнбелгілері мен қажетіне жəне өзіндік мол мүмкіндіктеріне қарай экономиканы дамытудың əлеуметтік саяси- рухани, ұлтаралық жəне басқа да қатынастарды жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мəселелерін шешуге нақты қатынасып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде əрекет етеді.
Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан ерекшеленетін өзіндік белгілері:
Мемлекеттің аумағының (тереториясының) болуы.
Жария билігінің болуы.
Мемлекеттің халқының, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинау органдарының болуы.
Мемлекеттің басқа қоғамдық саяси ұйымдардан тағы ерекшеленетін бір белгісі ол егемендек жəне тəуелсіздік сияқты белгілері (атрибуттарының) мен мемлекеттік тілінің болуы.
Құқықтық мемлекет дегеніміз— құқықтың құндылықтарына алғы шарттар жасайтын, жұртшылық арасында, сондай- ақ мемлекеттік апарат қызметкерлері арасында олардың билік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіс іс- қимылы құқықпен байланысты, заң талабы шегінде əрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлекетті айтуға болады.
Құқықтық мемлекет белгілері:
Биліктің бөліну принципі.
Заңның үстемдігі.
Заң алдында барлық адамдардың үстемдігі.
Мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі.
Азаматтардың құқықтық санасының жəне құқықтық мəдениетінің жоғары деңгейде дамуы.
Барлық қоғам мүшелерінің заңды орындауын бақылауы.
7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
Конституция деген (термин) ұғым латынның (соnstututio- жарлық, жарғы деген сөзінен шыққан.
Қазақстан республикасының қазіргі қолданып жүрген ата заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкіл халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған 30 тамыз конституция күні деп жарияланды. Бұл күнді біз жылда дəстүрлі түрде конституция күні ретінде атап өтеміз. Бұл конституция 9 бөлімінен, 98 баптан тұрады.
Конституциялық құқық Қ.Р- сы құқық жүйесі салаларының бір түрі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесінен тұрады. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға мемлекет пен қоғам құрылымының негізі жəне мемлекеттік биліктің жүзеге асуы жатады. Ал бұл конституциялық қатынастардың аясын кең түрде қарастырар болсақ ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салалары яғни саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени салаларын қамтиды. Ал осы аталған салаларды конституциялық құқықтық нормалар жан-жақты реттемейді тек осы аталған салалардың базалық қабаттарын ғана жасауға көмектеседі.
Сондай- ақ конституциялық құқықтық қатынастарды реттеу: міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету жəне тану əдістері арқылы жүзеге асады.
Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі бастауы бұл- Конституция. Конституцияның негізінде конституциялық құқық өзінің теориялық ережелерін қалыптастырады. Конституциямен бірге, конституциялық заңдар , жай заңдар, президенттің нормативтік жарлықтары , үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері жинақтала келіп заңдылықты құрайтын қайнар көздерге жатады. Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тəн. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Жəне бұл нормалар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалар реттеушілік жəне қорғаушылық қызмет атқарады. конституциялық құқықтық нормалардың басқа
құқық салаларының нормаларының өзіндік ерекшелігі:
Біріншіден конституциялық құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Яғни, адам мен азаматтың құқықтық мəртебесін бекітуге, конституциялық құрылыс негіздерін нығайтуға, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттейді.
Екіншіден бұл конституциялық құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Ол дегеніміз басқа құқықтық нормалар конституцияға қарсы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер конституция негізінде Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық кеңеске жəне прокуратураға берілген.
Үшіншіден, материалдық іс жүргізуші конституциялық нормалар. Бұл нормалардың басқа азаматтық, қылмыстық жəне т. б.іс- жүргізу құқық салаларынан өзгешелігі конституциялық нормаларды жүзеге асырудың біржақты тəртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Бірақ бұл мəселені конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деп түсінбеу керек.
Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастардағы əрбір мемлекеттік органдардың өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Мысалы. Парламенттік заңдар, қабылдаудың өзіндік тəртібі, парламент депутаттары сайлауын өткізу тəртібі, референдум өткізу тəртібі, президент импичменті жəне басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді. Жалпы конституция 9-бөлімнен , 98 баптан тұрады ал конституция нысанына қарай екіге бөлінеді.Олар жазбаша жəне ауызша .
Сондай-ақ конституция субьектілер басшылыққа алатын нормалар мен принциптерден жəне басқа қолдану санаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді .
Оларға мыналар жатады:
Конституциялық кеңестік.
Конституциялық заңдылық.
Конституциялық тəртіп.
Конституциялық бастама. - Конституциялық мəртебе.
Конституциялық органдар.
Конституциялық іс жүргізу.
Конституциялық өкілеттік.
Конституциялық шектеу.
Конституциялық жауапкершілік.
Конституциялық принциптер.
Конституциялық құрлыс.
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жəне міндеттері жəне т.б.
Қ.Р-ның 1995 жылғы Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Қ.Р- сы конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жəне міндеттері бекітіліп көрсетілген.
Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару жəне құрылым нысандарын, əлеуметтікəкономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мəртебесін белгілейді.
8.Адам мен адамзаттардың конституциялық құқықтары, бостандықтары жəне міндеттері Адам құқығы Адам жəне азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік əлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды əлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын жəне оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам əр түрлі объективті жəне субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны əрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тəн:
олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи жəне əлеуметтік мəнділігі негізінде туындайды жəне дамиды;
объктивті түрде қалыптасады жəне мемлекеттің мойындауына тəуелді емес;
туғанынан беріледі;
табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;
тікелей əрекетті болып табылады;
ең жоғары əлеуметтік құндылық болып танылады;
құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;
жеке адамның өз калауынша əрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарымқатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;
оларды мойындау, сақтау жəне корғау — мемлекеттің міндеті. Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан жəне заңдық бекітулерден оның кандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тəуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — əлемде көптеген адамдардың азаматтық мəртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жок, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.
Азаматтық дегеніміз— адамның мемлекет арасындағы өзара құқықтық саяси байланысы.
Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:
Адамның мемлекет пен байланысының уақытша емес, тұрақты болуы.
Адамның мемлекетпен байланысының саяси құқықтық сипатта болуы.
Мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара құқық пен міндеттердің белгінелуі.
Азаматтық мəселесі Қ.Р.- ның 2011 жылғы 16 тамыздағы қабылданған Қ.Р.- ның азаматтық туралы заңымен реттеледі.
Қ.Р-да азаматтық мынадай төрт жағдайда беріледі:
Тууы бойынша.
Қ.Р. азаматтығына қабылдануы нəтижесінде.
Қ.Р. халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша.
Қ.Р. азаматтығы туралы заңда қаралған немесе өзге де негіздер бойынша. Азаматтықтан айыру:
Қ.Р. мемлекет аралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда,адамның басқа мемлекетте əскери қызметтке, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына орналасу салдарынан.
Қ.Р.- ның азаматтығын жалған мəліметтер немесе жалған құжаттарды табыс етуі нəтижесінде алынса.
Қ.Р. мемлекет аралық шарттарында көзделген негіздер бойынша.
Қ.Р. – нан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дəлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе азаматтығынан айырылады.
Азаматтық мəселелері бойынша шешімдерді қабылдау Қ.Р. – сы президентінің өкілеттілігіне жатады.
Қ.Р-сы азаматтығының негізгі мəселелері Конституциямен жəне республикалық азаматтық туралы заңмен реттеледі.
Конституцияда азаматтық туралы қағидалар барлық азаматтардың теңдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдігі жəне мұндай бостандықтардың шектелуіне жол бермейтіндігі, азаматтықтан айырлуға, республика шегінен қуғындауға жəне басқаларына жол бермейтіндігі туралы қағидалар енгізілген.
Ал азаматтық туралы заңда қандай адамдардыңҚ.Рсының азаматы болып табылатыны, олардың құқықтары, азаматтық алу, тоқтату тəртібі, ата- аналардың азаматтығы өзгерген, азаматтық мəселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігі, азаматтық мəселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігі, азаматтық мəселелер бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тəртібі, шешімдерге шағымдану тəртібі сияқты мəселелер қарастырылады. Азаматтыққа қабылдау кезінде қарсылық білдіру негізі қолданылады. Ол дегеніміз егер азамат еліміздің егемендігі мен тəуелсіздігіне қарсы қылмыс жасаса, республика аумағының тұтастығын бұзса, мемлекеттік тілдің қызметіне қарсылық əрекет жасаса, терорлық əрекеті үшін сотталған болса,т.б. Осындай құқық бұзушылық негіздері болғанда онда азаматтыққа қабылданбайды. Сондай- ақ қос азаматтық танылмайды. Қ.Р-ның азаматтығы азаматтық туралы қарастырылған жағдайда тоқтатылады.
