- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
Ата-аналар өздерiнiң кəмелетке толмаған балаларын күтiп-бағуға мiндеттi. Кəмелетке толмаған балаларды күтiп-бағудың тəртiбi мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар өздерiнiң кəмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, күндiзгi оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кəмелетке толған балаларын күтiп-бағу туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар өздерiнiң кəмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, күндiзгi оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi кəмелетке толған балаларына күтiп-бағу қаражатын ерiктi түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тəртiбiмен өндiрiп алынады. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде, кəмелетке толмаған балаларға күтiп-бағу қаражаты берiлмеген кезде жəне сотқа талап-арыз берiлмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган кəмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндiрiп алу туралы талап-арыз беруге құқылы
Кəмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының
жəне өзге де кiрiстiң түрлерi
Ата-аналардың алатын жəне алимент ұсталатын жалақысы жəне өзге де кiрiсi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ата-аналардың кəмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде жəне ата-ананың табысына жəне өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн елеулi түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бiр мезгiлде үлеспен жəне тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн айқындауға құқылы.Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелi табысы жəне өзге де кiрiсi бар не, егер ата-ана табысын жəне өзге де кiрiсiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-аналардан алимент өндiрiп алу жатады. Күндiзгi оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi балаларға күтiп-бағу қаражатын өндiрiп алу алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде сот тəртiбiмен тұрақты ақша сомасында жүргiзiледi. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот тараптардың материалдық жəне отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мəнжайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше сақтайтын көлемдегi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге алып айқындайды.
Егер ата-аналардың əрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттiң мөлшерi оның бiреуiнен аз қамтылған екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 3-тармағына сəйкес ай сайын өндiрiп алынатын жəне сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгiленедi.
Ата- аналар баланы заңның немесе сот шешімінің негізінсіз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайларда ата- аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Сондай-ақ ата- аналар өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда яғни алимент төлеуден жалтарса немесе ата- ана құқықтарын теріс пайдаланса онда ана- ана құқықтарынан айырылады. Ата- ана құқығынан айыру сот тəртібімен жүргізіледі.Ата- ана құқығынан айыру салдары азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктермен мемлекеттік жəрдем ақыны алу құқықтарынан айырылуға əкеп соғады. Сондай-аө ата- аналар құқығын қалпына келтіру олар өз мінез құлқын, тұрмыс- салтын жəне бала тəрбиесіне көзқарасын өзгерткен жағдайда сот оны қалпына келтіреді.
