Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.

Неке қиюдың тəртібі осы заңнаманың 13 бабына сəйкес жүзеге асады.

  1. Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не ранайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда некені қиюды мемлекеттік тіркеу орындарында медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның əкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

  2. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзімі өткен соң жүргізіледі. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжатымен расталған дəлелді себептер болғанда бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айырықша мəн жайлар болған кезде некені қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың қалауы бойынша өтініш берген күні жүргізіледі.Жалпы неке қиюды мемлекеттік тіркеу органы осы заңнамаға сəйкес жүзеге асырады.

70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.

Ерлі- зайыптылар мүліктік құқықтар мен міндеттерін мүліктің зағды режімі негізінде ортақ меншік негізінде жүзеге асырады.Ерлі- зайыптылар мүлкінің шарттық режімі неке шарты негізінде жүзеге асады. Неке шарты дегеніміз некеге отырған ерлі- зайыптылардың немесе ерлізайыптылардың некедегі жəне ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Ерлі- зайыптылар неке шартымен Қ.Р-сының заңдарында белгіленген бірлескен ортақ меншік режімін өзгертуге ерлізайыптылардың барлық мүлкіне оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі- зайыптылардың əрқайсының мүлкіне бірлескен үлестіе немесе бөлек меншік режімін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі- зайыптылардың қолда бор мүлкіне қатысты да, болашақтағы мүлкіне қатысты да жасалуы мүмкін. Сондай- ақ неке шарты ерлі- зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу

Ата-ана құқықтарынан айыру. Егер ата-аналар:

  1. ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

  2. өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан жəне өзге де ұйымдардан алудан дəлелсіз себептермен бас тартса;

  3. өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;

  4. балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;

  5. спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды жəне (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.

2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.

Ата-ана құқықтарын шектеу

1. Сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығаруы мүмкін. Ата-аналары немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган орналастырады. 2. Егер баланың ата-аналарымен қалуы:

  1. ата-аналарға байланысты емес мəн-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мəн-жайларға душар болуы) бойынша;

  2. ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.

Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап-арыз беруге міндетті. 3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туыстары жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ прокурор береді.

  1. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер прокурордың жəне қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады.

  2. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата- аналардан балаға алимент өндiрiп алу туралы мəселенi шешуге құқылы.

72. ата –ананың қамқорлығынсызқалған балаларды анықтау жəне орналастыру

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау жəне есепке алу 1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке жəне заңды тұлғалар жүзеге асырады.

  1. Жеке жəне заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

  2. Медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала қалдырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына бұл туралы хабарлауға міндетті.

  3. Жергілікті атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның туыстары жағынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде, мəліметтер алынған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарап шығуға жəне баланы орналастыру туралы мəселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

  4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мəліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (бастапқы есеп). Баланы отбасына тəрбиеге беру мүмкін болмаған кезде баланы өңірлік есепке алу жəне кейіннен оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы тəрбиесіне орналастыруда жəрдем көрсету үшін бір ай өткен соң бала туралы мəліметті тиісті аумақтықəкімшілік бөліністердің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді.

  5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тəрбиешілері отбасы тəрбиесіне беру мүмкін болмаған кезде өзіне бала туралы мəліметтер түскен күннен бастап екі ай мерзім өткен соң жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына хабарлауға міндетті. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру

  1. Баланың мүддесіне сай асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа немесе баланы патронаттық тəрбиелеуге беру туралы шарт бойынша отбасы тəрбиесіне, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, барлық үлгідегі (білім беру, медициналық жəне басқа да) ұйымдарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру кезінде оның ұлты, белгілі бір дінге жəне мəдениетке қатыстылығы, ана тілі, тəрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.

  2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасы тəрбиесіне немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерін атқару баланың тұрған жері бойынша уақытша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.