Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать
  1. Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.

Еңбек дауы еңбек жағдайына байланысты туындайды. Еңбек дауы ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы заңына сəйкес реттеледі.

Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.

Жалақыдан ұстап қалу сот шешімі бойынша жəне заңдарда көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.

Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тəртіптік жаза қолданады. Жұмыс беруші тəртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Ал қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акті жасалады (73- бап, ЕК). 65. Қызметкерлерді көтермелеу жəне жазалау шаралары. Жұмыс беруші қызметкердің тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін төмендегідей тəртіптік жазалардың түрлерін қолданады:

  1. Ескерту;

  2. Сөгіс;

  3. Қатаң сөгіс;

  4. Осы кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тəртіптік жаза қолдануға құқылы. Жеке еңбек дауларын қарау алдымен келісім комиссияларында жəне сотта қарастырылады. Келісім комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап 7 күн мерзімінде қарайды (171- 172 баптар, ЕК). Тағы, сондай- ақ, осы кодекстің 176- бабына сəйкес комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, қызметкер немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тəртібімен жүзеге асыруға құқылы. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары еңбек шартында көзделген негіздерге сəйкес жүзеге асады. Еңбек құқығының қайнар көздеріне: Қ.Р. еңбек кодексі (2007ж.15 мамыр №252), Қ.Р-сы конституциясы жəне осы заңдарға сəйкес қабылданған өзге заңдар жатады.

66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?

Неке отбасы қатынастары Қ.Р-сының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы қабылданған неке жəне отбасы туралы кодексімен реттеледі. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы бөлім жəне ерекше бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер неке, отбасы, қорғаншылық жəне қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары сияқты мəселелер қарастырылады. Ал ерекше бөлімде азаматтық хал актілері жəне заңнама нормаларының қолданылу негіздері қарастырылады. Қ.Р-сының отбасы заңнамасы Республика конституциясына негізделеді, осы кодекстен Қ.Р-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Бұл кодекс мынадай қатынастарды реттейді:

  1. Отбасы мүшелері: ерлі- зайыптылар, ата- аналар мен балалар арасындағы, ал Қ.Р-сының неке – отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда жəне шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік жəне мүліктік емес қатынастарды белгілейді.

  2. Некеге отырудың, некені тоқтатудың жəне оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тəртібін белгілейді.

  3. Жетім балаларды, ата- анасының қамқолығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тəртібін айқындайды.

  4. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тəртібін реттейді жəне тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін айқындайды.

Қ.Р-сында неке жасы ерлер мен əйелдер үшін 18 жас болып белгіленеді. Неке қию үшін некеге отыратын еркек пен əйелдің ерікті əрі толық келісімі жəне олардың неке жасына толуы қажет. Неке дегеніміз- ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік жəне мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тəртіппен тараптардың ерікті жəне толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен əйелдің арасындағы кең құқықтық одақ. Сондай- ақ некелесуге осы заңнаманың 11 бабына сəйкес мынадай жағдайларда жол берілмейді:

    1. Бір жынысты адамдардың.

    2. Олардың біреуі басқа некеде тіркелген некеде тұратын болса.

    3. Жақын туыстардың:

    4. Бала асырап алушылармен, асырап алынған балалардың арасында:

  1. Соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл есі кемдігі салдарынан əрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасынад жол берілмейді.

  1. Неке, отбасы құқықтарын жүзеге асыру жəне қорғау. Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу жəне баланы отбасы тəрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы қоғамда өзіндік əр түрлі із қалдыратын құбылыс.Ол қоғамда бірнеше қызмет атқарады. Олар экономикалық, қорғау, тəрбиелік жəне əлеуметтену. Ал заңдық мағанада отбасы адамдар тобының бір- бірімен өзара құқықтық тұрғыда құқықтар мен міндеттер арқылы байланысатын некеге тұру, бала асырап алу жəне т.б. мəселелердің негізінде пайда болады. Отбасы құқығын құқықтық реттеуде отбасы нормаларымен реттелетін отбасы мүшелері арасындағы отбасы қатынастары мүліктік жəне мүліктік емес болуы мүмкін. Отбасы қатынастары субьектісіне азаматтар жатады. Ал отбасы құқығы қатынастарының обьектісіне құқық қатынастары, мүлік жəне басқа да материалдық құндылықтар жатады.

  2. Некені бұзу, некені тоқтату əрекеттері. Некені бұзу екі түрлі жолмен жүзеге асады:

  1. Тіркеуші органдарда некені бұзу.

  2. Некені сот тəртібімен бұзу жəне сот тəртібімен бұзу ерлізайыптылардың бірнеше мəселелерінің негізінде жүзеге асырылады.

Осы заңнаманың 9 жəне 11 баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде сот некені жарамсыз деп таниды. Сондай- ақ некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар.

  1. Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса онда кəмелетке толмаған жұбай жəне оның заңды өкілдері немесе прокурор талап етуге құқығы бар.

  2. Неке қиюмен құқығы бұзылған жұбай сондай- ақ мəжбүр ету алдау, қателесу нəтижесінде немесе неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс- əрекетінің мəнін түсінбеген жəне өзін билей алмаған жай- күйінің салдарынан ерлізайыптыларының біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса прокурор некені жарамсыз деп тануға құқығы бар. Жəне басқа-да осы заңнаманың 26 бабының негізінде неке жарамсыз болған жағдайда некені жарамсыд деп тануға құқығы бар. Некені тоқтату ерлізайыптылардың өздеріне байланысты емес мəн- жайлардың салдарынан немесе осы кодексте белгіленген тəртіппен некені бұзу жолымен ерлі- зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс- əрекеттер жасауы нəтижесінде ерлі- зайыптылар арасында заңды қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.