Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

60. Ұжымдық шарт.

Еңбек құқық қатынастары дегеніміз— жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек құқығының негізгі институттарына еңбек шарты мен ұжымдық еңбек шарты жатады. Еңбек шарты дегеніміз— қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбашы нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сəйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кəсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын жəне заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшылай төлемдерді уақытында жəне толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайлары мен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Еңбек шартының мерзімі:

Белгіленбеген мерзімге.

Белгіленген мерзімге (29- бап, ЕК).

16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Сонымен қатар, еңбек шартын жасасу барысында осы кодекстің 31- бабына сəйкес қажетті құжаттар талап етіледі. Еңбек шарты жазбаша нысанда, 2 дана етіп жасалады жəне оған талаптар қол қояды. Еңбек шартының 1 данасы қызметкерде, 1 данасы жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының 1 данасын алуы, жазбаша нысанда расталады.

Еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерге сəйкес жүзеге асады: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, тараптардың еркінен тыс мəн- жайлар, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы жəне тағы басқа да осы 51- баптың негізінде тоқтатылуы мүмкін.

Еңбек шарты еңбек кодексінің 26- бабына сəйкес бұзылады.

61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.

Еңбек құқығы еңбек қатынастарын реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығы дегеніміз— меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы 4 түрлі əдіс арқылы реттеледі:

Еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу. Еңбектік құқықтық қатынастардың шарттық түрде ғана пайда болуы, өзгеруі жəне жойылуы.

Еңбек қатынастарын реттеуге еңбек ұжымдарын жəне кəсіподақ ұйымдарын қатыстыру.

Өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тəртібі.

  1. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.

Еңбек заңына сəйкес жұмыс уақыты үш түрге бөлінеді: қалыпты, қысқартылған жəне мерзімінен тыс жұмыс уақыттары.

Осы заңнаманың 77- бабына сəйкес қызметкердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс уақыты дегеніміз— қызметкердің еңбек міндеттерін орындау барысындағы уақыты .

Демалыс уақыты дегеніміз— қызметкердің енбек міндеттерін орындаудан босатылған өз еркімен пайдаланылатын күн сайынғы уақыты.

  1. Жалақы жəне еңбекті нормалау.

Жалақы жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкердің еңбегі үшін төленетін міндетті ақы. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша кесімді немесе өзгеде еңбекақы жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке жəне ұжымдық еңбек нəтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде қалыптастырылады (126- бап, ЕК).

Ақы төлеу мынадай түрлерде жүзеге асады: үстеме

жүмысқа ақы төлеу, мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу, біліктілік жұмыстарын орындаған кезде ақы төлеу, жаңа өндірістерді игеру кезіндегі еңбекке ақы төлеу, бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу жəне т.б.