Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.

Қ.Р-сы экологиялық заңнамасының бұзылу салдарынан өздерінің ден- саулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап – арыз беруге құқығы бар. Сондай- ақ жеке тұлғалар қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарды ұқыпты қарауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəрдемдесуге, экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға, өз қызметін экологиялық заңнамаға сəйкес жүзеге асыруға міндетті. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтармен міндеттелген қоғамдық бірлестіктер жергілікті өзін- өзі басқару органдары жəне басқа- да құзіретті органдарға бекітілген өзіндік құқықтар мен міндеттер бар. Қоршаған ортаның сапасын реттеу экологиялық нормалар арқылы жүзеге асады. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық əр түрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу жəне оған жол беруге болатын əсерді белгілеу болып табылады. Экологиялық нормалау процессінде қоршаған орта сапасының нормативтері , эммиссиялар нормативтері жəне табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді. Мұндай нормативтерді белгілеу тəртібінің негізі осы кодекстің 23- бабында бекітіліп көрсетілген. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу талаптарды орындау үйлестірілген стандарттармен қамтамасыз етіледі.Ұйымдардың стандарттарының қолдану барысы ерікті сипатта болады жəне техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Техникалық реттеуге байланысты экологиялық таңбалау, қоршағани ортаға əсерді бағалау негізі жүзеге асады. Қоршаған ортаға əсерді бағалау шаруашылық жəне өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам ден- саулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қ.Р- сы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар əзірленетін рəсім.

60.Ұжымдық шарт.

Ұжымдық шарткəсіпкер (немесе фирма əкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кəсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кəсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кəсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мəселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы жəне оны бөлісу мəселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жəрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тəртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі жəне жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кəсіптікбіліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, əлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мəселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кəсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға əлеум. кепілдіктер беру (кəсіпорын есебінен кəсіптік қайта даярлау, қосымша жəрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мəселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бəрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым əлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр.

Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша жəне деңгейлестік бойынша жасалады жəне жұмыс істеушілердің бəріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.