Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.

Экология құқығы деген ұғымды үш түрлі мағынада қарастыруға болады. Олар:

  1. Құқық саласы ретінде.

  2. Оқу пəні ретінде.

  3. Ғылым саласы ретінде.

Экология құқығы – құқық жүйесінің жаңа бір саласы. Құқық теориясы бойынша біз білетіндей əрбір құқық саласының өзінің реттейтін қатынастар жүйесі болады. Экология құқығы адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің жəне оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара əрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастарды реттейді.

Экология құқығының мəні– экологиялық- құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарих тұрғысында қазіргі жəне болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында, табиғи субъектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Сондай- ақ экология құқығы өзіндік қатынастарды реттеуді ізгілік, халық билігі, заңдылық, жариялылық жəне азаматтардың тең құқылылығы сияқты принциптерге сүйене отырып жүзеге асырады. Экологиялық құқықтың тағы бір ерекшелігі – бұл экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу əдісі, арнайы экологиялық əдістерге сүйене отырып жүзеге асырады. Мұндай əдістерге мыналар жатады:

  • Экологиялық реттеу əдісі;

  • Экономикалық əдіс;

  • Халықаралық- құқықтық əдіс.

  • Экология құқығы ұғымы жəне экологиялық құқық туралы түсінік. Табиғатты жəне оның құрамдас бөліктерін қорғау жəне жер қатынастары жəне оларды реттеу. Орман жəне су кодекстері. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану жəне ол туралы нормативтік актілер. Қоршаған ортаны қорғау жəне оны реттейтін заңдар. Экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық құқықтық жауапкершілік.

57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен экологиялық дауларды шешу мəселелері қарастырылады. Қ.Р-сының экологиялық заңнамасын бұзу Қ.Р-сының заңдарына сəйкес жауаптылыққа əкеп соғады. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар осы кодекстің 321, 322 жəне басқам да баптарына сəйкес жауапкершілікке тартылады. Ал экологиялық даулар сотта Қ.Р-сының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен шешіледі. Жеке жəне заңды тұлғалардың табиғат қорғау ісін жобалау, нормалау экологиялық сараптама жəне экологиялық аудит саласындағы жұмыстар жөніндегі қызмет көрсетуі арнайы лицензия негізінде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді Қ.Р-ның лицензиялау туралы заңнамасына сəйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады. Сондай- ақ осы кодеске сəйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын Қ.Р- ның үкіметі бекітеді.

Қ.Р.- ның экологиялық заңнамасын бұзу, қоршаған ортаға зиян келтіру бұл экологиялық құқық бұзушылық болып табылады. Ендеше, экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз кінəлі, құқыққа қарсы, заңға қайшы əрекет немесе əрекетсіздік. Экологиялық құқық бұзушылықты 3 түрге бөлеміз:

  1. Қ.Р.- ның экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке əкеп соғатын құқық бұзушылық.

  2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар.

  3. Экологиялық қылмыстар.

Қ.Р.- ның экологиялық заңнамасын бұзу Қ.Р.- ның заңдарына сəйкес жауапкершілікке тартылады.

Қ.Р.- ның əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 31бабына сəйкес əкімшілік жауапкершілікке жеке жəне заңды тұлғалар тартылады. Жеке тұлға иесі есі дұрыс 16 жасқа толған болуы керек. Жеке тұлғалар мен лауазымды адамдар экологиялық құқық бұзушылық үшін тəртіптік, материалдық, əкімшілік, азаматтық- құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер тек əкімшілік жəне азаматтыққұқықтық жауапкершілікке тартылады. Ал экологиялық заңдарды бұзғаны үшін əкімшілік, қылмыстық, азаматтық жəне тəртіптік жауапкершілік түрлері қолданыланы. Сондай- ақ 1995 ж. 30 тамызындағы республикалық референдумда қабылданған Қ.Р.- ның конституциясы экология құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады, өйткені бұл конституция табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің жалпы құқықтық негіздерін бекітіп береді. Ал экологиялық қатынастарды Қ.Р.- ның экология кодексі мен басқа да экологиялық заңдар реттейді. Қорыта келгенде экология құқығы адам өмірі мен денсаулығын қорғау оның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қамтамасыз ету экологиялық заңнаманың əрі экология құқығының негізгі мəні болып табылады.

58.Орман жəне су кодекстері жəне оның құқықтық негіздері.

Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды əлеуметтік басқарудың бір саласы,яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.

Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар.

​Бірінші-ҚР табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

​Екінші- ҚР халықтың ресми өкілі.

​Үшінші- Қоршаған табиғи ортаны қорғау оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

​Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың жəне шаралардың орындалуын ұйымдастыру іске асыру болып табылады. Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚР Конституциясы «Қоршаған табиғи ортаны қорғау уралы заң: жер кодексі, жер қойрауы жəне минералдық шикізаттарды ұқсату туралы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы жəне басқа экологиялық заңдар мен заңдық актілер.

Басқарудың нысандарына заң, шаруашылық, құқық қолданушылық, құқық орындаушылық жəне құқық қорғаушылық қызметтері жатады.

Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың жоспарлардың жəне шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жəне осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай жасау.

​Басқарудың осы аталған əдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру, тəрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тəртіп пен ережелерді бұзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Қоршаған ортаны қорғаудың əдістері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу, ластағаны үшін ақы төлеу, табиғи ресурстарды қорғау жəне толықтыру үшін ақы төлеу, қоршаған ортаны қорғау қорларын құру болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру болып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру болып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық құқық жəне бағдарламалық нысаналық құжаттар мен материалдарда ескеріледі. ҚР əлеуметтік экономикалық дамуын жоспарлаудың жобаларына табылған пайдаланудың əртүрлі бағыттар жөніндегі ұлттық бағдарламалар жəне тұжырымдамаларға енгізіледі.