- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
Жеке кəсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі жəне оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету.
Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кəсіпкерлік субьектілерінің теңдігі.
Жеке меншікке қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі.
Қ.Республикасында шағын кəсіпкерлікті дамытудың басымдылығы.
Қ.Р. заңдарында өнімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сəйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар жəне қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік əкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.
Коммерциялық құпия заңмен қорғалады. Азаматтар (А.К.) 19- бабына сəйкес жəне өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай ақ кəсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Екіншіден, жеке кəсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады жəне кəсіпкер ретінде есепке алынады. Ал кəсіпкерлік құқығына қатысушылар құқықтың субьектісі ретінде жүзеге асады. Кəсіпкерлік құқық субьектілері үш түрге бөлінеді. Олар шағын кəсіпкерлік субьектілері, орта кəсіпкерлік субьектілері жəне ірі кəсіпкерлік субьектілері.
Жеке кəсіпкерлік қызмет субьектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Қ.Р-ның заңдарында өзгеше көзделмесе жеке кəсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
Қ.Р.- ның заңдарына сəйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыруға.
Қ.Р.- ның заңдарында көзделген тəртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға.
Қ.Р.- ның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда өндірілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағасын дерьбес белгілеуге.
Жеке кəсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат беруге.
Өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға.
Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға.
Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің акредиттелген бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға.
Бақылыау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына жəне мемлекеттік органдарға жеке кəсіпкерлік субъектілерінің құқықтырын бұзуға кінəлі тұлғаларды жауапқа тарту мəселелері бойынша жүгінуге.
Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау жəне қорғау мəселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына сеігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқылы.
Қ.Р.- ның заңнамасын жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтарын жəне заңды мүдделерін сақтауға міндетті. Өндірілген өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет түрлерін Қ.Р.ның заңнамасының талаптарына сəйкестігін қаматмасыз етуге міндетті. Қ.Р.- ның лицензиялау туралы заңына сəйкес лицензилауға жататын жеке кəсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға, лицензиялар алуға міндетті. Қ.Р.- ның заңдарына сəйкес азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті. Кəсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы қызметі қажет. Мұның жеке кəсіпкерге де, заңды тұлғаларға да қатысы бар. Жек кəсіпкерлік субъектілерін заңды тұлғаларды мемелкеттік тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына сəйкес жүргізеді. Жек кəсіпкерлік субъектілерін қайта құру жəне тарату, заңды тұлғалар жəне қандайда бір заңды тұлға құрған ұйымды құқықтық формалар үшін азаматтық заң, сонымен қатар арнай заң белгілеген негіздерде жүзеге асады. Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уəкілеттік берген органның құрылтайшыларының шешімі бойынша, сонымен қатар заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарын өкілеттілік алған органның шешімі бойынша немесе заң актілерімен қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заң заңды тұлғаны қайта құрудың бес формасын: қосу, біріктіру, бөлу, өзгерту жəне тоқтату, сияқты формалары арқылы өз қызметін жүзеге асырады. Заңды тұлғаны тарату бұл оның мемлекеттік тізбесінен шығарылу жолымен қызметін тоқтатуы. Заңды тұлғаны тарату нəтижесіде мұндай кəсіпорындарда құқықтық мирасқорлық болмайды. Тарату ерікті түрде немесе мəжбүрлі түрде жүзеге асуы мүмкін. Жеке кəсіпкерлік субъектісі борышкердің арызы негізінде немесе Қ.Р.- ның заңымен көзделген жағдайларда басқа да тұлғалардың сотқа берген арызы негізінде сот шешімімен банкрот болып жарияланады. Банкроттық деп таратуға негіз болып табылатын борышкердің сот шешімімен танылған дəрменсіздігі. Дəрменсіздік деп борышкердің жеке кəсіпкердің немесе заңды тұлғаның кредит берушілердің ақшалай міндеттемелерін қанағаттандыруға еңбек шарты бойынша жұмыс істейтендердің еңбекақысын төлеуге сонымен қатар салыққа жəне бюджетке жəне бюджеттен тық қорларға төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге қабілетсіздігі танылады. Банкрот деп тану ерікті тəртіппен немесе мəжбүрлі түрде болуы мүмкін. Заңды тұлғаның банкроттық қызметі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған сəттен бастап тоқтатылады. Сот шешімімен мəжбүрлі түрде жеке кəсіпкерлер үшін қызметі тоқтатудың мынадай негіздері қарастырылған:
Банкрот болып танылған жағдайда.
Тіркеу барысында Қ.Р.- да жоюға жатпайтын сипаттағы заңның бұзу жəне жеке кəсіпкерлердің тіркелуі жарамсыз деп танылған жағдайда.
Қызметті жүзеге асыру барысында күнтізбелік жыл ішінде Қ.Р.- ның заңдары əлденеше рет немесе өрескел бұзылған жағайда немесе иесі қайтыс болды деп жарияланғанда немесе хабар- ошарсыз кетті деп танылғанда.
Кəсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі меншік, материалдық жəне материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілерінің арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Кəсіпкерлік құқығының қайнар көздері белгілі жүйені құрайды. Кəсіпкерлік құқығының заңдар жүйесі Қ.Р. Конституциясынан, Қ.Р.- ның азаматтық кодексінен, шаруашылық туралы заңынан, лицензиялау туралы заңынан, жеке кəсіпкерлік туралы заңдық нормалар жинағынан жəне Қ.Р.- ның президенті мен үкіметінің жарлығы мен қаулыларынан тұрады.
