- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
Мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың, соттардың азаматтық істерді қорғау, шешу тəртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот əділдігін сот қаулылырына сəйкес мəжбүрлеп орындау тəртібін реттейтін жүйе. Азаматтық іс жүргізу құқығында азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, əкімшілік жəне өзге де құқық қатынастарынан туындайтын істер қарастырылады. Азаматтық істерді қарау мен шешу тəртібі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексімен реттеледі. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектісі мемлекеттік билік органы сот, соттан қорғау сұраған тұлға немесе жауапкер ретіндегі куə, сарапшы жəне т.б. тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша іс жүргізу мынадай сатылардан тұрады. Олар:
Бұйрық арқылы іс жүргізу.
Талап қою арқылы іс жүргізу.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
Ерекше іс жүргізу.
Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу.
Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру.
Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша іс жүргізу.
49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
Қылмыстық іс жүргізу іс жүргізу құқығының күрделі салаларының бірі. Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- басқа сөзбен айтқанда қылмыстық істі сотта қарау. Нақтылап айтар болсақ, іс жүргізу дегеніміз-бұл заңмен реттелген, соттың алдын ала тергеу, анықтау жəне прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі.
Сонымен қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз —бұл заңмен реттелген соттың алдын ала тергеу, анықтау жəне прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі.
50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
Еңбек құқығы дегеніміз— меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығы 4 түрлі əдіс арқылы реттеледі:
Еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу.
Еңбектік құқықтық қатынастардың шарттық түрде ғана пайда болуы, өзгеруі жəне жойылуы.
Еңбек қатынастарын реттеуге еңбек ұжымдарын жəне кəсіподақ ұйымдарын қатыстыру.
Өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тəртібі.
Еңбек құқық қатынастары дегеніміз— жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек құқығы, əдіс-тəсілдері, қағидаттары, еңбек құқық қатынастары жəне бұл қатынастарды реттейтін еңбек заңнамасы туралы түсінік. Жеке жəне ұжымдық еңбек шарты. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері. Жұмыс жəне демалыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу. Еңбек даулары жəне оны реттеу негіздері. Еңбек құқығының қайнар көздері.
51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
Еңбек шарты дегеніміз— қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбашы нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сəйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кəсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын жəне заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшылай төлемдерді уақытында жəне толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайлары мен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек шартын 16 жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі.
Еңбек шартының мерзімі:
Белгіленбеген мерзімге.
Белгіленген мерзімге (29- бап, ЕК).
16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Сонымен қатар, еңбек шартын жасасу барысында осы кодекстің 31- бабына сəйкес қажетті құжаттар талап етіледі. Еңбек шарты жазбаша нысанда, 2 дана етіп жасалады жəне оған талаптар қол қояды. Еңбек шартының 1 данасы қызметкерде, 1 данасы жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының 1 данасын алуы, жазбаша нысанда расталады.
Екіншіден, еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың бірінші тармағында көзделген тəртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты, еңбек шартының тараптарының бірі жазбаша нысанда береді жəне екінші тарап оны берілген күннен бастап, күнтізбелік 7 күн ішінде қарайды.
Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сəйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс өтіліне қосылады жəне 3 айдан аспауға тиіс.
Сондай- ақ, тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға, орта жəне кəсіптік білім беру мекемелерін бітірген жəне алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға, мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді. Еңбек шартының қолданылуы тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен бастап басталады.
Осы кодектің 39- бабына сəйкес еңбек шарты алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп жəне тағы басқа негіздерге байланысты жасалса, онда сот оны жарамсыз деп таниды.
Қ.Р заңдарнда көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыстан шеттетуге міндетті (50- бап).
Еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерге сəйкес жүзеге асады: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, тараптардың еркінен тыс мəн- жайлар, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы жəне тағы басқа да осы 51- баптың негізінде тоқтатылуы мүмкін.
Еңбек шарты еңбек кодексінің 26- бабына сəйкес бұзылады.
