- •2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі
- •3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі
- •Қоғам мен меклекет. Мемлекеттің дамуына құқықтың рөлі
- •5.Құқықтық қатынастар, құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет
- •6.Құқықтық мемлекет
- •7.Конституция жəне конституциялық нормалар, конституция бойынша мемлекеттік конституциялық құрылымдар.
- •9. Президент өкілеттілігі
- •Конституциялық кеңес
- •Сот жəне соттар төрелігі
- •Жергілікті жəне өзін – өзі басқару органдары
- •Əкімшілік құқығы жəне оның əдіс – тəсілдері, əкімілік қатынастар жəне əкімшілік құқық нормалар
- •Атқарушы билік жəне мемлекеттік қызмет жəне мемлекеттік қызметтерің əкімшілік құқықтық мəртебесінің негіздері
- •Əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауаптылық жəне оның құқықтық негіздері мен əкімшілік құқығының қайнар көздері
- •Əкімшілік жауаптылық жəне əкімшіліік жаза жəне оның түрлері
- •Азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері.
- •Азаматтық мүліктік қатынас
- •Азаматтық құқық қатынастарының түрлері; мəміле, меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық жəне азаматтық құқығы шарт
- •Серіктес ұғымы
- •Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар
- •Қорғаншылық жəне қамқоршылық
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне
- •30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары
- •31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері
- •32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері
- •37.Қылмыс санаттары,қылмыстық жауаптылық,қылмыстың субьектісі мен обьектісі.
- •38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.
- •40. Қылмыстық жауаптылық жəне жазалаудан босату
- •41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.
- •42.Іс жүргізі құқығына түсініктеме. Іс жүргізі құқығының түрлері жəне іс жүргізудің сот төрелігі ұғымымен арақатынасы.
- •43. Азаматтық іс жүргізу заңдары.
- •44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
- •46.Қылмыстық іс жүргізу,қылмыстық іс жүргізу заңдары.
- •47.Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •48.Сот шешімдерін орындау.Қадағалау сатысында іс жүргізу.
- •49.Қылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.
- •50.Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары жəне еңбек құқығының қағидаттары.
- •51.Еңбек шарты жəне оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу жəне тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері жəне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).
- •52.Ұжымдық еңбек шарты жəне оның негіздері.
- •53.Жұмыс уақыты жəне жалақы төлену ерекшілігі.
- •54.Кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік құқығы туралы түсінік.
- •55.Кəсіпкерлік құқығының субьектілері:шағын,орта жəне ірі кəсіпкерлік жəне оларды құқықтық реттеу.
- •56.Экология ұғымы жəне экология құқығы туралы түсінік.
- •57.Қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық жəне экологиялық жауапкершілік.
- •59.Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылық зардаптары.
- •60.Ұжымдық шарт.
- •60. Ұжымдық шарт.
- •61. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу.
- •Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты жəне оны заңдық реттеу.
- •Жалақы жəне еңбекті нормалау.
- •Еңбек даулары жəне оны қорғау тəртібі.
- •66. Неке жəне отбасы қандай заңмен қорғалады?
- •69. Ерлі-зайыптыларға қатысты ахаж жəне сот құқықтары мен міндеттері.
- •70. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •71.Ата ана құқықтарынан айыру жəне оларды шектеу
- •73. Ата ана мен балалардың алименттік міндетттемелері
- •74. Қ.Р. Қылмыстық заңнамасы туралы түсінік
- •78. Халықаралық құқық нормасы мен принциптері жəне оның ішкі мемлекет құқығымен байланысы
- •79. Халықаралық құқық субьектілері жəне халықаралық құқықтық жауапкершілік
- •80. Халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
44. Азаматтық істі сотта қарау мен іс жүргізу сатылары.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот жəне басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар жəне процессуалдық əрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы жəне т.б.) процессуалдық əрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сəйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тəн белгілері а) сот істерін қарау мен шешу тəртібі алдын ала
азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот
мəжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар жəне өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында
дəлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет жəне ол заңға сəйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі
бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
талап қоюмен іс жүргізу істері; 3) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері; 4) ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық əрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді əзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару жəне т.б.
Азаматтық іс жүргізу сатылары
Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады
1- Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның арызы бойынша;
заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кəсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды жəне ол тиісті ұйғарым шығарады.
2-Істі сотта қарауға əзірлеу сатысы.
Азаматтық істерді қарағанда əзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақтылы жəне дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға əзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай əрекеттерді жасайды
талап қоюшыдан талаптардың мəн-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дəлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтар мен міндеттерін түсіндіреді;
қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мəн-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін жəне бұл қарсылықтарын қандай дəлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
үшінші тұлғаларды жəне өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мəселені шешеді;
іске прокурордың қатысуы туралы мəселені шешеді. Белгіленген тəртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан əрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ баларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы жəне қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мəселесін шешеді.
Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға жəне үшінші тұлғаларға қажетті дəлелдемелер жинауға жəрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куəларды жəне т.б. қарастыру мəселесін шешеді.
Судья іс жеткілікті əзірленген деп тапса, оны сот мəжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
- Сотта іс қарау сатысы.
Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мəні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
- Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру жəне наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс).
Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дəлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.
- Сот актілерін орындау сатысы.
Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мəжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).
- Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тəртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі).
Сот шешімінің дəлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тəртібімен қараудың нəтижесінде кеңесу бөмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды
Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылыты қанағаттандырмай тастайды;
Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды жəне істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды жəне талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
Бірінші, апелляциялық сатыдағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда жəне түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
45.Жеке тұлға құқықтарының бұзылу себептері. Адам баласы үйелменінің барлық мүшелеріне тəн қадірқасиетін, құқықтарының теңдігі мен тартып алынбайтындығын тану, бостандық пен əділдіктің жəне жалпыға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынына назар аудара отырып, адам құқықтарына деген елемеушілік, менсінбеушілік адам баласы арының зығырданын қайнататын тағылық жағдайға əкеліп соғатынына жəне дүние жүзі адамдары сөз бен наным-сенім бостандықтарына ие болып, үрей мен мұқтаждықтан ада бола алатын ортаны құру – адам баласының жоғары мəртебелі ұмтылысы деп жарияланғанына назар аудара отырып, адам баласы зорлық-зомбылық пен қанауға қарсы көтеріліске мəжбүр болатын жағдайды тудырмау үшін, адам құқықтары заң билігімен қорғалуы керек екеніне назар аудара отырып,
халықтар арасында достық қарым-қатынастың дамуына жəрдемдесу керек екеніне назар аудара отырып, Біріккен Ұлттар елдері өз Жарғысында негізгі адам құқықтарына, жеке адам басының қадір-қасиеті мен құндылығына жəне ерлер мен əйелдердің теңдігіне сенімдерін растап, əлеуметтік прогресс пен адамға ылайық өмір сүру деңгейін, нақтыланған бостандықтардан тыс, кең ауқымды бостандықтарды арттыруға жəрдемдесу керек деген шешімге келгендеріне назар аудара отырып, мүше-мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтықтамаса отырып, адам құқықтары мен негізгі бостандықтары жалпыға бірдей құрметтеліп сақталуына ықпал жасауға міндеттенгендеріне назар аудара отырып, осы міндеттемелерді толыққанды жүзеге асыру жолында осы құқықтар мен бостандықтардың мəн-мағынасы мен ерекшелітктерін ұғынып түсінудің маңызы зор екендігіне
назар аудара отырып, БАС АССАМБЛЕЯ,
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы əр адаммен қатар, қоғамның əр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру жəне ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, ұлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территориялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр.
