Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

41. Қылмыстың алдын алуға байланысты іс-шаралар.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ – қоғамға, мемлекетке, тұлғаға қауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат ісəрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық Құқық бұзушылық (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), əкімшілік Құқық бұзушылық (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тəртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі – қылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, əкімш., тəртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек, бүгінгі күні облыстағы білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Жалпы, құқық тəртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тəртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тəртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты. Бізді риза қылғаны, облыстағы білім беру ұйымдарында құрылған қамқоршылық жəне ақсақалдар кеңесінің тарапынан бүгінде мазмұнды жұмыстар да атқарылуда екен. Атап айтқанда, Тараз қаласының 38 білім мекемесінде осындай қамқорлық кеңестері құрылып, “Білім туралы” Заңның 44 бабының 9 тармағына жəне Білім жəне ғылым министрлігінің білім беру ұйымдарында қамқорлық кеңесін құру, оның жұмысын үйлестіру туралы əдістемелік нұсқаулығына сəйкес көп жұмыстар атқарылған. Соның нəтижесінде 38 мектеп бойынша құқық бұзуға бейім 382 бала қамқорлыққа алынған. Олардың ішінде 201-і жетім, 191-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар екен.Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар жəне жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тəрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мəселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін əлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы əлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бəсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тəрбиелей білуіміз керектігі. Тəрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тəрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тəрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында əке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тəртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр.

Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.

Тəрбие ұғымы мəнді де мағыналы ұғым, Əл-Фарабидің «Тəрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дəл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кəсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тəрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тəртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (əртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар жəне қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дəрігер, психологтар жəне инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен əлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті жəне өзекті ісі болып табылады