Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

38.Іс əрекеттің қылмыс екенін жоятын мəн жайлар, қылмыс сатылары.

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк органдардың ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн айтылып өткендей, қылмыстық заңға қайшылық, қоғамға қауiптiлiк, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық белгiлерi бар əрекет қылмыс деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар. ҚР ҚК бойынша мұндай жетi жағдайлар бар: қажеттi қорғану (ҚК-ң 32-бабы), қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру (ҚК-ң 33-бабы), аса қажеттiлiк (ҚК-ң 34-бабы), жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру (ҚК-ң 34-1-бабы), орынды тəуекел ету (ҚК-ң 35-бабы), күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу (ҚК-ң 36-бабы), бұйрықты немесе өкiмдi орындау (ҚК-ң 37-бабы). Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетiлген жағдайлар əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк элементiн жойып оған əлеуметтiк пайдалы сипатты бередi.

Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайларға бiрқатар жалпы белгiлер тəн:

1) Бұл жағдайлар сыртқы жағынан ҚК Ерекше бөлiмiндегi баптарда қарастырылған белгiлi бiр қылмыстың белгiлерiмен ұқсас келетiн адамның саналы жəне ерiктi əрекетiн құрайды, 2) Өзiнiң əлеуметтiк-саяси мазмұны бойынша олар қоғамға пайдалы болып табылады;

  1. Түрлi заң саласы нормаларымен де қарастырылады;

  2. Бұл жағдайлардың кез келгенi үшiн өзiнiң заңға сəйкестiк шарттары бар. Егер осы шарттардың бiрi бұзылған болса, онда адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып, əрекеттiң жасалу жағдайы жеңiлдетушi жағдай ретiнде ескерiледi

Іс- əрекеттің қылмыс еместігін айқындайтын мəнжайлар:

  1. Қажетті қорғану.

  2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік.

  3. Жалған қорғану.

  4. Мəжбүрлі қажеттілік.

  5. Қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру.

  6. Орынды тəуекел.

  7. Күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу.

  8. Бұйрықты немесе өкімді орындау.

Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу жəне қылмысты аяқтау.

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажетгіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылықка алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ойниетін қалыптастырады.

Бұл адамның ішкі сезімін, ойьш, ниетін білдіреді. Бірақ осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, əрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-əрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін-қылмыстық жауаптылық жоқ.

Қылмыс істеу сатылары:

  1. Қылмысқа дайындалу.

  2. Қылмысқа оқталу.

  3. Қылмысты істеуден өз еркімен бас тарту.

  4. Аяқталған қылмыс

39.Жаза тағайындау мен жазадан босату негіздері. Жаза тағайындау — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.

Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты жəне маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, əлеуметтік əділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны əділ əрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінəлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мəселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сəуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінəлі деп танылуға жатпайды жəне қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі жəне коғамдағы орнына қарамастан, əрбір қылмыстық істі заңға сəйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын жəне оның түрін; сотталушының кылмыстық əрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дəрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның əрекеттерінің мағынасын жəне келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кəмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ əйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын жəне жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінəсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі жəне кінəлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мəселелерді есепке алған жаза ғана əділ əрі заңға сай деп танылады.

Қылмыс жасаған адамға белгілі бір жазаны жеке дара тағайындау «Жаза тағайынаудың жалпы негіздері» деп аталатын арнайы ережелерге сəйкес жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз — əрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның əділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны əрі қарай орындау мақсатсыз жəне қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан əрі босатудан көрінеді.

  • барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, əскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тəртіптік əскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан əрі өтеуді қажет етпейді деп таныса жəне кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.

  • жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

  • сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан əрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан босату мəн жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру

мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату