Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

32. Салық жəне салық органдары мен олардың міндеттері,салық түрлері

«Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 18-б. сəйкес салық қызметі органдарының міндеттері:

  1. салықтың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;

  2. бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан əрі – міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың жəне аударудың, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдарды (бұдан əрі – əлеуметтік аударымдар) есептеудің жəне төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан əрі – міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың

жəне аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

  1. Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;

  2. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  3. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кодтары бар уəкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.

Салық органдарына уəкілетті органның облыстар, Астана жəне Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар жəне қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уəкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.

Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады жəне жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Уəкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.

Салық қызметі органдарының рəмізі болады. Салық қызметі органдары рəмізінің сипаттамасы мен оны пайдалану тəртібін уəкілетті орган бекітеді.

САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ: 1) Салықты алу тұрғысынан – а) Тікелей салықтар – олар кəсіпорындар мен тұрғындардан тікелей алынады (мүлік, көлік, табыс, жер, құнды қағаздар операциясынан алынатын салықтар); б) Жанама салықтар – бұл салықтарды мемлекет тікелей емес баға арқылы айналдыра отырып алады (кеден – баж, акциз, қосымша құн салығы); 2) Салық өсімі – арқылы: а) Прогрессивті табыстың өсуіне қарай салық мөлшері өседі; б) Пропорционалды – табыс өссе де, салық тұрақты түрде қалады (қосымша құн салығы 15). в) Регрессивті – табыс өскен сайын салық мөлшері төмендейд;. 3) Бюджет деңгейіне байланысты: а) Жалпы мемлекеттік салықтар – мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар (табыс, қосымша құн, акциз, құнды қағаздар операциясынан, арнайы қазба төлемдері мен жер байлығын пайдаланғандағы салықтар); б) Жергілікті салықтар – жергілікті бюджетке түсетін салықтар (мүлік, көлік, құрал – жабдық салығы, кəсіпкерлерді тіркеуден алынатын, белгілі бір қызмет түріне құқық беруден, аукционнан, т.б. алымдар).

33. Салықты құқықтық реттеу негіздері Салықтар.тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен жəне мемлекеттің пайда болуымен, оған əскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.

Салықтың мəні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен əдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Салықтар тауар.ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз жəне т.б. алынған. Тауар.ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі. бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) жəне белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.Салықты материалдық тұрғыдан алғанда. бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде жəне белгіленген тəртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың материалдық белгісі. салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді. Материалдық салықтың қатынастар. ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.

Қаржылық немесе салықтық құқық нормаларының күшіне байланысты салық қызметі аясындағы құқықтар мен міндеттер салықтық құқық субъектілеріне тəн болады.

Салықтық-құқықтық қатынастардың мемлекет уəкілдік берген уəкілетті органдарына келесідей сипаттама беруге болады:

  1. Осы субъектілердің əрекеттері жалпы мемлекеттік мүддені көздейді жəне олар осы қатынастарда мемлекет функциясын жүзеге асырады.

  2. Мемлекет тарапынан өктем өкілеттілік берілген мемлекеттік (кейде қаржылық) белгіленген.

34. Инвестиция ұғымы жəне оның түрлері Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кəсіпкерлік жəне басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттары, технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар. Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: è венчурлық è тікелей è портфельдік è аннуитеттік

Венчурлық капитал - бұл тəуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тəуекелділікпен жаңа іс-əрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кəсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тəуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тəуекелділік капиталға əртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кəсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін жəне осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу. Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты жəне бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл əртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе əртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ жəне депозиттік сертификаттар, аманаттық куəліктер, сақтандыру полистер жəне басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс əкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру жəне зейнетақы қорына салынатын қаржы. Сақтандыру компаниялары жəне зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қиыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.

35. Салық түрлері жіне оның құқықтық реттеу негіздері САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ: 1) Салықты алу тұрғысынан – а) Тікелей салықтар – олар кəсіпорындар мен тұрғындардан тікелей алынады (мүлік, көлік, табыс, жер, құнды қағаздар операциясынан алынатын салықтар); б) Жанама салықтар – бұл салықтарды мемлекет тікелей емес баға арқылы айналдыра отырып алады (кеден – баж, акциз, қосымша құн салығы); 2) Салық өсімі – арқылы: а) Прогрессивті табыстың өсуіне қарай салық мөлшері өседі; б) Пропорционалды – табыс өссе де, салық тұрақты түрде қалады (қосымша құн салығы 15). в) Регрессивті – табыс өскен сайын салық мөлшері төмендейд;. 3) Бюджет деңгейіне байланысты: а) Жалпы мемлекеттік салықтар – мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар (табыс, қосымша құн, акциз, құнды қағаздар операциясынан, арнайы қазба төлемдері мен жер байлығын пайдаланғандағы салықтар); б) Жергілікті салықтар – жергілікті бюджетке түсетін салықтар (мүлік, көлік, құрал – жабдық салығы, кəсіпкерлерді тіркеуден алынатын, белгілі бір қызмет түріне құқық беруден, аукционнан, т.б. алымдар). Салықтар.тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен жəне мемлекеттің пайда болуымен, оған əскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.

Салықтың мəні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен əдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Салықтар тауар.ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз жəне т.б. алынған. Тауар.ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.

Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі. бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) жəне белгілі бір

көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.Салықты материалдық тұрғыдан алғанда. бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде жəне белгіленген тəртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

Салықтың материалдық белгісі. салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді. Материалдық салықтың қатынастар. ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.

Қаржылық немесе салықтық құқық нормаларының күшіне байланысты салық қызметі аясындағы құқықтар мен міндеттер салықтық құқық субъектілеріне тəн болады.

Салықтық-құқықтық қатынастардың мемлекет уəкілдік берген уəкілетті органдарына келесідей сипаттама беруге болады:

  1. Осы субъектілердің əрекеттері жалпы мемлекеттік мүддені көздейді жəне олар осы қатынастарда мемлекет функциясын жүзеге асырады.

  2. Мемлекет тарапынан өктем өкілеттілік берілген мемлекеттік (кейде қаржылық) белгіленген.

36. Қылмыстық ұғым жəне қылмыстық құқық пəні түсінігі, міндеттері мен қағидаттары жəне қылмыстық заң мен оның қолдануы мен негіздері. ​ Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен жəне оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті əрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1. Қылмыс əрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол əрекетпен де, əрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Əрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Əрекетсіздікте кінəлі адам өзі жасай алатын əрекетті жəне жасалуы тиіс əрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

  1. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті əрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

  2. Қылмыс - əрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның əрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

  3. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінəсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған əрекет қылмыс болуы мүмкін.

  4. Жазалану. Егер əрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Əрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Қылмыстық құқыққылмыстылықты жəне қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-əрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пəні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, əділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, əкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстыққұқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық

қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше əдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім жəне ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тəртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дəрежесінің басым екенін анықтау жəне оған осы мəселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң қандай əрекеттер (іс-əрекеттер немесе əрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында жəне 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-əрекеттер мен əрекетсіздіктер шəңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді. Қылмыстық заң əр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.