Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать
  1. Өсиет бойынша мұрагерлік

Мұрагерлік- қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға(адамдарға) – мұрагерге ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға əмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Қ.Р.А.К-тің 6бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай, тұтас нəрсе ретінде жəне бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік өсиет арқылы немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ, мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған жəне мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет жəне заң бойынша мұрагер бола алады. Заң бойынша мұрагер болу құқығы кезек бойынша жүзеге асады жəне реттеледі.

  1. Қаржылық қатынастар жəне қаржы құқығының əдіс тəсілдері, қаржылық құқықтық нормалар жəне

қаржы құқығының жүйесі Қаржы құқығы дегеніміз—

мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу жəне пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қаржылық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады.Олар жалпы жəне ерекше бөлім.Жалпы бөлім мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері, ақша жүиесінің құқықтық негіздері, мемлекеттік қаржылар саласын басқару, қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері жəне басқа да институттардан тұрады. Ерекше бөлім: бюджет құқығы, қаржылық банктік құқық, қаржылық сақтандыру құқығы, қаржылық шаруашылық құқығы сияқты бөлімдерден тұрады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды. Мемлекеттің қаржылық қызметі үш түрлі əдіс арқылы реттеледі:

  1. Ақшалай қорларды қалыптастыру

  2. Ақшалай қорларды бөлу

  3. Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру

30. Бюджет құқығы, мемлекеттік бюджет жəне оның қалыптасу жолдары

Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, бөлу жəне бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың бір саласы болып табылады.

Бюджетті қалыптастыру əдістеріне:

1.Салықтарды белгілеу.

2.Алымдарды, баждарды, төлемақыларды белгілеу.

3.Салыққа жатпайтын кірістерді белгілеу.

4.Ұлттық банктің кірістерінен қаражат алу жəне т.б. əдістер жатады.

31. Бюджетті жоспарлау жəне оның құқықтық реттеу негіздері

Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі жəне пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мəні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, əлеуметтік реформаларды дамыту мен əрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің əр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мəнерленеді жəне əр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік əлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың жəне оның маңызды құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы жəне оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мəн береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық жəне бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында жəне мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру əдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері – мемлекеттің бюджеттік жүйенің ұйымдастырушылық құрылымын жəне оның бөлшектерін бекітетін бюджет құқығының жалпы бөлімінің инситуты. Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық жəне жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының жəне бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылыққұқықтық акті.