Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать
  1. Серіктес ұғымы

  1. Отбасы құқығы жəне отбасы құқығын реттейтін заңдар

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу жəне баланы отбасы тəрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Неке отбасы қатынастары Қ.Р-сының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы қабылданған неке жəне отбасы туралы кодексімен реттеледі. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы бөлім жəне ерекше бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер неке, отбасы, қорғаншылық жəне қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары сияқты мəселелер қарастырылады. Ал ерекше бөлімде азаматтық хал актілері жəне заңнама нормаларының қолданылу негіздері қарастырылады. Қ.Р-сының отбасы заңнамасы Республика конституциясына негізделеді, осы кодекстен Қ.Р-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  1. Неке жəне некеге тұрудың шарты жəне тəртібі Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не ранайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда некені қиюды мемлекеттік тіркеу орындарында медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның əкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса онда кəмелетке толмаған жұбай жəне оның заңды өкілдері немесе прокурор талап етуге құқығы бар.

Неке қиюмен құқығы бұзылған жұбай сондай- ақ мəжбүр ету алдау, қателесу нəтижесінде немесе неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс- əрекетінің мəнін түсінбеген жəне өзін билей алмаған жай- күйінің салдарынан ерлізайыптыларының біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса прокурор некені жарамсыз деп тануға құқығы бар. Жəне басқа-да осы заңнаманың 26 бабының негізінде неке жарамсыз болған жағдайда некені жарамсыд деп тануға құқығы бар. Некені тоқтату ерлізайыптылардың өздеріне байланысты емес мəн- жайлардың салдарынан немесе осы кодексте белгіленген тəртіппен некені бұзу жолымен ерлі- зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс- əрекеттер жасауы нəтижесінде ерлі- зайыптылар арасында заңды қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

  1. Қорғаншылық жəне қамқоршылық

Қорғаншылық жəне қамқоршылық жетім балаларды атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп- бағу, тəрбиелеу жəне оқыту мақсатында сондай-ақ олардың мүліктік жəне мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Мемлекет кəмелетке толмағандарға жəне əрекетке қабілетсіз немесе əрекетке қабілеті шектеулі кəмелетеке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз қызметін жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырады. Қ.Р-сының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мен оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың кəмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді жəне өзара қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметтері Қ.Р-ның Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүзеге асады. Қорғаншылық жəне қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары осы заңнаманың 123 бабында бекітіліп көрсетілген. Қорыта келгенде, отбасы құқығы өзінің қайнар көздері Қ.Р-сы конституциясы неке жəне отбасы туралы заңнама жəне осы заңнамаға сəйкес қабылданған өзге де заңдар арқылы реттеледі.