Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.68 Кб
Скачать

1. Мемлекет оның құрылымдық нысандары жəне басқару түрлері мемлекет дегеніміз—басқару функциясын орындайтын жəне оның көмегімен, қоғамның тіршілік- тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Мемлекет өзіне тəнбелгілері мен қажетіне жəне өзіндік мол мүмкіндіктеріне қарай экономиканы дамытудың əлеуметтік саяси- рухани, ұлтаралық жəне басқа да қатынастарды жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мəселелерін шешуге нақты қатынасып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде əрекет етеді. Сонымен қатар қазіргіше айтқанда мемлекетті адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне сай мынадай саяси ұйым ретінде түсінуге болады:

  1. Мемлекет қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, таптардың, топтардың жəне басқа да əлеуметтік субьектілердің қарым- қатынасын реттеп,бағыттау, олардың бірлескен іс- қимылына жағдай жасау жүктелген.

  2. Оның саясатын жүзеге асыру кең тармақты мемлекеттік органдар жұйесі мен биліктің ұйымдастырушылық құралдары. арқылы жүзеге асады .

  3. Тапсырманың бар орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субьектілердің қамтамасыз ететін əкімшілік- мəжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан ерекшеленетін өзіндік белгілері:

  1. Мемлекеттің аумағының (тереториясының) болуы.

  2. Жария билігінің болуы.

  3. Мемлекеттің халқының, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинау органдарының болуы.

  4. Мемлекеттің басқа қоғамдық саяси ұйымдардан тағы ерекшеленетін бір белгісі ол егемендек жəне тəуелсіздік сияқты белгілері (атрибуттарының) мен мемлекеттік тілінің болуы.

Мемлекеттің қызметі (функциясы) дегеніміз— неғұрлым тұрақты тіршілік ететін, мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешудегі атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары.

Мемлекет қызметі екі түрге бөлінеді. Олар ішкі жəне сыртқы қызметі. Мемлекет қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмі. Мемлекет механизмінің маңызды буындарын құрайтын ол мемлекет органдары (барлық мемлекеттік органдар билік жүйесі жағынан заң шығару, атқарушы жəне сот органдары) болып бөлінеді. Мемлекет механизмі дегеніміз— мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның қызметін (функцияларын) іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай- ақ биліктің ұйымдастырушылық жəне ұйымдастыру- мəжбүрлеу құралдарының жүйесі болып табылады.

Мемлекеттің басқару нысаны:

  1. Монархиялық (Абсолюттік монархия жəне конституциялық монархия).

  2. Республикалық (Парламенттік жəне президенттік республика).

Мемлекеттің əкімшілік құрылымы жағынан 3- ке бөлінеді. Олар:

  1. Унитарлық (біртұтас) мемлекет.

  2. Федеративтік мемлекеттер.

  3. Конфедерациялық мемлекет.

2.Құқық негіздері пəні жəне оның заң ғылымдары саласындағы алатын орны, рөлі

Құқық дегеніміз— жалпығы бірдей, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда жəне басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқықтың қоғамдағы негізгі қызметі қоғамдық қатнастарды реттеу (тəртіпті сақтау, қорғау жəне мемлекет органдарының зиянды іс-əрекетіне тыйым салу) құқық қүрделі құблыс, ол ғылымда зертелген құблыс, оған байланысты бірнеше теориялар бар .Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалисттік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалисттік теориялар.

Құқықтың белгілері: жүйелілігі, нормативтік сипаты, формальды анықтылығы, жалпыға міндеттілігі, адамдардың еркін білдіруі,мемлекеттің күшіне сүйенуі. Құқық өз міндеттерін заң арқылы жүзеге асырады. Заң дегеніміз— жалпыға бірдей, міндетті, мемлекеттік органдарда бекітілген, нормаланған актілердің жиынтығы. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы органы. Заң қоғамдағы күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң баптардан тұрады. Заңның əрбір бабы қатынастарды реттеуде бірін- бірі толықтырып отырады. Заңның ең жоғарғы құқықтық күші бар. Заңдар өз ішінде, түріне байланысты үш топқа бөлінеді. Олар конституция (негізгі заң), конституциялық заң жəне жай заң. Бұл заң түрлерінің ішіндегі ең жоғарғы құқықтық күші бар – Конституция. Сондай- ақ мемлекеттің барлық нормативтік актілері конституция негізінде, конституцияға сəйкес жасалып қабылдануы керек. Ал конституциялық заң, конституцияда құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Конституциялық заң конституцияға сəйкес жасалнып, қабылданады. Заңның келесі бір түрі бұл- жай заң. Құқықтық күші жағынан конституциялық заңнан кейін жай заң. Құқықтық күші жағынан əр түрлі дəрежеде болса да осы аталған заңдардың бəрі нормативтік құқықтық актілердің қатарына жатады.

3.«Құқық негіздері» пəні əдіс- тəсілдері мен жүйесі

«Құқық негіздері» пəні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын жəне олардың бір- бірімен байланысын , осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың жүйелік дамуы барысындағы салаларын жəне оларды реттейтін əдістер мен тəсілдерді біліп түсінуге жəне бұл салалар бойынша қолданылатын құқықтық нормативтік актілер таныстырып, олардың реттейтін қатынастарынан мағлұмат беретін пəн.

Сонымен қатар, бұл пəн қазіргі кезеңдегі еліміздегі қалыптасып келе жатқан құқықтық мемлекетті қалыптастыруға жəне оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге жəне мұндай мемлекеттің демократия мен азаматтық қоғамды орнатудағы алатын орнын анықтауға көмектесетін қоғамдық пəндердің бір саласы.

Құқық негіздері пəнінің əдіс- тəсілдері:

  1. Жалпылама əдістер (диалектикалық- материалистік).

  2. Жалпы ғылыми əдістер (талдау, жүйелеу, синтездеу). 3. Жекелеген əдістер (салыстырмалы, міндеттеу, социологиялық, статистикалық, т.б.).

Жалпы заң ғылымдары жүйесі жағынан бірнеше топқа бөлінеді .Олар: 1. Теориялық заң ғылымдары.

    1. Салалық заң ғылымдары (оған азаматтық, конституциялық, əкімшілік, қылмыстық, еңбек, т.б. құқық салалары жатады).

    2. Арнаулы заң ғылымдары (оған криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, экспертиза, сот статистикасы, т.б.).