- •1.Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
- •2.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
- •5.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
- •6.Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •7.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •8.Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •9.Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •10.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •11.Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
- •12.Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •14.Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
- •16.Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
- •17.Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
- •18.Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
- •19. Мұхит Мералыұлының "Зəуреш", "Айнамкөз", "Дүние-ау" өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз.
- •20.Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •22.Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
- •23. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •24.Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •25. А. Байтұрсыновтың "Қазақ салты" өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
- •26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
- •28.М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •29.Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
- •30.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •31.С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- •33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •34.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •35.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •36.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •37.Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •38.С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •39.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
- •40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
- •41.М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •44.Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
- •46.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- •47.Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
- •48. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
- •49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
- •50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
- •51.Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дамиды десем артық айтылғандық емес шығар.Жалпы алғанда , Абай атамыздың ұлағатты сөздерімен ес білгелі сусындып өсіп келеміз сыр сандығымда сақтаулы жатқан , ұлы Абайдың сөзімен айтсам «білсем, көрсем» деген ойлар есейген сайын маза берер емес.
Жақында, ыстық ықыласыммен ,тағылымды тәрбиемі тұнып тұрған , жастарға арналған достық татулық , жар сүю мәнділігін үйретіп қана қоймай , жанның тазалығын да санамызға құятын «Жігіттер ойын- арзан күлкі қымбат өлеңімен таныс болған жайымыз бар.
Заман озып , жер тозған кезде қазірші жастардың осы бір өлеңді сандығынды сақтап , тәрбиенің бір бөлшегі етіп жүргендері бар ма? Және осы өл5юеңдегі жігіттің міннз құлқы , оған тән қасиеттері бүгінгі күннің жігіттерінің бойынан көрініс бере ала ма ?Сөздің шыны керек , қазіргі жігіттерге қарап ішім ашып , санамды улап , «бұрынғы жігіттер, сері жігіттер қайда?» деген сұрақтар көкірегімді тесе өтті. Осы бір өлеңнің барын жоққа шыгарып , я болмаса қарама қарсы іс- әрекет жасап жүргендей көрінеді . Бұл өлеңде нағыз сезімдер мен рухани қасиеттер туралы айтылса олар оны ере етіп датқандары шамалы.
Бұған дәлел , біріншіден , бос сөз сөйлеп, уәдеге деген беріктігін жоғалтып , зиян әдеттерге әуес болып байсалдылық пен сабырлық қасиеттерін жоғалтып алуы.
Екіншіден , қазақтар – еті тірі , дені салауатты , өмірге іңкәр болған . Дала құнарының қаңқасы кеуіп қалса да , табиғат шөлейтке төнген қатерге қарсы күресте дәрменсіз болса да , қазақ өмірі үшін халықтың рухани қан тамырында икүш- жігердің көл -көсір қайнар көзі бар , тек қазақ жігіттерінің осы қайнардан айналуы өкінішті ақ.
Үшіншіден ауыздарына ақ ит кіріп , көк ит шығатын, нәзік жандылармен керісіп , санасып жататындары өтірік емес .
Әрине, көпке топырақ гашудан мен аулақпын . Марғасқа , жаны жайсаң , нағыз сері жігіттеріміз де жақтың қасы емес . Тек , саны саусақпен санарлық қана . Айта берсек , түбіне жетпейтін шексіз мәселе.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні , бұл жазылған ой беруге жай сөз болып қалар , біреуге қалшы болып тиер. Уақыт өте келе жоғарыда айтылған кемшіліктер дұрысталады деген сенімдемін . Абай атамыздың жүктеген . Дәл солай қазіргі таңда да жоғарыдағы билік иегерлері бізге , яғни , болашақ ұрпаққа білімді болып , егемен еліміздің лара тұлғасы болуды міндеттейді. Осы жүктелген міндетті адал атқарсақ , Қазақстанымыз тұғыры биік ел болады деген үмітпен қарайды.
https://vk.com/ubtent2kxx
50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
Қасым шығармашылығы-қазақ поэзиясының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлендерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомартық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. Сондай көрнекті шығармаларының бірі «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының үздік жетістігі болып табылатын бұл туындығы жас ақын Абдолла шығармада намысқой, Отансүйгіш, батыр, қайсар тұлға ретінде суреттеледі. Дәл осы батыр бейнесін шығармада Абдолла жау әскерінен саспай, жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, ауыл үшін сұрапыл ұрысқа ерлікпен қатысқанын байқай аламыз. Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев «Жау қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі» - батырлықтың асқар шыңындай секілді. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады»- деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын обрызды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Ерлік салт пен антына берік жауынгер кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толығы түседі. Ұлы Отан соғысының қызу кезінде жазылған бұл поэма сол кездің өзінде-ақ жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, ашыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезіміммен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты»- деп жазған. Шығарманың басты идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жерінде деген сүйіспеншілік. Абдолла есімі-нағыз батыр бейнесі ретінде ұрпақ жүрегінде мәңгі қалмақ. «Ақының адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр»- деп Тахаиу Ахтанов атамыз айтқандай Қасым дәл осы туындысымен бірге біздің арамызда.
Міне, осынау қаң майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпаққа қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау болашақ ұрпқтың қолындаекенін ұмытпайык!
https://vk.com/ubtent2kxx
