- •1.Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
- •2.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
- •5.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
- •6.Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •7.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •8.Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •9.Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •10.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •11.Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
- •12.Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •14.Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
- •16.Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
- •17.Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
- •18.Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
- •19. Мұхит Мералыұлының "Зəуреш", "Айнамкөз", "Дүние-ау" өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз.
- •20.Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •22.Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
- •23. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •24.Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •25. А. Байтұрсыновтың "Қазақ салты" өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
- •26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
- •28.М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •29.Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
- •30.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •31.С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- •33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •34.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •35.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •36.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •37.Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •38.С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •39.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
- •40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
- •41.М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •44.Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
- •46.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- •47.Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
- •48. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
- •49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
- •50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
- •51.Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
Алғаш қадамын поэзиядан бастап, шағын жнр арқылы романға келген Қабдеш Жұмаділов – қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік орны бар қаламгер. Жазушыны өз замандастары «қара сөздің Қабдеші», «тағдыры бөлек тарланбоз», «тағдырлы тұлға» деп атаған.
Көпшілікке кеңінен таныс «Тағдыр» романы Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман. Романдағы басты оқиға кейіпкерлері – Еженхан мен Ақатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мәселесі, шекара бөлінгеннен кейінгі халықтың тағдыры. Сонымен қатар, жазушы қазақ өмірінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын асқан шеберлікпен бейнелейді. Және бұл баяндаулардың автор үшін орны ерекше екені көрініп тұр.
Халқының басына ауыр күндер туған сәтте оған арқау болған басты кейіпкер – Демежанды жазушы бәрінен де бөлек тұлға ретінде бейнелейді. Демежанның екі ел шекарасын бөлгенде қазақ ауылдарына тиетін зардабын көріп жаны ауырғаны. Жұртпен бірге егін егіп, Ши-амбының алдына барып қорықпай елге салынан салықтары тым ауыр екенін айтуы еліне пайда ойлап жүрген азамат екенін дәлелдейді. Алайда, оның бұл іс-әрекеттері Дохалдай мен Байсеркеге ұнамай, оның үстінен ісс қозғайды. Ақыры аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы бұл екеуіне қосылып, Демежанға жалған жаланы ұлғайтып, дарға асуға үкім шығарады. Демежан осылай қайтыс болғанымен, ел ішінде оның жақсы атты, артынан қалдырған өшпес ісі жайлы айтылады. Негізінде салдырған мешіт-медреселері халық игілігіне қызмет етуде. Оның үстіне Демежанның абзал да аяулы жары Бибі Демежандай арыстың түтінін өшірмей отырып, ал оның айналасындағы адамдар Демежандай азаматтың есімін ауыздарынан тастамайды. Міне, осы сәтте романнан алар басты түйін «Бәріміз де пендеміз ғой... Бәріміз бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» қалыптасады. Менің ойымша, жазушы оны қарапайым халықтың Демежанның жақсы іс-әрекеттерін, оның ойын әлі де есте сақтауы арқылы көрсетеді. Жұрт Демежанға тапқан айыпқа сеніп, оны жамандамай құрметтеуі бұл түйінге анық дәлел. Өз ойым жазушының бұл ой-пікірімен толық келісемін. Себебі, адам баласы тек жақсылықты есте сақтап, жамандықты ұмыту қажет. Әрине, бұл оңай емес, бірақ бәріміз де пендеміз, бәріміз де бұл өмірде қателіктер жасаймыз. Сондықтанғ күнәләрді кешіріп, жақсылықты есте сақтайық. Сол кезде жұрт, мемлекет ішінде ынтымақ, береке болады деп ойлаймын.
https://vk.com/ubtent2kxx
46.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы қаншалықты көрініс тапқан? Бұл өзекті мәселе болғандықтан,жан-жақты талдауды қажет етеді. Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз.
Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары: бірінші – ұлттық болмысымызды сақтау, тәуелсіз ел болу; екіншісі – ұлттық тарихымызды ұлықтау; үшіншісі – туған тіліміздің мәртебесін көтеру. Оған дәлел ретінде қозғалыс көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х. Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі – бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 20 жыл ішінде әлем таныған, мойындаған ел болдық. Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын айтады. Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске асырды. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы. Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.
https://vk.com/ubtent2kxx
