- •1.Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
- •2.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
- •5.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
- •6.Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •7.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •8.Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •9.Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •10.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •11.Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
- •12.Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •14.Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
- •16.Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
- •17.Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
- •18.Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
- •19. Мұхит Мералыұлының "Зəуреш", "Айнамкөз", "Дүние-ау" өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз.
- •20.Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •22.Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
- •23. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •24.Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •25. А. Байтұрсыновтың "Қазақ салты" өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
- •26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
- •28.М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •29.Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
- •30.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •31.С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- •33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •34.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •35.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •36.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •37.Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •38.С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •39.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
- •40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
- •41.М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •44.Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
- •46.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- •47.Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
- •48. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
- •49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
- •50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
- •51.Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
41.М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
Қазақ поэзиясында өзінді жарқын өз қалдырған дарынды ақындарының бірі Мұқағали Мақатаев. М. Мақатаевтың «Дариға атты шағын поэмасы соғыс жылдары кезінде жесір қалған келіншектің тағдыры. Болмас тұңғышына бойлайды. Жан жарынан айырылып күңіренсе де сабырына сүйініп үмітіне ілесіп жас жесір әйел өзін қанша алдағанымен болмастың құшағынан құтыла алмай « аһ ұрап» ән салады:
Дариға отыр ән салып
Өлі бір кешке жан салып
Сұңқардай едім жердегі
Аққудай едім көлдегі
Жеңгенің азалы құлақтан ещ кетер емес тау аңғарларын шатқалдарын аралап алысқа қалықтап барады.Аңсарын жасара алмай жылаған келіншектің көз жасы орманда қалған тағдыр –әннің шарассыздан жарық дүниеге шағынуы еді. Мұндай өмірді бастап амалсыз өткерген мыңдардың құлақтан кетпейтін зары еді. Ақын қай тақырыпты жазсса да жалған сезім мылтырық сөзге әуез болмады. Ол туралы: «мен жырламаймын» ән саламын. Сыры бір замандаспен мындасын. Көгендеп жыр қосағын келмейді. Жыр жасағым «немесе тіп ті де мен еместі» Мен дегенім өзгенің жас сырын ұғу үшін өзімді зерттгенді жөн көремін» дейді. Мұқағали шығармашылығын негізгі « - Өзін – өзі зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалары талғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық азаматтық адалдық ар намыс рух, пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізген. Қорыта келе айтарымыз . «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда,өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін , тұрмыс –күйін,арман –мүддесін,тарихи тұрғындағы ұлттық портрентін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады . Өлеңмен де ,өмірмен де бүкпесіз қауышып ,қалтарсыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім ертінде өтті. «Жүрегінің түбіне кер аласырмай » байытып кетті . Дариғаның көкірегіне сыймаған жан-жүрегім жылдар бойы азаптап қинаған сезім ақыры бостандық алды – бақиға кетті . Шынайы өмір шындығы мен романтикалық рух, шешімнің кейіпкер өлімі арқылы түйінделуі арқылы нәзік сезімталдығының күні философиялық жинақтау мен баыптауының өзіндік моделі.
https://vk.com/ubtent2kxx
42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
Өмірдің мәні мен сәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе де, жойылмақ емес.
Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, - деген ойы – ғашықтық сезіміне берген бағасы деп білемін.
Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті? Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын.
Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны жұрттың өсегі. Бұған дәлел - құдіретті "Қорлан" әні кешегі- деуі ақынның адамзат атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.
Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан әнімен бір арнаға тоғысады. Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін айтады. « ...Ғашық болып өлу қандай мәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы жетпеген арманын мәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сәт есінен шығармай көз жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мәртебе екендігін мен де мойындаймын.
Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?
Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете берейік дегеім келеді.
https://vk.com/ubtent2kxx 43.С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма? |
Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақстанның Халық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). Біз бүгін жазушының "Заманай мен Аманай" повесіне тоқталамыз. Алдымен әңгімеден үзінді келтірейік. ...Бұлардың елден алып шыққан азықтары кеше біткен. Қанша үнемдеп, қысып ұстағанмен, қоржын түбінде қалған бір уыс малтадан басқа тіске басар түгел таусылған. Бір мезгіл ауыздарына салып сорып, шаймен алдарқатқан малта да азайып, енді талғажау етер құрттың өзін соңғы талшық санап, үнемдей бастаған. Екеуі тағы да біразға дейін үнсіз жатты, күндізгі ұзақ жүрістен талып, өлердей шаршаса да, жаланған аштық ішті бүріп, бұрап, көзге тірелген ұйқы ашылып кетті. Аманай қанша шыдап, бағайын десе де болмады. Орнынан тұрып, қараңғыда сипап іздеп, бас жақтарында жатқан қоржын ішінен екі малта алып, орнына қайта жайғасты да, біреуін аузына салып, екіншісін әжесінің қолына апарды. - Мә, әже, сенің де қарның ашты ғой. - Жоқ, жемеймін. Шөл келтіреді, денемде қызу бар, өзің же, балам. Үңгірге кіргенде тұла бойы құрысып, тоңып, басы зеңіп, қатты ауырлап қалған Балзияның денесі түнге қарай ысып, күйіп, барған сайын қызуы күшейе түсті. Өзінің әбден зорығып титықтаған әлсіздігін сезіп, енді ауырса, қайтып тұра алмасына көзі жеткен әже тілі сөзге келіп тұрғанда немересіне соңғы аманатын айтуға бекінді. - Аманай, жалғызым - деді Балзия даусы жарықшақтанып. - О, не әже? – деді солпылдатып малта сорғанын қоя қойып. Аманай әже сөзіне құлақ түрді. - Бұдан әрі жүруге енді шамам жоқ...... Әл бітті. Осы жерде қалатын шығармын... Егер олай - бұлай боп кетсем, мені қойшы, дәмім таусылған адаммын, осы жерде біреу-міреу тауып алар.... - Неге, әже? Неге қаласың? – Тұла бойы әлде бір қорқыныштан тітіркеніп кеткен Аманайдың аузына басқа сөз түспеді. - Жаман айтпай, жақсы жоқ, балам, тыңдап ал. Мұқият тыңда. Сөзімді бөлме. Менің сөзімді түгел тыңда ұғып ал. - Балзия бұл жолы әр сөзін шегелеп, ұғымды етіп жеткізе айтуға тырысып бақты. - Біз соңғы асуға келдік. Бұл асудың арғы жағында, өзіңе талай айтқан Жетісу жері - жалпақ ел бар. Ол - сенің ата мекенің. Алтын бесігің. Оған жетсең, жамандық көрмессің, бағың да, көзің де ашылар. Ендігі тіршілігің сол жерге байланысты. Ол жерде Атымтай атаңның, бүкіл ел - бабаңның зираты, белгісі жатыр. Оған жететін бұдан әрі екі жол бар. Қолайлысы - төте жол. Ол бағана өзіңе көрсеткен биік шыңның бауырындағы Қылкөпір дейтін жалғыз аяқ қия соқпақ. Осы арадан күндіз көрсең көрінеді. Соны бетке алып жүре бер. Қия жолдан ассаң ар жағы ылғи еңіс.... Ол жақ бөктерінде малшылар да, аңшылар да кездесіп қалуы мүмкін. Олардан енді қорықпа. Кездесе қалсаң, жайыңды айт. Еліме келе жатырмын де. Әкем аты - Заманай, атам аты - Атымтай дерсің. Қайда барсаң да осы атаңның аты арқылы сенің кім екеніңді ел түсінеді.... Енді бір-ақ күн жүрсең, жетіп те қаларсың. Ит - құстан сақ бол.... Не көрсең де енді еліңмен бірге көр. Ертең ер жеткенде бәрін ұғасың. Әзірше.... жолың болсын.... Енді дорбаңдағы малтаны екі қалтаңа бөліп салып ал. - Аманай әже сөзін түгел ұқпаса да, алыстан мұнартқан сағымдай, әлде бір жұмбақ тіршілікті сезетін сияқты. Бірақ жалғыз кету, әжені тастап кету дегенді мүлдем түсінбейді. Бұлай болар деп тіпті осы жарты ай бойғы жол үстінде әсте ойлап көрген емес. Ойласа да түсінбес еді. - Әже мен сенсіз ешқайда бармаймын,- деді әлден уақытта Аманай даусы бұзылып, жыларманға келіп. - Мен енді жүре алмаймын дедім ғой. Мені аясаң, алдағы елге тез жет. Қайтып келіп мені алып кетерсің, әйтпесе екеуміз де осы үңгірде мәңгі қаламыз.... Түсін мұны, Аманай сен енді Атымтай ұрпағынан жалғыз азаматсың. Қорықпа. Жол жүруді үйрендің ғой... Бұдан әрі екеуі де ұзақ үнсіз жатты. Аманай ішін бұраған аштығын да ұмытқан тәрізді. Басына келген неше бір шым-шытырық ойдың жетегінде, көп уақытқа дейін ұйқылы-ояу Аманай ұйқыға кеткен. Бұл үзіндіні оқи отырып, туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайтынын түсінеміз. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт деген ойға келесің.
https://vk.com/ubtent2kxx
