Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
51 эссе жаратылыстану багыты httpsvk.comubtent2kxx.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.41 Кб
Скачать

39.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті қаламгері, талай тарихи төл туындылардың авторы- Ә.Нұршайықов өзінің өнегі өмір жолында халық арасында кеңінен таралған біршама туындылары болса да, ақынның кейбір жазушының есімін даралап тұратын шығармасы – “Ақиқат пен аңыз” роман – диалогі. Бұл шығарманың қазақ романдарының тарихында өнеге мен көрегендік, танымдық маңызы үлкен.

Ақиқат пен аңыз – Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухты шығармаларының бірі бұл шығармада Ұлы Отан соғыстың даңқты қаһарманы Бауыржан Момышұлының азаматтық ерлік тұлғасы суреттеледі. Ол автор мен батыр арасындағы кең көлемді диалогтан құрылған шығарма. “Ақиқат пен аңыз” роман-диологіндегі батыр бейнесін автор сөздері арқылы бейнелей аламыз. Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бері, Совет армиясының үздік мектебіне шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмірі – автордың аз сөбен көп мағына ерудегі жетістікті деп білемін. Шығармадағы батыр өзінің айтқанынан қайтпайтын, шыншыл, тәкаппар ер мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен батыр әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам, өлсе де өтрік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі ретінде суреттелетін Бауыржан бейнесі халыққы онымен сырласқан сөздерінен-ақ байқалады. Шығарманы оқыған адам Бауыржан Момышұлының өзімен тілдескендей күй кешіп, таңданысын жасыра алмасы анық. Автор өз кейіпкерінің бойындағы асыл қасиеттердің қай-қайсысын да дәл, терең әрі көркем суреттей білді. Соның арқасында батырдың баладан данаға дейінгі, қатардағы жауынгерден қолбасыға дейінгі өсу жолы толық көрініс тапты.

Ақиқат пен аңыз” шығармасының басты жетістігі атты аңызға айналған заман қаһарманның жардың біртұтас тұлғасын жасауында біз Бауыржанның ірі азаматтық келбетін оның әрбір іс әрекетінен, сөзі мен мінезінен айқын аңғара аламыз. Бауыржан Момышұлының қайсар мінезін танытуда: “Оған майдан даласын уақытша қалдыруға ұсыныс жасағанда, - жоқ, жолдас Менің кеудемде адамдық тілек, әкелік мейірден басқа жауынгерлік ар мен намыс бар. Осы дивизия құрылған кезде барлығымыз да құрып бітуіміз керек. Ақырғы қасық қаны бойында жүрген азаматтар осы дивизияның құрамында болып, жеңіске жетуге міндетті”, - деген сөздерінен-ақ байқай алдым. Романың аяғында “Ерлік – адам жанының лап кеткен жалыны, жарық еткен найзағайы” дегендей Бауыржанның өмірлік тәжіребесінен сыналған өнеге, өсиет келтірілген. Ол жастарды, келешек қауымды отаншылдыққа халықтар достығын қадірлі білуге шақырды. Жалпы алғанда, Б.Момышұлы – шынайы батырлықтың символы болса, Ә.Нұршайықов осы бейнені халыққа, ұрпаққа өнеге, үлгі етіп танытқан тұлға деп ойлаймын.

https://vk.com/ubtent2kxx

40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз

Әже. Әже ата – ананың анасы, үйдің үлкені, мейірімі мол, құшағы кең, ақылы сара, өзі дана, немере мен шөберелердің сүйікті жаны. Десе де қазақ әдебиетінде әже жайлы өлең жазып, прозаға қосу ХХ ғасырда қолға алынды. Оған себеп – бірінен соң бірі жалғасқан тарихи әлеуметтік жағдай.

Әжелер өнегесі мен олардың тәлім – тәрбие ұрығын себуші, ұлттық салт – дәстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретінде ешкім қайталай алмайтын бейнесі XVI – XVIII ғасырларда – ақ айқындалып, ХХ ғасырдағы қазақ прозасында, поэзиясында анық көрініс табуына елеулі әсер етті. Ел тарихында бір рулы елге ана болып, ел бірлігін сақтап келген Домалақ ана, Абайдың әжесі Зере секілді әжелердің бейнесі аңыз – әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Әжелер туралы жазылған өлеңдер де көп. Әнге айналғандары қаншама?! Мәселен, М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе», Қ.Мырзалиевтың «Асыл әже», Н.Нәжмеденовтың «Әжеме», Ербол Бейілхан «Әже», С.Жиенбаетың «Таба нан» тағы басқа әже тақырыбындағы өлеңдері.

М.Мақатаетың «Ақ кимешек көрінсе» деген әже туралы өлеңіндегі әже туралы ойлар жоғарыдағы аты аталған туындылардағы әжелер бейнесімен байланысы қандай? Аталмыш шығармалардағы әжелер – «Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!» деп Мұқағали ақын айтқандай, таққа отырып ел басқармағанымен, ерінен бұрын сөз бастамағанымен, барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұрады. Әжелер өнегесі – ұрпақтан – ұқпаққа ұласып, ғасырдан – ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Обал, сауап, ынсап, парыз, аманат, борыш, қанағат секілді ұғымдар маңызының айқындалып, бала санасына терең сіңуіне әже ықпалы зор екендігі сөз болады. Өз жұртының дәстүрін күзеткен әжелерге деген сағыныш, ерекше құрмет анық байқалады. Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт – дәстүрімен, тәлім – тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің орны, әженің рөлі айтарлықтай.

https://vk.com/ubtent2kxx