Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
51 эссе жаратылыстану багыты httpsvk.comubtent2kxx.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.41 Кб
Скачать

35.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, жаңа заманның жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезов. Оның өмір жолына зер салғанда, мен жалпы өткен кезге көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көруге мүмкіндік алдым. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. Әуезов мұраға заманнан заманға, ғасырдан ғасырға ұласатаны сөзсіз.

Адамның көркем шығармаларын санайтын болсақ санына жетпейміз. Олардың әрқайсысының мағынасы тереңде жатыр. Қазақстаның мәдениеті мен дәстүрін ашық айқын көрсететін әдеби мұраларының бірі «Еңлік-Кебек» драмасы . Бұл жазушының Қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысы. «Еңлік-Кебек» - екі жастың махаббатын жар ететін шығармасы. Ақын поэмасы адам баласының қыр-сырымен сыр шегуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл- парасат жайлы толғайды. Шығарманың басты кейіпкерлері ер жүрек Кебек батыр мен сезімдерінің топталуы, шарасыздықтары, екі ортасыңдағы алауыздық баяндалады. Ескі әдет ғұрыптың қоспағына түскен екі жастың өлімі туралы сөз қозғалуы “Жан қимақ бар, Жар қимақ жоқ” демекші егіз жүрек бірге жан тапсырады. Осы керемет драманы оқыған әрбір азаматтың көкегінде сұрақ туындайды “ Қос ғашықтардың жан түрайгерліс өлеміне ой шонжарлар кінәлі ме?” Менің ойымша билердің шешімі әділетсіз. Олай дейтін себебім бірін-бірі шынайы сүйген жандар әрқашан бірге болып, бақытты ғұмыр кешуі тиісті. Ал бұл драмада билердің қатыгезімен, солардың жауыздығымен бір шаңырақ жоқ болуы туралы жазылады. Осыңда мен сол замандағы әдет-ғұрыптың, өмірдің екінші жағын аңғардым. “Әдеттен аттаған оңбас” деп бекер айтылмаса керек. Қорыта айтқанда, Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» драмасын оқыған әрбір қазақтың қара домалақ баласы өзінің арғы ата-бабаларының салт-дәстүрімен танысады. Осындай керемет туындылармыз ұрпақтан- ұрпаққа таралып, болашақ ұрпаққа жете берсе дегім келеді

https://vk.com/ubtent2kxx

36.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?

1928 жылы ақын С.Мұханов драмалы оқиғаға құрылған “Сұлушаш” поэмасын жазды. Поэмада жиырмасыншы жалдардағы қазақ поэзиясының таңдаулы үлгісіне саналуына, тіл шеберлігі және оның халықтың сипаты себеп болды. Поэмаға арқау еткен оқиғаның таптық мәні зор еді, ескі қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздік көрген қорлығы , әсіресе адамның бас бостандығы жоқтығы бейнеленген.

Поэмадағы бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың өміріне құрылған. Яғни осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір-біріне деген махаббаты баяндалады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталды. Алтай мен Сұлушаш бірін-бірі жан тәнімен жақсы көрген, албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен айырады. Ақырында қуған-сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып өледі. Ақын халықтық аңызды анық екі жастың орындалмаған арманын хикая етеді. Ақын аянышты өткен екі өмірдің тағдырын көрсету мағынасында емес, поэмаға күшті әлеуметтік арқау беріп, ол арқылы қазақ даласында өткен әділетсіздікті әшкерледі. Яғни, ақын кіршіксіз таза екі жанның арманына жете алмай қыршын кетуі сол заман кесемінен деген ойды осы поэмада уағыздайды. Бұл поэмада менің жеке ойымша: атам заманғы жайттар емес, қазақтың таяу мерзімдегі хан-күй, қоғамдық, әділеттік жайы, қарама-қарсы сияқты саяси мәні зор оқиғалар келтіріледі. Мәселен, айта кетсем, Алтайдың бар іс-әрекеті бас бостандығы үшін, теңдік үшін күрес. Сүйгені Сұлушашда қосылу жасында ол үлкен өмір азабын көреді, ақыры арманына жете алмай трагедияға ұшырайды. Алтай поэмада батыл, ер-жүрек болып бейнеленеді. Оның өмірі байдың малын бағумен өткен. Сондықтан да кек пен өли оған айрықша күні береді. “Сол бейнеттің бәрін де көргенімен, болып өсті ер Алтай ер сымбатты”,-дейді ақын С.Мұханов. Бір доғал, жасынан бір бетті болды. Кекшіл қасқыр сықылды кекті болды. Аузынан шыққын сөзден қайтпай-тұғын, Сөз ұстағыш қажырлы, сертті болды. Сол бірбеткей бетінен қайтпаймын деп, Жасында талайлардан теркі көрді, Бала күннен әлдінің қылығы өтіп, Жас күнінен өзегі өртті болды. Қайсырлық, табандылық-оның басты қаситеі. Поэмада ғашықтар діңгегі бұл – Алтай деп ойлаймын. Себебі, байлардан надандық, озбырлық, азаптаушылықты да көрген осы Алтай.  

https://vk.com/ubtent2kxx