- •1.Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
- •2.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
- •5.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
- •6.Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •7.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •8.Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •9.Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •10.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •11.Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
- •12.Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •14.Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
- •16.Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
- •17.Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
- •18.Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
- •19. Мұхит Мералыұлының "Зəуреш", "Айнамкөз", "Дүние-ау" өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз.
- •20.Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •22.Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
- •23. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •24.Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •25. А. Байтұрсыновтың "Қазақ салты" өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
- •26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
- •28.М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •29.Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
- •30.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •31.С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- •33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •34.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •35.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •36.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •37.Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •38.С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •39.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
- •40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
- •41.М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •44.Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
- •46.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- •47.Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
- •48. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
- •49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
- •50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
- •51.Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы «ас» өз ортасы қала берді, бүкіл халыққа белгілі тұлғалардың қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі. “Сауын айтып ас берді”- дейді, яғни төрт тарап жұртқа, астың өтілетіні туралы алуан-ала хабар беріледі. Хабар тиген жұрт ас болатын жерге төрт тараптан жиыла бастайды. Ас бір күндік шара емес, кемі үш күнге созылады. Ас өткізуді және асқа келген қонақтарды күту үшін, ас берушінің жақын туысы, жақындары үлкен шығынға шығады. Аста отырып , аста ат бәйгесі, күрес, айтыс , ән өнері, жамбы ату секілді ұлттық ойындар да ұйымдастырылады. Паң Нұрмағанбет өткізген «Сағынай асы», Абай жолы романында суреттелген “Бөжей асы” да осындай астардың бірі. Бөжей асы мен Сағынай асының ұқсастықтары баршылық. Сағынай асы мен Бөжей асының басты ерекшелігі дәстірге сай қайтыс болған үлкен кісіге ас беруі болып табылады. Бұл дегеніміз өлген адамның атағы кеңге жайылады, келген қонақ: “Артында ұрпақтары, елі бар екен”,- деп кетеді. Екі шығармада да ас беруді көркем бейнелейді. І.Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасындағы Сағынай асын “Бір үйде бауырсақтай бәйбішелер отырса, бір үйде шынырлаған қобыз, бір үйде ыңыранған домбыра дауысы естіледі, құранмен жел түсірген молда ысқырынса, бір үйде өңмеңдеген кәрі ақын мен бала ақын айтысып жатыр”- деп автор ас беруді әдемі, жақсы жағынан бейнелейді. Ит басына іркіт төгіліп жатқан осы дырдудың көлеңкесі нақтары тағы бар:
Ет асып, пышақ қамрап, малды қырған Кедейге сонда ырза емес бай антұрған. Жалғыз-ақ бұл жиында малшылар жоқ,
Аңсаған ас етіне қойшы қырдан, -
деп, тендік, шындық бұл жерде де жоқ екенін көрсетеді. Ал М.Әуезов, Абай жасындағы Бөжей асын басқаша бейнелейді. Оны былай суреттейді: “Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты . Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болады”. Міне, ас рәсімі осылай суреттелген. Бөжей асы мен Сағынтай асы екі шығарманың басты арқауы десекте болады. Бөжей асынан Абайдың нағыз азаматтығын байқасақ, Сағынтай асынан Құлагердің мықтылығын байқаймыз. Қорыта айтқанда М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асы да, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынтай асы да екі шығарманын басты арқауы. Екі ас беру рәсіміне қарай отырып сол заманда қайтқан адамдарды қадір тұтып, құрметтейтінін және ұмытпағандығының белгісі ретінде арнайы ас рәсімін өткізгенін білеміз. Сол заманғы дәстір қазірде бар деуге болады, бірақ ат шабыстырып көкпар ойнатпағанымен, өлінің аруағына құрмет ретінде арнап, ағайын-туыс жинап ас беру қазірде сақталған
https://vk.com/ubtent2kxx
34.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
«Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез бен орамды сөздер арқылы кейіпкерлерді әсерлендіре түседі. Мұнда кейіпкерлердің адалдығын, сертке беріктігін, сөз қолданысы мен мінез үйлесімділігін ашып көрсетеді.
Осы драмада өз бақытын табудың жолын іздеген екі кейіпкер де бірін-бірі сырттай естіген, әрқайсысы өзіне лайық тек сол болар деген ойға пайымдаумен көрерменді қызықтырады. Автор неге Еңлікті тек батырға лайық жар етіп суреттейді? Еңлікті сөзі ұтымды, ақылды, басынан сөз асырмайтын ер мінезді қызға тек өзіндей батыр ғана тең екенін көрсеткісі келеді.
Драма кейіпкерлерінің махаббат үшін күресін ішкі жан әлемінің тілдесуінен көреміз.Оны Кебектің Абызға айтқан мына сөздері: «...Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат! Сауық құрам – ән сүйем, саят құрам – аң сүйем, жалын ұрам – жар сүйем...», - деген сөздері жалынды махаббатқа бөленген, ыстық сезімін көрсетеді.Екеуі жартас басында Кебектің аңшылық құрып жүргендегі кездесуінде іштей ұғынысады. Автор осы жерде неге Еңлікке сөз бастатып, үйіне қонаққа шақыртады? Ондағысы екі жастың көңілін жарастыру. «...Анық Кебек сен болсаң, өзім де айтар жайым бар. Жүр Батыр! ...Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген әлдеқандай деме, Кебек...», - деген сөздерді арқылы қыздың бас қайғысын бөлісетін, үлкен сеніммен нағыз арқа сүйер адал жанды тапқандықтан айтқанын білеміз.
Кездесе жүріп, екі елдің рұқсат бермейтінін біліп, қашуға бел буады. Сондағы Кебектің монологі: «...Жазығым жар сүйгенім болса, бердім барды Еңлігімнің жолында...», - деуі арқылы белді бекем буғаны белгілі. Еңлік сахнада көрінгенде Кебектің «Келші жаным, күпті қылмай, сертіңменен келдің бе?»,- дегеніне Еңліктің «Келдім, батыр, бар тілегім жолыңда...», - деген сөздермен жауап қатуынан махаббаттың жолында үлкен құрбандықпен табысқан екі жасты көз алдымызға әкеледі.
Драма кейіпкерлерінің өн бойы, сөйлеу тілі – әдеби көркем тілге, бейнелеу әдісіне, қиял қанатын қияға сермер шеберліктің ерекше бітімін танытқан. Артында қалып бара жатқан ата-анасын қимастықпен қоштасуы өлең жолдарымен айтылады.
Қорыта келгенде, «Еңлік-Кебек» драмасы бірін-бірі сүйген екі жастың сертке берік, қайсар мінездері мен өмір үшін арпалысын көрсетеді. Көрерменге үміт пен ізгілік таратады. Екеуінің адалдығы мен шынайылығы кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын.
https://vk.com/ubtent2kxx
