Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
51 эссе жаратылыстану багыты httpsvk.comubtent2kxx.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.41 Кб
Скачать

25. А. Байтұрсыновтың "Қазақ салты" өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.

"Қазақ салты" өлеңі қазақ халқының Ресейге бодан болуының негізгі себептері, нақтырақ айтсақ қазақтың өзіне тән кемшіліктері түсіндірілген Ахмет Байтұрсыновтын ой-толғауларының нәтижесі. Автор өленде өзінің сыни көзқарасын нақты айқындаған. Қазақтың қаранғылығын сөз еткен. Әйтсе де, өз халқына деген жанының ашуы, өкініші, мұңы сезіледі. Ахмет Байтұрсынов бұл өлеңінде қазақ халқының менталитетінің жағымсыз жағын, санылаусыз салтын ашып жазды. Қазақтың ұйымшылдығының, ауызбіршілігінің жоқтығынан бір-біріне соқтығып, алауыз, қырық-пышақ болып жүрген кезде, сырттан келген орыстың алдап қазақ жерін басып алғанын сезбей де қалды. XVIII ғасырдан бастап бытырап, өз елінде бірлігін жоғалта бастаған қазақ халқының ХХ ғасырға таман жағдайының қиындай түскенін  "...Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік",-деп жеткізеді. Бұл өленде қазақ халқының саяси санасының төмендігі сезіледі. "Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беру Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ",-деген үзіндісінен басшысы жоқ, бір орталыққа бағынған мемлекеті жоқ қазақ халқын, шығысында айдаһардай айдарлы, солтүстігінде аюдай алпауыт мемлекеттер тұрса да, саясатқа басын қатырмай, өз ішінен жік жікке бөлініп жатқан қазақ халқын көреміз. Әрине сол кезеңдегі қазақтарды үзілді кесілді қаранғы деп айтуға болмас. Небір дарынды тұлғалар болғаны жоқ, бірақ ауыл молдасының берген білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған, сауаты нашар қара халықтың басымдығы қазақ халқын артқа тартты. Міне, автордың жеткізгісі келген ойы, қазақтың кемшілігі осындай. "Қазақ салты" өлеңінде Абайдың ой-толғауларын еске салатын образдар бар, сондықтан бұл өлен сыни көзқараспен жазылған деп айтуға болады. Бұл хакім Абайдың ақындық дәстүрінің жалғасы, Ахметтің жан айқайы. Ол осы туындысымен XIX-XX ғасырдағы қазақ халқының жағдайын толықтай жеткізе алды.

https://vk.com/ubtent2kxx

26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?

"Бақытсыз Жамал" романы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш рет роман жанрында анықтама алған туынды. Бұл шығармаға арқау болған XX ғасырдың басында қазақтың кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуі мүмкін, әркімге таныс ортақ сипаттары бар жалпылық мәнді жайттар. Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын, сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту. Туындыдағы үстемтап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі, шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі. Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. Содан кейін қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп, жасытады. Ол жалғыз қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді. Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін. ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қамы үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсаты - алаштың азаттығы мен отарлық езгіден құтылуы болса, роман жазудағы мақсаты - қазақ қыздарының еркіндігі мен адамның өзін-өзі билеуі. Сонымен қатар, сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүр мен мінез-құлқын, кемшіліктері мен өр қылықтарын баяндайды. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, ақынның өмірлік мақсаты да, романдағы мақсаты да орындалды. Бүгінгі таңда қазағымыз тәуелсіз, оған ешбір мемлекет билігін жүргізе алмайды. Сол сияқты қыздарымыз да өз-өзін билей алады, бейбіт заманда оларға ешкім де зорлық көрсете алмайды!

https://vk.com/ubtent2kxx

27-эссе: М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз.

Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік ен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын-Мағжан Жұмабаев. Ол өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқынығ дара перзенті. Мағжан ақынның табиғаты өте күрделі, жұмбақ, сырға толы. Оның сыры неде, талайды аузына қаратып тамсандырған ақын феноменін қалай түсінуге болады? Дарын табиғатының көрінісі бұлақтай мөлжір поэзиясынан көрінеді. Мағжан ақын поэзиясында кездесе бермейтін өрнек тауып, рухы мықты жалынды жырлар мен үлбіреген нəзік əуез əкелді.

Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Осындай өлеңдерінің бірі-«Толқын». Бұл өлеңде ақын толқындардың қозғалысының əртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады. Сылдырап аққан бұлақтың бетінде бірде көпіршіп, бірде иіріле ағатын толқындар нəзік, қарапацым, зиянсыз, сырттай қарағанда өмірге қатер тудырмайды. Меніңше, бұл өлеңді адам өмірімен байланысты қарауға болады. Біріншіден, толқынының қимылынан бірінен-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың əрекеті көрінеді. Екіншіден, толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп, құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп, өзге толқындарға ілесіп, көрінбей кететін адам образын ойға салады. Үшіншіден, жартасқа сүйеніп, көз жасын сүртіп, сылқ-сылқ күліп, бірінің ізін бірі аңдып, жоғалып жататын адам тағдырымен астарлайды. Осылайша, өмірдің толқынды құбылысының қозғалысын ойға салғандай образдайды. «Толқын» сөзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің ырғалсынан пайда болатын тербелісті білдіреді. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын»- қозғалыс перзенті, ал өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Ақын өлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, өмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, өмірдің өзгермелігін, өмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін өлеңнің мағыналық астарына дәріптейді. Алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орын басуы заңдылық. Өлеңнің идеялық өзегінде өмір философиясы бой көрсетеді. Ақын өмірдің бар болмысын толқынның тууы мен өлуі арасына тізбектей отырып көркем безендірген.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан Мағжанның басты ерекшелігі өлең өрімінің өзгеше сұлулығы мен саздылығының ерекше үйлесім табуында. Ол сыршыл да өршіл жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын.

https://vk.com/ubtent2kxx