- •1.Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
- •2.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- •4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
- •5.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
- •6.Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •7.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз
- •8.Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- •9.Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
- •10.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •11.Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
- •12.Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
- •14.Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
- •16.Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
- •17.Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
- •18.Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
- •19. Мұхит Мералыұлының "Зəуреш", "Айнамкөз", "Дүние-ау" өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз.
- •20.Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
- •22.Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
- •23. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
- •24.Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуге қолданған ақының көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •25. А. Байтұрсыновтың "Қазақ салты" өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
- •26.М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
- •28.М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
- •29.Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
- •30.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
- •31.С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- •33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен м.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
- •34.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •35.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
- •36.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •37.Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- •38.С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
- •39.Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
- •40.М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
- •41.М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
- •42.М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз
- •44.Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
- •45.Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
- •46.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- •47.Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
- •48. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
- •49.Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
- •50.Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
- •51.Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
22.Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің "Құлагер" өлеңі туралы Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған. Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Өлді деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған. Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. Атығай, Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім. Құлагер құнанында керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді. «Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы. Құлагерді өлтіргенде алдым несін, Әркімнің тәңірім берген несібесін. Қас қылған жануарым Құлагерге, Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді.
https://vk.com/ubtent2kxx
