- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Материалдың қасиеттері, бұйымдарға қойылатын талаптар. Базалық тетіктер: химиялық құрамы, физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •1.1.1 Тетікбөлшектер туралы мағлұматтар
- •1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
- •1.3 Материалды таңдау
- •1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері
- •2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері
- •2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)
- •2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
- •2.3 Дайындама мен тетікбөлшекті алу кезінде кездесетін ақаулар
- •3 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеудің маршрутты технологиясы
- •3.1 Жабдықтың қажетті санын есептеу және таңдау
- •4 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеу операциясының уақыт мөлшерін есептеу
- •Мұндағы s – дененің сипаттамалық өлшемі, 0,356 м;
- •4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
- •4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
- •4.2 Пештің жылу теңгерілуін есептеу
- •4.3 Пеш қыздырғыштарын есептеу
- •4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
- •4.5 Термиялық өңдеуден кейінгі пайда болатын ақаулар
- •5 Дайындаушы - термиялық бөлімді жобалау
- •5.1 Дайындаушы - термиялық учаскенің құрылысын жаңарту
- •5.2 Ентаңбасы, қуаты және үлкен өлшемдердің берілуімен қолданылатын қондырғының, шомылдырғыш ванналардың және т.Б.,сипаттамалары
- •5.3 Шекаралары көрсетілген өндірістік аудандар және қондырғылардың орналасуы
- •5.3.1 Ғимараттың биіктік өлшемдері және бөлімнің тұтынушы өндірістік аудандарын есептеу
- •5.4 Жалпы цехтың көтерме-тасымалдау түрлерін (крандар) таңдау, ентаңбасы және жұмыс істеу тәртібі
- •6.1 Еңбек қорғау кодексі
- •6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
- •6.3.2 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
- •6.3.3 Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері
- •6.4 Электр қауіпсіздігі
- •6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •6.4.2 Зертханадағы микроклимат
- •6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
- •6.4.4 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету
- •6.4.5 Желдету, ауаны кондиционерлеу
- •6.4.6 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •6.4.7 Шуылдан қорғану
- •6.4.8 Зертханалық дірілді және шуды есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
4.1.1 СШЗ – 6.12/10 электр пеші
4.1 – кестеде СШЗ – 6.12/10 [10] электр пешінің негізгі техникалық мәліметтері келтірілген.
СШЗ – 6.12/10 [10] электр пешінің жұмысы мен құрылғысы
Электр пеш айнымалы үш фазалы ток желісінен қоректенеді.
Қойылатын электр пеште термиялық өңдеу процесінің жанбайтын газдың қорғаныс атмосферасы ретінде тазартылған азот, эксогаз, азотсутекті қосылыс (4% кем емес жанатын компоненттер) ретінде және т.б. қолданылуы арқылы жүргізілуі мүмкін, сонымен қатар олармен жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау шарттары кезіндегі жанатын газ (эндогаз) қолданылуы мүмкін.
4.1 – кесте - СШЗ-6.12/10 электр пешінің техникалық мәліметтері
Параметрлер атауы |
Номері |
1. Орнатылған қуат, кВт 2. Номиналды температура, °С 3. Қоректенетін желі кернеуі, В 4. Ток жиілігі, Гц 5. Жылу аймағының саны 6. Аймақ қуаты, кВт 7. Аймақ қуаты, кВт 8. Қыздырғыштағы кернеу, В 9. Бос жүріс қуаты, кВт 9а. Салқындатқыш судың есептелуі, м/сағ 10. Садка салмағы,т 11. Жұмыс кеңістігіндегі орта 12. Жұмыс кеңістігінің өлшемі мм диаметр биіктік 13. Электр пешінің салмағы, т |
85 700 380 50 3 1 80+8 380 14,6+1,46
0,4 1,10 қорғаныс газы 600 1200 4,0 1,88 |
Экзотермиялық және эндотермиялық атмосфераны дайындау үшін газдың, газ құбырының мөлшерін бақылау қоспасын алу үшін газдық – дайындамалық құрылғы болуы қажет.
4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
Бастапқы жағдай – электр пеш жұмысқа дайындалған,қақпағы жабылған, қыздырғыштар қосылған, желдеткіштің мойынтірегін суыту үшін арналған су берілген, басқару шкафындағы әмбебап ажыратып – қосқыш “0”-ге қойылған (қосылған).
Автоматты потенциометрлердің термореттегіш қондырғысын техноло-гиялық процеске сай температураға орнату.
Сары түсті HL3 лампасы мен сиренаны қосатын болатты байланыстарды технологиялық процеспен берілетін температураның минималды мәніне қайта реттеу.
Басқарудағы QF1 автоматты қосқыштарды қосу. Бұл кезде шкафтың панелінде HL2 жасыл түсті, HL3 сары түсті сигналдық лампалар жанып, сирена қосылады, SBбатырмасына басқан кезде сигнал алынады. Схема жұмысқа дайындалған.
Желдеткішті SB4 басқару батырмасымен қосу. Бұл кезде HL4 ақ түсті сигналдық лампа жанады.
Әмбебап SA1 қосқышын “A” жағдайына қосу (қыздырумен автоматты басқару). Бұл кезде қыздырғыштар қосылады – HL2 сигналдық лампасы өшіп, HL1 қызыл түсті сигналдық лампа жанады. HL3 сигналдық лампасы патенциометрлі байланыс сигналдарының реттелген температураға дейінгі электропештің қызуы кезінде жанады.
Пештің қызуы
Электропештің жұмыс кеңістігінде берілген температураға жеткен кезде қыздырғыштарды тұтқаның бұрылысымен әмбебап қосқыштарды SA1 “жағдайына ” (HL2, HL1 сигналдық лампасы ажыратылады) қойып, желдет-кішті (HL4 лампасы өшеді) ажыратып, қақпақты ашып, бір жаққа бұру.
Цехтық көтергіш құраладарының көмегімен садканы жүктемелеу.
Қақпақты жауып, пышақтың құмды бекітпесіне толық кірекесуіне көз жеткізу керек. Құмды сеуіп (қажет жағдайда) бірқалпына келтіру.
Желдеткішті қосып, электрпештің жанбайтын газбен жұмысы кезіндегі қыздырғышқа газ жіберу.
Жанатын газбен жұмыс жасаған кезде, жарылыс болмауы үшін электр пешке газ жіберу алдында жұмыс кеңістігінен ауаны сорып алу қажет. Ол үшін электрпешті жанбайтын газбен үзіліссіз (азотпен, көмірқышқылды газбен) үрлеу талап етіледі. Үрлеу үшін электрпештің 4-5 еркін көлеміне тең газ мөлшері жіберіледі. Үрлеу свечасындағы жүк көтергіш ашық болуы керек. Садканың қызуы жүріп жатыр.
Қорғаныс газының берілуінен кейін U- үлгілі мановакууометр бойынша электрпештің қысымын қадағалау қажет.
Қысымды свечаның жүккөтергішімен 50-100 Па шамасында ұстау керек. Газ шығынын бақылау ратометрмен жүзеге асады.
4.1-сурет. Шынықтыруға арналған шахталық электрлік пеш
Электропештің берілген температурасына жеткен кезде қыздырғыштар ажырайды (HL1 лампасы өшіп, HL2 лампасы жанады). Температураны барлық технологиялық процесс кезінде ұстау қыздырғыштың қосылуымен немесе ажырауымен жүзеге асады, ол HL2 және HL1 сигналды лампаларының көлденең қосылуымен немесе ажырауымен түсіндіріледі.
Термоөңдеу процесінің аяқталуы бойынша газдың электрпешке берілуін тоқтату (электропештің газ құбырындағы жүккөтергішті жабу); қыздырғыш, желдеткіштерді өшіріп, қысымды электрпешіне түсіру үшін газ свечасындағы жүккөтергішті толығымен ашу .
Электропештің жанбайтын газбен жұмысы кезінде қақпақты ашып,оны бір жаққа бұру.
Электропештің жанатын газбен жұмысы кезінде жарылыс болмауы үшін электрпешті алдын ала үрлеп, содан кейін қақпақты ашып, бір жаққа бұру.
Бұйымды жүктен босатып, циклды қайталау циклдың жалғасуы технологиялық процеске байланысты технологиялық цехпен беріледі.
Электрпештегі температураның реттелуі екі позициялы, автоматты. Қыздыруды қолмен басқару мүмкін.
Температураның 920 °С төмен түсуі, сонымен қатар КМ1 іске қосқыш байланыстарының жабысуы нәтижесіндегі теипература жоғарылаған кезде НL3 сигналдық лампасы жанып, сирена өшеді.
Жұмыс қауіпсіздігі мен апатты жағдайларды болдырмау мақсатында электрпеште қарастырылған:
Қақпақ көтерілген кездегі қыздырғыш пен желдеткіштің ажырауы;
Көтеру механизмінің электр қозғалтқыштарда қақпақтың жоғарғы және төменгі жағдайларында ажырауы;
Желдеткіш пен мойынтірек салқындануы үшін су берілісі тоқтаған кездегі желдеткіш пен қыздырғыштың ажырауы;
Қорғаныс жерқосқыш.
Электрпеш келесі негізгі түзілімдерден тұрады: шартты деп аталатын шахтадан, қақпақтан, су салқындатқыш жүйесінен, көтеру механизмі мен қақпақ бұрылысынан, жүктемелі айлабұйымнан.
Шахта – отқа төзімді және жылу изоляциялы кірпішпен қапталған цилиндрлі қаптама. Қаптаманың ішкі бетінде зигзаг тәріздес қыздырғыштар орналасқан. Қыздырғыштардың қосылуы өткізгіштердің сыртқы үлгіленуімен жүргізіледі, ал қаптамаға газдың қайтуы мен келтірілуі үшін құбырлар орнатылған.
Жоғарыдан шахта қапталған қақпақпен жабылады. Қақпақтың электр пештің қаптамасымен бірге ажырама қымталуы құмды бекітпемен жүзеге асады.
Қақпақтың көтерілуі мен түсірілуі қақпақтың көтеру және бұру механизмімен жүргізіледі. Механизм – қақпақтың электромеханикалық тұтқа бұрылысы.
Температура мен атмосфера құрамын бірқалыптандыру үшін жұмыс кеңістігіндегі электрпешке желдеткіш орнатылады. Желдеткіш мойынтірегі сумен салқынданады.
Сумен салқындану жүйесіндегі судың болуын автоматты бақылау үшін ағын релесі, визуалды бақылануы үшін – құймалы құйғыш орнатылған.
Садка (шашырамалы) – электрпешке арнайы айлабұйымдарда – қоржын-дарда (жеткізу кешеніне кірмейді), немесе алқада (ұзынөлшемді тетіктер үшін) жүктелуі мүмкін. Электрпештегі қоржындар тұғырыққа орнатылады, тұғырық – бағыттаушы сақина.
Садканың жүктемеленіп және жүктен босауы кезінде бағыттаушы қыздырғыш пен қаптаманы зақымданудан сақтап, экранмен бірдей уақытта температура мен газ ағынының бағытын теңеу үшін қызмет атқарады. Садка-ның жүктеліп, жүктен босауы үшін цехтық жүккөтергіш механизмдер мырыштық қарпығыштармен қамтылуы қажет.
Басқару шкафы электрэнергияның электрпешіне берілуі үшін және ондағы температураны реттеп басқару үшін қызмет атқарады.
Басқару шкафының алдыңғы панелінде жылу басқарылуының аспабы, электрпеш температурасының автоматты немесе тұтқалы режимде реттелуі үшін әмбебап қосқыш тұтқасы, желдеткіш электрқозғалтқышының және қақпақ көтерілуінің жетек механизмін қосу үшін арналған басқару кнопкалары; сигналды лампалар орналасқан. Түстік сигналдан басқа басқару шкафы дыбыстық сигнал – сиренаның қосылуы үшін арналған құрылғымен қамтылған.
Хромель-алюминийлі термотүрлендіргіш электрпештегі температура датчигі болып табылады, ол жұмыс кеңістігінде орнатылып, жылу бақылау аспабына (электронды өздігінен жазылатын потенциометрмен) компенсациялы жетекпен байланысады.
Басқарушы - өлшеуіш аппаратурасы [10].
Электрпештегі температура термотүрлендіргіш көмегімен өлшенеді. Бақылау, реттеу және температура жазбасы басқару шкафындағы жылу бақылау аспабымен автоматты түрде жүзеге асады.
Қорғаныс газының шығынын бақылау ротаметр көмегімен жүзеге асады, ал электрпештегі қысым мановакуумметрмен анықталады.
Су салқындатқыш жүйесіндегі судың болуын бақылау рельсімен жүргізіледі.
Термиялық өңдеуге түсетін бұйымды таза және құрғақ күйінде жүктейді, олардың беті қышқылдардан және әртүрлі ластаушылардан таза болуы қажет, өйткені қышқыл мен дымқыл жұмыс кеңістігіндегі атмосфера құрамының нашарлануына әкеліп соғады.
Паспортта көрсетілген садка салмағының жоғарылауы жіберілмейді, ол уақытынан бұрын жүктемелі айлабұйым, бағыттаушы т.б. істен шығуына әсер етуі мүмкін.
Термиялық өңдеу процесінде қақпақты ашпаған жөн, өйткені садканың жоғары бөлігіндегі температура төмендейді, атмосфера құрамы нашарлайды, цехтың атмосферасынан ауа түсуіне байланысты цикл уақыты ұлғаяды. Жинақталған бірліктер А қосымшасында берілген.
Электрпештің периодты техникалық қызмет көрсетуі мен жағдайының периодтық тексерілуі жүргізіледі.
Он күнде бір рет бақылаушы жылу түрлендіргіш көмегімен жұмыс температурасының көрсеткіштері тексеріледі және т.б.
СШО-6.12/10 электрпеші
СШО-6.12/10 электрпеші өзінің параметрлері, габариттерімен СШЗ-6.12/10 пешіне ұқсас. Жұмыс істеу принципі бірдей. Ерекшелігі тек пештің максималды қызуында. СШО-6.12/10 пешінің максималды температурасы – 750 °С.
4.2 – сурет. СШО-6.12/10 электрпеші
