- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Материалдың қасиеттері, бұйымдарға қойылатын талаптар. Базалық тетіктер: химиялық құрамы, физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •1.1.1 Тетікбөлшектер туралы мағлұматтар
- •1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
- •1.3 Материалды таңдау
- •1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері
- •2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері
- •2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)
- •2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
- •2.3 Дайындама мен тетікбөлшекті алу кезінде кездесетін ақаулар
- •3 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеудің маршрутты технологиясы
- •3.1 Жабдықтың қажетті санын есептеу және таңдау
- •4 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеу операциясының уақыт мөлшерін есептеу
- •Мұндағы s – дененің сипаттамалық өлшемі, 0,356 м;
- •4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
- •4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
- •4.2 Пештің жылу теңгерілуін есептеу
- •4.3 Пеш қыздырғыштарын есептеу
- •4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
- •4.5 Термиялық өңдеуден кейінгі пайда болатын ақаулар
- •5 Дайындаушы - термиялық бөлімді жобалау
- •5.1 Дайындаушы - термиялық учаскенің құрылысын жаңарту
- •5.2 Ентаңбасы, қуаты және үлкен өлшемдердің берілуімен қолданылатын қондырғының, шомылдырғыш ванналардың және т.Б.,сипаттамалары
- •5.3 Шекаралары көрсетілген өндірістік аудандар және қондырғылардың орналасуы
- •5.3.1 Ғимараттың биіктік өлшемдері және бөлімнің тұтынушы өндірістік аудандарын есептеу
- •5.4 Жалпы цехтың көтерме-тасымалдау түрлерін (крандар) таңдау, ентаңбасы және жұмыс істеу тәртібі
- •6.1 Еңбек қорғау кодексі
- •6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
- •6.3.2 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
- •6.3.3 Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері
- •6.4 Электр қауіпсіздігі
- •6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •6.4.2 Зертханадағы микроклимат
- •6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
- •6.4.4 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету
- •6.4.5 Желдету, ауаны кондиционерлеу
- •6.4.6 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •6.4.7 Шуылдан қорғану
- •6.4.8 Зертханалық дірілді және шуды есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
Дайындаманы соғылма және арнайы сығымдағыш көмегімен қысымды өңдеу арқылы алады.
Соғылмалау алдында бастапқы металды (шекті дайындамалар) өңдеуге дайындайды, яғни металды тазалайды.
40Х болаты үшін ақауларды жою мақсатымен тазалау әдісін жоңғылау білдегінде таңдайды. Тазарту тереңдігі диаметр немесе қалыңдықтың 5-6 процентін құрайды.
Ірі сериялы және жалпы өндірісте, белгілі бір агрегатқа (тоқпақ, сығымдағыш, шөмішті машина) біртипті дайындамалардың шамалы мөлшері бекітілген кезде, соғылма астында қыздыру үшін үзіліссіз жүктемелі автоматтандырылған пештер кең қолданылады [5].
Ыстық көлемді қалыптау – отандық тетіктер үшін сапалы дайындамаларды алу үшін кең тараған әдіс. Қалыптаудың бұл әдісі бірнеше грамнан тоннаға дейінгі (шамамен 4 тоннаға дейін) салмақты тетіктердің ірісериялы және сериялы, жалпы өндірісінде қолдану тиімді. 50-100 кг соғылмалы қалыптаумен дайындау мақсатқа сәйкес.
Соғумен салыстырғанда, ыстық көлемді қалыптау келесі артықшылықтарға ие:
қалыптаумен дайындалатын соғылмалар күрделі пішінді және бетінің сапасы жақсы (беттің кедір – бұдырлығы Rz =10ч20);
соғуға қарағанда, жіберілулері аз соғылмаларды алуға болады, ал нақты қалыптау кезінде миллиметрге дейін жеткізіп, кесумен өңдеу кезінде алынатын нақтылық класына жеткізуге болады;
еңбек өнімділігі маңызды түрде жоғарылайды (1 сағатта жүздеген, мыңдаған соғылмалар);
қалыптау құралының құрылымында итергіштердің болу әсерінен қалыптау еңістері тоқпақтарда қалыптаудан алынғанға қарағанда біршама аз.
Жабық қалыптарда қалыптау кезінде, деформациялау сығымдағыштың қалыптары жабық болып қалады, яғни металл жабық кеңістікте деформацияланады. Қалыптың жылжитын және жылжымайтын бөліктері аралығындағы саңылаулар деформация процесінде өлшемі бойынша тұрақты болып қалады, ол қалыпты шынығудан сақтайды. Қылаудың болмауы металл шығынын азайтады, киілген сығымдағыш пен құралдардағы қажеттілік жойылады. Бірақ қалыптың бұл түрі салыстырмалы қарапайым тетіктер, негізінде айналу денесі үшін қолданылады. Сонымен қатар қылаулардың болмауының алдын – ала механикалық өңделген немесе мөлшерленген илемдеудің нақты дайындамаларын қолдану қажеттігін шақырады.
Ашық және жабық қалыптарда қалыптанған соғылмалардың макроқұрылым сапасын сәйкестіндіре отырып, жабық қалыптау кезіндегі макроқұрылым сапалы екендігін ескеру қажет, өйткені соғылмалардың қалып қуысында пайда болу процесі талшықтардың бұзылуынсыз ағып өтеді, қылауды кесу кезінде талшықтың ашық қалыптауынан кейін олар қайта қиылған болып қалады және ол тетіктің беріктілігін төмендетеді.
Қосиінді ыстық қалыпталған сығымдағыштағы (ҚЫҚС) қалыптау тоқпақтағы қалыптаумен салыстырғанда технологиялық және тасымалдау ерекшеліктеріне ие.
Оларға мыналар жатады:
- соғылмалардың жеткілікті жоғары нақтылығы (әсіресе биіктігі бойынша); тоқпақта қалыптау кезіндегі жіберулер шегі 0,8-1,0 мл, ал ҚЫҚС қалыптауда 0,2-0,5 мл.
- әдіптердің төмендеу есебінен механикалық көлемдік өңдеудің қысқаруы және металдың маңызды үнемделуі (орташа 20-30 процентке) және қалыпты еңістер (2-8 есе);
- қалыптау пішіні дайын тетік пішініне ұқсас;
- еңбек өнімділігінің орташа 1,4 есе жоғары көбейтілуі:
- процесті толық автоматтандыру процесі;
- сығымдағыш ПӘК-і тоқпақтарға қарағанда 3 есе жоғары;
- соғылманы дайындаудың құндылығының шамамен 10-30 процентке төмендеуі;
- ҚЫҚС-да қалыптау күрделі салмақты тетіктердің бірнеше мың киллограмға дейінгі жалпы және ірі сериялы өңдеуі кезіндегі мақсатқа сәйкес.
Тісті дөңгелекті жасау бойынша маршруттық технология:
- дайындамаларды қалыптау (қалыптау бөлімі);
- қалыптаудың жұмсартылған өңделуі (алдын ала нормалданған термиялық өңдеу);
- соңғы механикалық өңдеу (механикалық бөлімше);
- ЖЖТ шынықтыру (термиялық өңдеу бөлімшесі);
- төменгі жұмсарту (термиялық өңдеу бөлімшесі);
- соңғы сапасын бақылау (техникалық бақылау бөлімшесі).
