Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
редуктор туралы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері

Хром және никель қыздырылғыштығын жоғарылатады. Хром жасытылған күйдегі механикалық қасиеттерге салыстырмалы әлсіз әсер етеді: аустенитті тұрақтандырады; қыздырылғыштығын жоғарылатады; жоғары және біртекті қаттылықты алуға, тозуға тұрақты бет қабатты алуға көмегін тигізеді. Жұмсарту сынғыштығына қабілеттілігі негізгі кемшілігі болып табылады [3].

Кремний аққыштық шегін қатты жоғарылатады; аустенитті тұрақтандырады, тозуға қарсылығы жоғарылайды, бұл болат өңделгіштігін төмендетеді.

Марганец беріктігін едәуір жоғарылатады, созымдылығын төмендетпейді, болаттың ыстықтай сынғыштылығын төмендетеді.

Күкірт және фосфор зиянды болып табылады. Күкірттік қосымшалар механикалық қасиеттерін қатты төмендетеді, соның ішінде тұтқырлық және созымдылықты, сонымен қатар шыдамдылық шегін. Бұл қосымшалар пісірілгіштігін және жемірілуге тұрақтылығын төмендетеді.

Фосфор кристалдық торды қатты бұрмалайды және аққыштық, шыдамдылық шектерін жоғарылатады, бірақ тұтқырлығын және созымдылығын төмендетеді.

2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері

2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)

Тісті дөңгелек дайындамасын алудың әдісі соңғылардың қызмет көрсету қасиетіне, дайындау технологиясына және металл шығынына үлкен әсер етеді [4].

Дайындаманы алудың әдісін таңдау өте күрделі, қиын шешілетін мәселе, өйткені түрлі әдістер тетікке қойылатын экономикалық және технологиялық талаптарды сенімді қамтамасыз етуі мүмкін. Осылайша, дайындаманы алудың таңдалған әдісі пайдалы, тетіктің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ететін және өнімді, сыйымды процесс болуы керек.

Техникалық шарттарда отандық, ауыр жүктелген тетіктер үшін, айнымалы жүктеме шартында жұмыс істейтін тетіктер үшін, арнайы орталарда (құбыржасау, энергомашинажасау тетіктері, біліктер, тісті дөңгелектер, тістегеріштер, роторлар, турбинді және сығымдағыш дискілер және т.с.с.) материал сапасына, физика-химиялық қасиеттеріне қойылатын арнайы талаптарды көрсетеді. Дайындама ретіндегі мұндай тетіктер үшін соғылманы, яғни соғылма немесе қалыптаумен алынған дайындамаларды қолданған жөн, өйткені түрөзгерту процесінде материалдың физика-механикалық қасиетін жоғарылататын ұсақ түйіршікті құрылым пайда болады.

Тетікті дайындау үшін дайындаманы таңдамас бұрын белгілі бір өндіріс шартында орындалатын,белгілі бір қорытпадан жасалатын нақты тетік үшін өткізуге болатын салыстырмалы техникалық-экономикалық талдау қажет. Тек осы жағдайда ғана дайындаманы алудың таңдалған нұсқасы тиімді болып бағалануы мүмкін.

40Х ентаңбалы болаттан тісті дөңгелекті алу үшін ыстық көлемдік қалыптауды таңдау керек.

Қалыптау арқылы соңғысына жақын өлшемдер аламыз, сонымен бірге металл қолданылып, оның шығыны азаяды.

Соғылма салмағын есептеуді (2.1) формуламен анықтаймыз

Мпр=Мд×Кр (2.1)

мұндағы Мпр – соғылманың есептеу салмағы, кг;

Мд – тетік салмағы және ол 1,5 кг – ға тең;

Кр – 3 қосымшасына сәйкес орнатылатын, есептеу коэффициенті – 20 МЕСТ 75-05-89 кестесі „Болатты қалыптаушы соғылмалар, шақтамалар, кенермелер мен ұсталы кенермелер” және ол 1,3-1,6 тең.

Мпр= 1,5×3,0=4,5.

Негізгі параметрлерді анықтау:

А) Нақтылық класы. 1 қосымшасы–9 кесте МЕСТ-75-05-89 бойынша анықталады. Нақтылық класы “Т2” таңдаймыз.

Б) Болат тобы. 1-кесте бойынша МЕСТ – 75-05-89 бойынша анықтаймыз. Болат тобы “М2”, өйткені С~ 0,4%, Cr ~1%.

В) Күрделілік деңгейі. Ол соғылма түрі жазылатын Gп соғылма сал-мағының Gф геометриялық фигура салмағына қатынасымен анықталады.

Максималды диаметр: Øмах дет=356 мм

Максималды ұзындық: Lмах дет=80 мм

Геометриялық фигура - цилиндр

Gф= (2.2)

Gф=

C=Gn/Gф=3,0/5,77=0,52 (2.3)

мұндағы С – күрделілік деңгейі және ол 0,52 => С2.

Г) Қалыптау ажырама бетінің құрама пішіні: П – жазық.

Бастапқы индексті анықтау.

2-кесте МЕСТ 75-05-89 бойынша анықталады және ол 10 - ға тең.

Әдіптер мен ұсталы кернемелер 3 – кесте МЕСТ 75-05-89 бойынша анықталады.

1.3 – кесте- Кесуге арналған әдіптер

Әдіптер, мм

Өлшемі, мм

Жиілік, Гц

1,6

15

3,2

1,7

80

6,3

1,5

50

3,2

Қалған өлшемдері симметриялы

1.4 – кесте - Қалыптау өлшемдері

Өлшемдер, мм

Қалыптау өлшемдері, мм

15

15+(1,6+0,4)×2=19

80

80+(1,7+0,4)×2=84,2

50

50+(1,5+0,4)×2=53,8

Қалған өлшемдері симметриялы

Д) Қосымша әдіптер 4 – кесте МЕСТ 75-05-89 бойынша анықталады. Қалыптау ажырама бетінің ығысуы – 0,7.

Тікбұрышпен жазықтықтан ауытқуы мен иілуі – 0,4.

Қалыптау өлшемдері және олардың жіберілулері.

А) Жұмырлаудың сыртқы бұрыштарының радиусы 6 мм, ол 7-кесте МЕСТ 75-05-89 шығады.

Б) Соғылмалы еңіс 5°. 18 – кесте МЕСТ 75-05-89 таңдалады.

В) Ішкі жұмырлау радиусы 5 мм, ол 17 – кесте МЕСТ 75-05-89-дан алынады.

Қалдықты кенеріктің жіберілетін шамасы 0,7 мм;

Жазықтықтың жіберу ауытқуы 0,6 мм;

Тесілген тетіктің концентрациясының қалыптаудың ішкі қарамына қатысты жіберу ауытқуы 0,8 мм;

Соғылманың еңіс беті бойынша жіберілетін ығысу 0,6 мм;

Қылаудың жіберілетін шамасы 3,0 мм.