- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Материалдың қасиеттері, бұйымдарға қойылатын талаптар. Базалық тетіктер: химиялық құрамы, физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •1.1.1 Тетікбөлшектер туралы мағлұматтар
- •1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
- •1.3 Материалды таңдау
- •1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері
- •2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері
- •2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)
- •2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
- •2.3 Дайындама мен тетікбөлшекті алу кезінде кездесетін ақаулар
- •3 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеудің маршрутты технологиясы
- •3.1 Жабдықтың қажетті санын есептеу және таңдау
- •4 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеу операциясының уақыт мөлшерін есептеу
- •Мұндағы s – дененің сипаттамалық өлшемі, 0,356 м;
- •4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
- •4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
- •4.2 Пештің жылу теңгерілуін есептеу
- •4.3 Пеш қыздырғыштарын есептеу
- •4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
- •4.5 Термиялық өңдеуден кейінгі пайда болатын ақаулар
- •5 Дайындаушы - термиялық бөлімді жобалау
- •5.1 Дайындаушы - термиялық учаскенің құрылысын жаңарту
- •5.2 Ентаңбасы, қуаты және үлкен өлшемдердің берілуімен қолданылатын қондырғының, шомылдырғыш ванналардың және т.Б.,сипаттамалары
- •5.3 Шекаралары көрсетілген өндірістік аудандар және қондырғылардың орналасуы
- •5.3.1 Ғимараттың биіктік өлшемдері және бөлімнің тұтынушы өндірістік аудандарын есептеу
- •5.4 Жалпы цехтың көтерме-тасымалдау түрлерін (крандар) таңдау, ентаңбасы және жұмыс істеу тәртібі
- •6.1 Еңбек қорғау кодексі
- •6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
- •6.3.2 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
- •6.3.3 Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері
- •6.4 Электр қауіпсіздігі
- •6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •6.4.2 Зертханадағы микроклимат
- •6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
- •6.4.4 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету
- •6.4.5 Желдету, ауаны кондиционерлеу
- •6.4.6 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •6.4.7 Шуылдан қорғану
- •6.4.8 Зертханалық дірілді және шуды есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
ҚР ҚН ж Е №4.02-05-2001 сәйкес жұмыс істеу шартында ең маңызды мәселе ол микроклимат, яғни өндірістік цех ішіндегі ауа кеңістігінің метеорологиялық факторларға сәйкес келуі. ҚР ҚН ж Е сәйкес желдету нормалары 1 - кестеде көрсетілген. Жалпы микроклимат адам баласының денсаулығына, жұмыс істеу кезеңіне және физиологиялық іс-қимылдарына тікелей байланысты. Яғни, бұл адам денесінің температурасын бірқалыпты ұстаумен тығыз байланысты. Өте қатты жылулық әсер адам ағзасында және бойында тез шаршауды, жұмыс істеу қарқындылығының төмендігін туғызуы мүмкін.
Жобалаушы участокта табиғи және механикалық желдеткіштер қарастырылған.
Табиғи желдеткіш бөлме ішіндегі температураға орай қарайластыры- лады.
Желдету өндірістік ғимараттағы санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ететін бірден-бір әдіс болып табылады. Ол өндірістік ғимараттардан шаң-тозаңды, газды, буларды, тағы да басқа артық зиянды нәрселерді жою үшін қажет.
Желдету өзінің мәні бойынша, жалпы алмасатын және жергілікті болып бөлінеді, ал бөлмеге таза ауа жіберу тәсілі бойынша табиғи және механикалық болып бөлінеді.
Жалпы желдетуді ғимараттарда денсаулыққа зиянды нәрселер жиналатын жерде кеңінен пайдаланылады. Бұл кезде ғимараттағы ауа алмасуын біркелкі түрде қамтамасыздандырыды [18].
Егер бір сменада 39 адам жұмыс жасаса, ал жұмыс аймағының ұзындығы 80 м, ені 40 м, биіктігі 4 м болған жағдайда желдетуді есептеу керек.
6.4.2 Зертханадағы микроклимат
Бұл стандарт микроклиматтың көрсеткіштеріне жалпы санитарлы гигиеналық талаптарды және жұмыс зонасының ауаның құрамында қауіпті заттардың болуын белгілейді. Жұмыс зонасының ауаның құрамында қауіпті заттардың болуына талаптар жұмыс орнының орналасуынан тәуелсіз болады.
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:
ауа температурасы;
ауаның салыстымалы ылғалдығы;
ауа қозғалысының жылдамдығы;
жылулықтың интенсивтілігі.
Оптимальді көрсеткіштер жұмыс зонасының микроклиматына орындалады, ал шекті көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарына дифференциалды түрде таратылады. Өнеркәсіптік жердегі жұмыс орнының температураның оптимальды және шекті көрсеткіштері, салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының деңгейі 6.1-кестеге сәйкес болуы керек.
Кабинеттерде, пульттер мен технологиялық процестерді басқару посттарында, есептеу техникасы залдарында міндетті түрде ауа температурасы 22-24 оС, салыстырмалы ылғалдылық 60-40% және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың оптимальді нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға сәйкес болуы керек.
Жұмыс зонасындағы температура әртүрлі биіктікте және әртүрлі аймақта шекті нормадан аспауы керек.
Микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде жыл периоды да ескерілуі керек, демек, салқын период кезінде жұмыс орнын радиациялық салқындатудан қорғау керек, ал жылы периодта күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау керек.
6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
Кәсіпорында жұмысшыларға емдеп-сақтандыру қызметін кәсіпорынның санитарлық бөлімі іске асырады. Медициналық қызметкер жұмысшыларға жүйелі бақылау өткізіп, кезеңді медидциналық байқау жүргізеді. Осындай байқаулардың негізінде санитарлы-гигиеналық және емдеп-сақтандыру шаралары көзделеді. Санитарлы мәдениет пен тазалықты бақылау сақтандыру жұмысының маңызды жағы болып табылады. Санитарлық ағарту мен эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі.
