- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Материалдың қасиеттері, бұйымдарға қойылатын талаптар. Базалық тетіктер: химиялық құрамы, физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •1.1.1 Тетікбөлшектер туралы мағлұматтар
- •1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
- •1.3 Материалды таңдау
- •1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері
- •2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері
- •2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)
- •2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
- •2.3 Дайындама мен тетікбөлшекті алу кезінде кездесетін ақаулар
- •3 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеудің маршрутты технологиясы
- •3.1 Жабдықтың қажетті санын есептеу және таңдау
- •4 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеу операциясының уақыт мөлшерін есептеу
- •Мұндағы s – дененің сипаттамалық өлшемі, 0,356 м;
- •4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
- •4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
- •4.2 Пештің жылу теңгерілуін есептеу
- •4.3 Пеш қыздырғыштарын есептеу
- •4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
- •4.5 Термиялық өңдеуден кейінгі пайда болатын ақаулар
- •5 Дайындаушы - термиялық бөлімді жобалау
- •5.1 Дайындаушы - термиялық учаскенің құрылысын жаңарту
- •5.2 Ентаңбасы, қуаты және үлкен өлшемдердің берілуімен қолданылатын қондырғының, шомылдырғыш ванналардың және т.Б.,сипаттамалары
- •5.3 Шекаралары көрсетілген өндірістік аудандар және қондырғылардың орналасуы
- •5.3.1 Ғимараттың биіктік өлшемдері және бөлімнің тұтынушы өндірістік аудандарын есептеу
- •5.4 Жалпы цехтың көтерме-тасымалдау түрлерін (крандар) таңдау, ентаңбасы және жұмыс істеу тәртібі
- •6.1 Еңбек қорғау кодексі
- •6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
- •6.3.2 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
- •6.3.3 Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері
- •6.4 Электр қауіпсіздігі
- •6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •6.4.2 Зертханадағы микроклимат
- •6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
- •6.4.4 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету
- •6.4.5 Желдету, ауаны кондиционерлеу
- •6.4.6 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •6.4.7 Шуылдан қорғану
- •6.4.8 Зертханалық дірілді және шуды есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6.1 Еңбек қорғау кодексі
Дипломдық жоба есептеу техникасының қазіргі таңдағы құралдарын пайдалана отырып белгілі бір мәселені шешуге жасалған зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс 2004 жылы 28 ақпаныңда №528-11 бекітілген ”Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” заңына, 1999 жылы 10 желтоқсанда бекітілген ”Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына, 2002 жылының 3 сәуірде бекітілген ”Қауіпті өндірістік объектілерінде өндірістік қауіпсіздік туралы” заңыны және 1993 жылы 15 қараша айында бекітілген ”Төтенше жағдайының құқықтық режимы туралы” 1996 жылы 22қараша айында бекітілген «Өрт қауіпсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес болуы қажет. Сондықтан да жұмыс барысы толығымен автоматтандырылған жүйеге көшіріледі. Демек адам күші тек қана жүйені сырттай бақылау ғана болмақ.
6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
Зауытта немесе цехта жұмысшылардың еңбегі барысында олардың жұмыс істейтін жеріндегі еңбек қауіпсіздігін сақтау қажет. Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін олардың жұмыс істеп жатқан жеріне қарай қарайластырады. Яғни қарапайым жұмысшының денсаулығын өндіріс не болмаса кәсіпорын жағдайындағы зиянды әрі қауіпті нәрселерден сақтап қалу қажет. Мәселен, қандай да бір бұйымды термиялық өңдеуге ұшыратқанда, сол термиялық өңдеу ісамалының зияндылығы жаңағы бұйымды өңдеп отырған құрал-жабдықтарға байланысты болады (негізгі жабдық, қосымша жабдық, қадағалайтын т.б.) және жұмыс істейтін ортасына да тәуелді болады десек артық болмайды (қадағалағыш ауа қабаты, тұз ерітінділері, вакуумдық орта т.с.с.) [18].
Жалпы өндірісте бұйымды термиялық өңдеуге ұшыратқанда келесі факторлар зиянды болып табылады:
- жұмыс істейтін ортаның газданып кетуі (цементациялық электропеште жұмыс істегенде, жұмыс істейтін ортаға көміртек оксиді, сұртүсті ангидрид, оксид және азот диоксиді түсіп кетуі мүмкін);
- құрал - жабдықтардың және материалдардың өте жоғарғы температурада қызуы;
- инфроқызыл сәулелердің өте жоғарғы деңгейде болуы;
- электрлік тізбелерде қысымның белгілі мөлщерден жоғары болуы;
- жоғарғы жиілікті қондырғылардың орнын ауыстырған кезде, электромагнитті желілердің жоғарғы кернеулілігінің болуы;
- діріл мен шудың болуы (тоқпақта жұмыс істегенде);
- жұмыс істейтін ортаның жарығының нашар болуы; қозғалатын мәшинелер, дайындамалар, материалдар т.б.
6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
1. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып табылады. Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін орындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот шешімдері, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде қызметкерлердің немесе жұмыс берішунің мүдделерін білдіреді.
Еңбек шартының нысанасы
Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтмасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заң еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.
6.3.1 Жұмыс уақыты
1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.
2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.
