- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Материалдың қасиеттері, бұйымдарға қойылатын талаптар. Базалық тетіктер: химиялық құрамы, физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •1.1.1 Тетікбөлшектер туралы мағлұматтар
- •1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
- •1.3 Материалды таңдау
- •1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері
- •2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері
- •2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)
- •2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
- •2.3 Дайындама мен тетікбөлшекті алу кезінде кездесетін ақаулар
- •3 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеудің маршрутты технологиясы
- •3.1 Жабдықтың қажетті санын есептеу және таңдау
- •4 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеу операциясының уақыт мөлшерін есептеу
- •Мұндағы s – дененің сипаттамалық өлшемі, 0,356 м;
- •4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
- •4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
- •4.2 Пештің жылу теңгерілуін есептеу
- •4.3 Пеш қыздырғыштарын есептеу
- •4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
- •4.5 Термиялық өңдеуден кейінгі пайда болатын ақаулар
- •5 Дайындаушы - термиялық бөлімді жобалау
- •5.1 Дайындаушы - термиялық учаскенің құрылысын жаңарту
- •5.2 Ентаңбасы, қуаты және үлкен өлшемдердің берілуімен қолданылатын қондырғының, шомылдырғыш ванналардың және т.Б.,сипаттамалары
- •5.3 Шекаралары көрсетілген өндірістік аудандар және қондырғылардың орналасуы
- •5.3.1 Ғимараттың биіктік өлшемдері және бөлімнің тұтынушы өндірістік аудандарын есептеу
- •5.4 Жалпы цехтың көтерме-тасымалдау түрлерін (крандар) таңдау, ентаңбасы және жұмыс істеу тәртібі
- •6.1 Еңбек қорғау кодексі
- •6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
- •6.3.2 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
- •6.3.3 Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері
- •6.4 Электр қауіпсіздігі
- •6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •6.4.2 Зертханадағы микроклимат
- •6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
- •6.4.4 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету
- •6.4.5 Желдету, ауаны кондиционерлеу
- •6.4.6 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •6.4.7 Шуылдан қорғану
- •6.4.8 Зертханалық дірілді және шуды есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
Жоғары жиілікті токпен индукциялық қыздыру қондырғысы (ЖЖТ қондырғысы) бұйымға электртермиялық әсер етудің технологиялық процесінің нәтижесін қамтамасыз ету үшін қолданылады. ЖЖТ қондырғысының жұмыс істеу принципі ауыспалы магниттік өрістің энергиясы есебінен болатын индукциялық қыздыруға шоғырланған [12].
4.3 – сурет. ЖЖТ қондырғысы
Заманауи ЖЖТ қондырғысы – кең қолданыс тапқан индукциялық қыздыруды қолданумен металдық беткейлерді, қосылытарды және қорытпаларды термиялық өңдеуге пайдаланылатын арнайы жабдық. Индукциялық түрдегі әмбебап және жинақы қондырғы үлкен экономикалық тиімді жаңа технологияларды жасау және қолдануға мүмкіндіктер береді. Олардың көп түрлілігі әмбебап түрдегі жиілікті транзисторлы өзгерткіш пен таңдалған индукциялық жүйесімен қосқыш блоктан тұратын ауыспалы және автоматтандырылған кешенді енгізумен байланысты.
4.4 – сурет. ЖЖТ қондырғысының жұмыс істеу принципі
Жанасусыз қыздыру әдістемесі жоғары жиілікті токты қолданады. Жұмыстық дайындама индуктордың ішіне орнықтырылады. ЖЖТ индукторы жоғары жиілікті ауыспалы токпен әсер етеді. Нәтижесінде электрмагнитті толқын туып, дайындама беткейінде бақыланған шаманың екілік вихрлы ток туады. Жоғары жиілік кезіндегі вихрлік ток тетікбөлшектің беткі қабатындағы магниттік өріс әсерімен алынып тасталады, нәтижесінде олардың тығыздылығы жоғарылап, тетікбөлшек қызады. Осылай жоғары жиілікті ток металдық және басқада беткейлерді өңдеуде тиімді қолданыс тапты (мысалы ЖЖТ индукциялық дәнекерлеу) және бұл әдіс өндірістік практикаға енгізілді.
Индукциялық қыздыру қондырғысы қойылатын талапқа байланысты әр түрлі мақсатта қолданылады. Көбінесе мұндай қажеттілік дайындаманы тез және жанасусыз қыздыру кезінде қажет: тетікбөлшек беткейін ЖЖТ термиялық өңдеу, ЖТТ көлемдік және беттік шынықтыру, жасыту, дәнекерлеу – біріктіру және ажырату, жұмсарту, алдын ала қыздыру, индукциялық қыздыру және кесу, балқыту, кептіру және металдарды термиялық өңдеу түрлерінің тағы басқа түрлері. ЖЖТ қондырғылары металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, оргтехника және т.б. өндіріс салаларында кең қолданыс тапқан.
Қазіргі кезде ең көп тараған немесе қажеттісі ЖЖТ шынықтыру болып табылады, өйткені, шынықтыруды қолдану кез келген өндірісте, оның ішінде көлік жасау, білдек жасау салаларында тетікбөлшектің беткі қабатын беріктендіру талап етіледі.
4.5 – сурет. ЖЖТ шынықтыру процесі
Шынықтыру үшін ЖЖТ қондырғысы қолданылатын бірнеше технологиялық процестер:
Білік, ось және саушақшаларды ЖЖТ шынықтыру;
Тістегергіш, тісті дөңгелек, тәждергі ЖЖТ шынықтыру;
Тістерді немесе ойықтарды ЖЖТ шынықтыру;
Төлке сияқты тетікбөлшектердің тесіктері мен ішкі беткейлерін ЖЖТ шынықтыру;
Кранды дөңгелек және шкивтерді ЖЖТ шынықтыру;
Көшірме тәсілімен жазық беткейлерді ЖЖТ шынықтыру.
ЖЖТ қондырғысы басқару мен қызмет көрсетуде өте оңай, ұстау шығыны аз, қолдануда сенімді және ұзақ уақытты, жұмыс сапасы жоғары, сонымен қатар аз салмақты. Индукциялық қыздыру қондырғысының жоғары тиімділігі және рентабельдігі оның сенімді сапасымен түсіндіріледі. Энергияның дұрыс шоғырлануы технологиялық процестің аз ұзақтығымен, сонымен қатар жүз пайызды өнімділігімен және рациональдығымен анықталады. Бұл ЖЖТ жанасусыз қыздыру бұйым ішінде жылуды тудырып, энергияның аз жоғалуымен түсіндіріледі. ЖЖТ қыздыру кезінде ешқандай түтін немесе басқада зиянды заттар бөлінбейді.
