Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Улбос дпи курстык.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.44 Mб
Скачать

1.2 Сәукеле жасау өнерінде қолданылатын материалдар мен құрал – жабдықтар

Сәукеле жасау өнерінің арнайы құрал-жабдықтары бар. Яғни, белгілі бір бұйым жасау барысында мына құрал-жабдықтар керек:

  • Фетр (кез-келген мата дүкендерінен сатып алуға болады)

  • Моншақтар (тастар,пластмасса, фарфор немесе әйнекті)

  • Бисер (чешский немесе жапон түрлері болған дұрыс)

  • Тастар (пластмасса, фарфор немесе әйнекті)

  • Пайетка

  • Жіп (леска)

  • Термоклей

  • Қайшы

  • Үкі

Фетр немесе былғары кесіндісі –осыдан 400 жыл бұрын пайда болған.Фетр ұзақ уақыт тұратын, тартымды мата десек те болады. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында өнеркәсіп өндірісінде таза жүн және синтетикалық талшықтармен араластыруы арқылы жұмсақ және тегіс мүмкіндігіне ие. Көпшілігі қолөнерге корей фетрін жақсы қолданады. Корей фетрі ол созылады,аллергия реакциялары тудырмайды.Бұйымдар жасағанда икемге оңай көнетін иілгіштігімен, өте ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Мұндай материал қосымша өңдеуді талап етпейді. [2]

Сурет 5. Фетр

Моншақ- ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), богін, “Кодекс куманикусте” кездесетін “Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес. Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз. Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдары дәлелдейді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды.[3]

Сурет 6.Моншақ

 Бисер- бұл ұсақ, домалақ  сопақша, әр түрлі – хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды атайды.Стеклярустың бисерден айырмашылығы – оның ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының жәнеәшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

 Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан  пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады[4].

Сурет 7. Бисер

Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек.

Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған.

Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр.

Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның, ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі. Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың көпшілігі кездеседі. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б. алынады.

Сурет 8. Асыл тастар

Пайетка-сөзі француз тілінен аударғанда жылтырақ дегенді білдіреді. Пайетканың ортасында міндетті түрде жіп өткізетін тесігі болады. Пайетканың түсі мен көлемі әртүрлі болуы мүмкін.Қазіргі дизайнерлер әр-түрлі кештің сәнін келтіретін киімдерде,әшекейлерде Голливудтың 50-60-жылдардағы пайеткасын қолданады.Мыңдаған жылдар бұрын үндістанның сұлулары өздерінің сарилеріне пайетканы тіккен,олар металлдан және әр-түрлі жәндіктердің қанатынан жасалған.Еуропаның сәнгерлеріде пайетканы көйлек,сумка,жакет,қолғаптарына әшекей ретінде қолданған.Еуропаның музейлерінде әлі күнге дейін 16-17-ғасырға тән пайеткамен өрнектелген бұйымдар сақталған.

Сурет 9.Пайетка

Леска (көнер) — Балық аулауға арналған кез-келген бау (жіп)Лесканың негізгі талаптары – үзілмейтін, икемділігі (байлану мүмкіндігі),көрінбейтіндігі (жіңішкелігі), физикалық және химиялық әсерлерге төзімді(температура, ультракүлгін сәуле...), егелуі әлсіз.Леска бірталшықты және көпталшықты (өруге арналған) деп ажыратылады.

Дәстүр бойынша көптеген ғасырлар бойы леска қолдан жылқының шашынан, жібектен және сирек жағдайда мақтадан жасалған. 1858 жылдандан бастап лесканы өндірісте лесканы дайындауға арналған машиналар пайда болды.Заманауи лескалар полиамиттік материалдардан, негізі нейлон, капрон сонымен қатар полиэтиленнен жасалады.Көптеген балық аулауға арналған леска шығаратын сауда маркаларына қарамастан өндіріс алаңы өте тар. Сапалы леска ұсынатын фирмалардың көбісі сатып алушыларға болашақта да өздерінің брендін алуды ұсынады.негізінен балық аулауға арналған лесканы АҚШ пен Жапония шығарады.

Сапалы заманауи лески едәуір дәрежеде қанағаттандырады. Көбіне лесканың беріктігіне көп көңіл бөледі.Физика ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, лесканың нақты беріктігі оның беткі қабатын.[5]

Сурет 10.Леска

Термоклей- "ыстық клей"деп те атайды.клейлік стержн оның аузына салынады,одан кейн ол ыстық күйде ерітіліп шығады.

Сурет 11.термоклей

Қайшы - тұрмыста, әр түрлі заттарды (маташүберекшаш, т.б.) кесуге, қырқуға арналған құрал. Қайшының қос пышағы айқастырылып, ортасынан бекітіледі. Қайшы пышақтарының ұшы үшкір, екінші жағы ұстауға ыңғайлы болу үшін саусақтар сұғылатындай дөңгелек пішінді болып жасалады. Техникада, пышақтарының жүздері кесу жазықтығында қарама-қарсы қозғалу арқылы металл бұйымдар мен дайындамаларды кесуге, қырқуға арналған қарапайым құрал не машина. Қайшы аспаптық болаттан жасалады. Металл кескіш қайшылардың бір пышағы қозғалмайтын, екіншісі қозғалмалы болып бекітіледі. Металл табақтарды кесу үшін түзу сызықты және дөңгелек жүзді (дискілі) қайшылар пайдаланылады. Қайшының гильотиндік, сортты, оймалық, вибрациялық түрлері бар. Қайшылардың қозғалмалы пышақтары тісті немесе рычагты берілістер және кривошипті жетектер арқылы қозғалады. Металл кескішқайшы негізінен прокат өндірісіндеқолданылады. 

Тарихын айта кетсек, ең алғашқы қайшыға ұқсайтын зат біздің заманымызға дейін 3 ғасырда белгілі бола бастаған екен. Ол кездері қайшылар қазіргі мақсатта ғана емес, одан да көп қызметті атқарған болатын. Мысалы, қазіргідей шаш алу үшін не мата кесу үшін емес, қой жүнін қырқу үшін пайдаланылған екен. Ол кезде қазіргі қайшылардың рөлін бөлек-бөлек металл тілімдерінен жасалған пышақтар атқарған. VIII ғасырда әлдебіреудің ойына осы бөлек пышақтарды бір-біріне айқастырып, стержендік бұрама шегемен қосу келген. Міне, осылайша бүгінгі күннің басты құралына айналған қайшылар өмірге келе бастады. Біздің көзімізге үйреніп қалған топсалы механизмді ілмектері бар қайшылар кейіннен пайда бола бастады.  Содан кейін олар Смоленскіден 12 км қашықтықта орналасқан Гнездов ауылының жанындағы Гнездов қорғанынан табылған. 13 ғасырдан кейін қайшының соңындағы  дөңгелек ілмектері домалақ шар тәрізді оймақтарға ауыстырылды. Содан соң оны жасап шығарған автор өзінің «қолтаңбасын» қойып таңбасын қалдырып отырған. Кейінгі уақыттарда қайшылар темір мен болаттан, күміс пен алтын жалатылған металдардан құйылып дайындалды. Онымен қоса, қымбат тастармен де сәнделді. Қазіргі уақытта ерте заманның еншісіне жататын бұл құралға байланысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Қайшының тарихын бірі мұнда, бірі басқа жаққа тартады. Қайшының түр-түрі бар екенін ескерсек, әр мақсатта қолданылатын оның әр түрінің тарихын әр жақтан іздеуіміз түсінікті. Матаға арналған қайшы, торт кесетін қайшы, жемістер қиятын қайшы, т.б. түрге ие болған бұл бесаспап құралдың адам өмірі мен оның тұрмысына етене сіңіп кеткені жасырын емес. 

Сурет 12. Қайшы

Үкі-дәстүрлі қазақ қоғамында үкі қасиетті құс саналған.сондықтан халық үкі қауырсындарын жас нәрестенің бас киіміне,бесігіне таққан.Қасиетті құс сәбиді жын-шайтаннан қорғайды,оның тыныш ұйықтауына септігін тигізеді деп сенген.Осыдан келіп,қыздар мен сері жігіттер бас киімдеріне,жас келіндер екі бұрымына сәндікке үкі тағуды дәстүрге айналдырған.Үкі көбіне қыздардың бас киімдеріне тағылған.

Сурет 13.Үкі