МАЗМҰНЫ1
Кіріспе |
3 |
1 Сәукеле тігу өнерінің теориялық негізі |
4 |
1.1 Сәукеле тігу өнерінің шығу және даму тарихынан |
4 |
1.2 Сәукеле тігу өнерінде қолданылатын материалдар мен құрал – жабдықтар |
5 |
1.3 Сәукеле тігу өнерінде қолданылатын әдістер |
9 |
2 «Айгерім» сәукелесін жасау технологиясы |
16 |
2.1 «Айгерім» сәукелесінің сыртқы түріне сипаттама |
16 |
2.2 «Айгерім» сәукелесін орындау тiзбегі |
27 |
Қорытынды |
33 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
34 |
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем өнеркәсіптің дамуына, маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және көршілес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп,үнемі жаңарып отырады. Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапаларға ие өзінің әдемілігімен адам көзін қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Қазіргі заманғы дизайнерлер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, шығармашылықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдармен жұмысқа бейімдейді. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:сырғалар,алқалар,білезіктерді ою - өрнекпен көркемдеп безендіруден тұрады. Қазақ халқының қолөнер түрлері өте көп оның ішінде мың құбылған ою – өрнекпен кестеленген сәукеле тігу өнері.
Сондықтан зерттеу тақырыбын: «бисермен кестелеу техникасында «Айгерім» сәукелесін моншақтармен, бисерлермен кестелеп тігу технологиясын жасау» - деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты:сәндік-қолданбалы өнер түрі ретінде бисермен кестелеу техникасында «Айгерім» сәукелесін моншақтармен, бисерлермен кестелеп тігу технологиясын жасау.
Зерттеу объектісі:сәндік-қолданбалы өнердің түрі бисермен кестелеу техникасында «Айгерім»сәукелесін моншақтармен, бисерлермен кестелеп тігу.
Зерттеу пәні:бисермен кестелеп сіукеле жасау технологиясы.
Зерттеудің міндеттері:
- сәндік-қолданбалы өнер түрлері туралы негізгі мәліметтерін қарастыру;
- бисермен кестелеу техникасында әр түрлі әдіс-тәсілмен әшекей бұйымдарды жасау технологиясын меңгеріп, жаңа заманға сай сәндеу;
- бисермен кестелеу техникасында «Айгерім» сәукелесін моншақтармен, бисерлермен кестелеп тігу технологиясын жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- сәндік-қолданбалы өнер түрі ретінде бисермен кестелеу техникасы бойынша «Айгерім» сәукелесін моншақтармен, бисерлермен кестелеп тігу технологиясы зерттелді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: бисермен кестелеу техникасында бұйымды жасау технологиясы жасалды.
1 Сәукеле тігу өнерінің теориялық негізі
Сәукеле тігу өнерінің шығу және даму тарихынан
Сәукеле— әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері —тәж,төбе,құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас,алтын,күміс,меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптел көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоңғарын тағады. шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шырайналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі.
Қазақ киімдерінің ең әдемісі, көріктісі және еркесі – сәукеле. Осынау бағасы жүз биенің құнынан асып түскен бас киімнің пайда болу тарихының түп-тамыры біздің дәуірімізге дейін тарайды. Қазақтар мен жалпы түркі тектес халықтардың бабалары болып табылатын сақ-скифтердің бас киімінің биік болғаны көне грек тарихшылардың жазбаларынан белгілі. Сақтар киген бас киімнің нақты суретін атақты Бихустан жартасында бейнелеген сақ көсемі Скунханың бас киімінің биік болғанынан көруге болады. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінінен де сәукелеге ұқсастық айқын байқалады. Заман бір қалыпта тұрып қалмай-тындықтан, бас киім де өзгеріске ұшырап отырған. Уақыт өте келе бас киімдегі биіктік әскери дулыға мен әйелдердің сән киімінде ғана сақталды. Атақты қолбасшы Темірланның ордасында болған испан елшісі Клавихо өз естелігінде: «Синьордың бәйбішесінің беті ақ матамен көмкеріліп, екі иығын сәл ғана жауып тұрды, ал, басына біздің рыцарьлар сайысқа киіп шығатын темір дулығаға ұқсас қызыл матадан тігілген бас киім киген. Шоқтығы өте биік матадан тігілген осы бір дулыға меруерт және басқа да өте ірі, түрлі-түсті жалт-жұлт еткен асыл тастармен әдемі безендірілген» деп жазған. Мұндай сән-салтанатқа таң қалған Клавихо ірі асыл тастардың осынау ханшаның бас киімінің салмағын едәуір ұлғайтып және оның құлап кетпеуі үшін қызметші әйелдердің жан-жағынан қолымен ұстап тұратынын да жазған. Венгр ғалымы Арминий Вамбери болса осы бір бас киімнің атын: «Сарай бекайымдары киімінің маңыздысы, шоқтығы биік бас киім саукеле» деп нақты жазған.1-суретте сәукеленің түрлері көрсетілген.
Сурет 1.Әйелдерге арналған бас киім
Сонымен,
сәукеле – ұзатылатын қыз күйеу еліне
киіп баратын бас киім. Бұлай болуының
себебі қазақтың қыз баласын «қыз – жат
жұрттық» деп ерекше жақсы көруінен.
Қазақтардың ұл баладан көрген өз
немерелерінен көрі қыздарынан туған
жиендеріне өзгеше ілтипат етуі де қыз
балаға деген ата-аналық махаббатының
ерекшелігі. Осы ерекше сезім қыз баламен
қоштасудың да ерекше екенін көрсететін
осындай бас киім дүниеге келген.
1977
жылы жарық көрген Қазақ Энциклопедиясында
«Сәукеле арнайы басылған ақ киізден
немесе арасына қыл салынып сырыған
матадан жасалып, сырты қымбат матамен
(атлас, барқыт, мәуіті, шұға) қапталады,
шетіне құндыз, кәмшат терісінен жұрын
ұсталады. Сәукеле төбесінің (үш қарыс
шамасы) өн бойына алтын, күміс және
меруерт, маржаннан әшекей тағылып,
алтын, жібек жіппен кестеленеді.
Сәукеленің әдейі жасалған төбелдірігі,
маңдайшасы, екі жағында тізілген
маржаннан салпыншақ бет жақтауы және
арт құлағы (белге дейін) болады. Сәукеленің
төбесіне жібектен желек (бергек) тағылып,
оған үкі (қарқара) қадалады, сыртында
ұзын (жерге жететін) ақ жібек жаулығы
болады».
Тарихшы
Құрбанғали Халид былай деп жазады:
«Сәукеле қазақ келіндері басына киетін,
арнайы дайындалатын өте қымбат киім,
өзге халықтарда мұндай бағалы киім
болмайды. Ұзатылған қыздардың ең қымбат
дүниесі болады. Сәукеле асылы «сүйікті»
дегені, жақсылық ырымға жорып, оның әр
тігіс жолында жанұя өмірінің заңы
жазылған деген қағида айтылады.
Бірақ,
соңғы 15-20 жылдан бері мұның дайындалуы
қолдан емес тігін машинасы
пайдаланылғандықтан, баяғы қадір-қасиетінен
айырылып құны жеңілдеп қалды».
Ғалым
Х.А.Артықбаев «Қазақ халқындағы семья
мен неке» атты еңбегінде әдет-ғұрыптар
туралы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің
1870 жылы: «Бас жақсы» дегеніміз қалыңдықтың
сәукелесінің құны ретінде беретін өз
алдына жеке төлеу. Ірі байлар 500-600 сомға
дейін берсе, орта шаруалар 200-300 сомнан
беретін» деген пікір келтірілген.
Бөкей
ордасында ХІХ ғасырдың ортасында орын
алған жасау дауы кезінде төре Мұқағали
Орманұлы қайтыс болған немере қызының
қазасынан кейін бала қалмағандықтан,
берілген жасаудың шариғат жолымен өзіне
қайтарылуын талап етіп арызында жасау
құрамын қоса тапсырады. Сол тізімде
келтірілген 5313 сом ақшаға бағаланған
дүние малдың ішінде сәукеленің бағасы
– 389 сом деп көрсетілген.
Сурет 2.Қыз ұзатылғанда киілетін сәукеле
Қазақ тарихында сәукеле киген ер адамдар да болған. Әрине кез-келген ер адамның басына көзге бірден көрінетін, тек ұзатылған қыздар киетін бас киімді киюі ерсі болып көрінері анық. Бұлай ету тек жүріс-тұрысымен, сөйлеген сөзімен, ашық түсті киім киіп жаудың алдынан әнін шырқап ары-бері шауып өте алатын сал-серілердің ғана қолынан келген. Атақты шежіреші Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» атты жазбасында Өтебай сал туралы осындай бір оқиғаны баяндайды: «Бұл Өтебай Алтай-Тоқаның Тоқасынан, Көктің көліндегі Инем баласынан шыққан сал екен. Әкесі Күшікбайға он екі мың жылқы біткен екен. Сол он екі мың жылқы мұны жындандырмай, қалай тыныш қояды?! Осы асқа киіп келуге өзіне арнап сәукеле жасаттырған екен.
Қазақ киімдерінің арасында ерекше орны бар сәукеленің неге «сәукеле» атанғаны белгісіз. Жоғарыда аты аталған Құрбанғали Халид «Сәукеле асылы «сүйікті» дегені, жақсылық ырымға жорып, оның әр тігіс жолында отбасы өмірінің заңы жазылған деген қағида айтылады» дейді. Енді біреулер қалыңдықты алып келе жатқанда алыстан көрінетін биіктігіне байланысты «сау келе жатыр» деп айтылғандықтан, осылай аталған дейді. Бірақ, «сау келе жатыр» дегеннен пайда болды деу еш қисынға келмейтін сияқты. Сәукелені ойлап тапқандар тек алыстан көрінсін деп ойламағаны анық. Менімше, бұл бас киімнің тарихы тау басына ұқсас биік бас киім киген сонау сақ бабаларымыздың заманымен жалғасып жатуы мүмкін.
Сурет 3.Сәукеле киген сақ патшайымы Томирис
Қазақтар бұрынғы кездері құнды, әдемі зат арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп отырған. Жаңа түскен қалыңдық сақина-жүзіктерін басқаларға сыйлағанмен, сәукелесі өзінде қалатын болған. Құрбанғали Халид сәукелені тігу үшін қазақтардың: «Киізді ұзын етіп тігіп, үстіне торғын, яки бір қымбат нәрсені қаптап, оған алтын, күміс, меруерт, маржанмен шоқтай етіп, алқалар салдырып қыз ұзататын байлар арнайы зергер кесте-тігіншілерді шақырып, бүтін бір жаз бойы осы сәукелені дайындатқызған» дей келе «Көргендер сәукеленің екі жағында түйе құмалағындай 4 маржан бар екен, 2 мың теңге болды, қалғанын мыңға бағалады десті» деп жазуында үлкен мән жатыр. Сондықтан, сәукелені жасау үшін қолданылған киіз, матаның құндылығы, көркемдігі мен асыл тастардың бағасы басқаларға келіншектің қай жердің, және дәулеті қандай елдің қызы екенін білдіретін болған. Қымбат сәукеле тігу арқылы барған жерінде қызының бай-қуатты жердің перзенті екенін білдіре отырып, көңілін ешкім қалдырмасын деп, алыстан болса да қорғау үшін жасалынған әрекеттің жемісі. Әрине, қымбат сәукелені тіктірудің бір себебі мақтангершілік екені де рас. Дегенмен, сәукеленің дайындатылуының ең бастапқы себебі «қызды құтты орнына қондырып, бақытты болуына» барынша ықпал етуге тырысу ниетінен пайда болғанында дау жоқ. Кеңес билігі кезінде бұл мәдени ғұрып саябырлап қалып тек театр сахнасы мен кинофильмдер түсіру үшін жасалынып отырды. Дегенмен, қазақ өнер иелері сәукелені еш ұмытқан емес. Белгілі қазақ суретшісі Гүлфайрус Ысмайыл режиссер Сұлтан Қожықұлы түсірген «Қыз Жібек» фильміне арнап сәукеле тігіп, сол үшін бір халықаралық сыйлық алғанын фильмнің басты кейіпкері Жібекті ойнаған Меруерт Өтекештің өз аузынан естідім. Бүгіндері тәуелсіз елімізде көптеп болып жатқан ұзату, үйлену тойларында көздің жауын алатындай әдемі сәукеле киіп үлкен қуаныштың сәні болып жүрген қыздарымызды көрген сайын қуанамын. Бұл үрдіс әлі-ақ сәукеле тігу өнері дамуының жаңа биіктіктерден көрініп қазақ өнерін әлем жұртшылығына паш ететінін дәлелдейді.[1]
Сурет 4.Белгілі суретші Гүлфайрус Ысмайылдың «Қыз Жібек»филіміне арнап тіккен сәукелесі
